25 млн бала соғыстың кесірінен мектепке бара алмай отыр
25 млн бала соғыстың кесірінен мектепке бара алмай отыр
7 жыл бұрын 2512 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша 6 жастан 15 жасқа дейінгі 25 млн-нан аса бала қарулы қақтығыстың кесірінен білім алу мүмкіндігінен айырылған. Қазіргі уақытта әлемнің 22 мемлекеті соғыстан зардап шегіп отыр. Бұл жайында балалар құқығын қорғайтын ЮНИСЕФ сарапшылары мәлім етті. Олар тұтас бір ұрпақтың білімсіз қалатынына алңдап, дабыл қақты. Білім алмаған бала ертең еліне, қоғамға, адамзаттың дамуына қалай үлес қоса алады? Аталмыш ұйымның дерегіне қарағанда, қарулы қақтығыс орын алған аймақтарда орташа есеппен алғанда балалардың 22%-ы мектепке бара алмай отыр. Кей елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайды жоғары. Мысалы, Оңтүстік Суданда балалардың 72 пайызы мектепке бармайды, ал Чадта 50%, Ауғанстанда 46% білім алу мүмкіндігінен айырылған. 

0 пікір
Мұрағат