740 млн адам кедейлік қамытынан құтқарылған
740 млн адам кедейлік қамытынан құтқарылған
5 жыл бұрын 3203 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайда 40 ыл ішінде 740 млн адам кедейлік қамытынан құтқарылған. Бұл әлемдегі кедейлер санына шаққанда 70%-ды құрайды. Аталған елде орташа есеппен алғанда кедейліктен жыл сайын 19 млн адам құтылады. Бұл жайында қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігі  Қытай халық республикасының мемлекеттік басқару органы келтірген дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Қытай биілі 2021 жылға дейін ел аумағында кедейлікті толық жоюды алдына міндет етіп қойды. Бұл аралықта ел билігі жоспарлап отырғандай, ең кедей отбасынан шыққан балалардың он жылдық білімді тегін алуына жағдай жасамақ. Алдағы үш жыл ішінде тағы 30 млн адамды кедейлік қамытынан құтқару міндеті тұр. Бұл бағытта атқарылып жатқан шаруалардың бір парасына кедей аудандардың инфрақұрылымын дамыту жатады. 

0 пікір
Мұрағат