450 жылда тек үш еуропалықтың табаны тиген «Көк шаһар» (ФОТО+ВИДЕО)
450 жылда тек үш еуропалықтың табаны тиген «Көк шаһар» (ФОТО+ВИДЕО)
9 жыл бұрын 4558

Марокка мемлекетінде орналасқан бұл қалаға соңғы 450 жыл ішінде тек үш еуропалықтың ғана табаны тиген. Ал, қаланың алғашқы іргетасы 1471-жылы құйылған көрінеді. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Алыстан теңіздей болып көз тартатын Шефшауен қаласын халық арасында «Көк шаһар» деп атайды. Бұл атаудың қаладағы барлық үйлердің қабырғалары мен қорғандары теңіз түстес көк етіп боялғандықтан қойылғаны айтпаса да түсінікті.

Тарихи деректер бойынша, қаланы  Андалузиядан келген испан мұсылмандары тұрғызған. Аспан түстес Андалузиясын сағынған олар өз үйлерінің сыртын көгілдір түспен боятын болған. Бұл олардың Отанына деген сағыныштары іспетті белгісі еді.

Сол замандары шаһарға діні өзге адамға кіруге тыйым салынып, бұзған адамды өлім жазасына кесетін болған. 1920-жылға дейін «Көк шаһарға» белгілі ағылшын жазушысы, саяхатшы Уолтер Харристың ғана жолы түскен. Алайда, жазушы қаладан әрең  қашып шығып, аман қалады. Өткен ғасырдың ортасынан бастап, шаһар есігі саяхатшылар үшін айқара ашылғанымен, келушілер қарасы сирек.

Жұмақ қаласы-Шефшауен

1 пікір
Мұрағат