300 оқушы ұстаздары үшін шаштарын тақырлап алып тастады
300 оқушы ұстаздары үшін шаштарын тақырлап алып тастады
9 жыл бұрын 3415

Иранда ел астанасы – Тегеран қаласынан 300 шақырым қашық жатқан Хамедан елді-мекеніндегі аятолла Масуми атындағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 36 жастағы Мұхаммед Реза Гадеридің онкологиялық ісіктен емделгеннен кейін шашы түсіп қалған еді. Ұстаздарына қолдау білдіру үшін шәкірттері, дәлірегі, 300 мектеп оқушысы бір күннің ішінде шаштарын тақырлап алып тастады. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ауыр сырқатқа шалдыққан мұғалімнің әріптестерінің сөзіне қарағанда, бұрын велисопед тебудан чемпион атанған ол жалақысына жанындай жақсы көретін мектеп оқушылары үшін доп, велисопед, спорттық киімдер алып, қайырымдылығымен, мәрттігімен ерекшеленген екен. Аталмыш білім беру мекемесінің әкімшілігі де оқушылардың бұл игі бастамасын қолдаған көрінеді.

0 пікір
Мұрағат