67 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар бір күнде қайтыс болды
67 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар бір күнде қайтыс болды
9 жыл бұрын 4114

АҚШ-тың Калифорния штатында 67 жыл бойы бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты қариялар бір күнде қайтыс болды. Бұл жайында nur.kz сайты Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Флойд пен Вайлет Хартвиг есімді ерлі-зайыпты қариялар ақпан айының 11-і күні өз үйлерінде көз жұмып, дүниеден озған екен. Флойдтың жасы 90-да, ал әйелі Вайлеттің жасы 89-да – қайтыс болған уақыттарының айырмасы небәрі 5 сағат. Ұл-қыздарының айтуынша, қарияларды қайтыс болмастан бұрын өтініштері бойынша қос кереуетке қатар жатқызыпты. Нәтижесінде, екеуі қол ұстасып жатып үзіліп кеткен.

"Ата-анам бұл дүниеден бірге кеткісі келген. Олар нағыз бір-біріне жаралған адамдар тұғын, армандарына да жетті", - дейді қыздары Донна Скартон. Ерлі-зайыптылар жастайынан таныс болған. Екеуі де Калифорнияның орталығындағы ауылдық жерде өскен. 1947 жылдың тамызында ғашықтар үйленіп, дүниеге үш бала әкеліпті.

1 пікір
Мұрағат