43 жыл ер адамша киінген әйел
43 жыл ер адамша киінген әйел
9 жыл бұрын 3034

Отбасын асырау үшін 43 жыл бойы ер адамша киінген мысырлық әйел Луксор қаласы әкімдігінің «Мінсіз ана» сыйлығына ие болды. 64 жастағы Сиса Әбу Даух жас кезінде күйеуінен айырылып қалған болатын. Бұл кезде оның аяғы ауыр еді. Перзент сүйіп, қызды болғанымен жоқшылықпен бетпе-бет келеді, шығыс менталитентіне байланысты әйел адамның жұмыс таба қоюы да екіталай еді. Нартәуекелге бел буған ол ер адамша киініп, түрлі жұмыстарға жегіледі. Қызын асырап жеткізу үшін. Бірте-бірте ер адамның киіміне де бойы үйреніп кетеді. Осы жылдар аралығында ер адамның қолынан ғана келетін жұмыстың бәрін істеді десе де болады: кірпіш те тасыды, көшедегі жүргіншілердің аяқ киімін тазалады, өзге де қара жұмыстарға жегілді. Қызы бойжетіп, тұрмысқа шығады. Алайда, оның жұбайы ауырып, отбасын асырай алмайтын халге жетеді. Сиса Әбу Даух, амал жоқ, қызы мен немересін асырау үшін бұрынғыша киініп, жұмыс істеуіне тура келеді. «Мен кірпіш, цемент толтырылған қапты тасығанды немесе аяқ киім тазалағанды қолай көремін қайыр сұрағанша», - деді ол. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты.

1 пікір
Мұрағат