2070 жылға қарай мұсылмандар мен христиандар саны теңеседі
2070 жылға қарай мұсылмандар мен христиандар саны теңеседі
2 жыл бұрын 891

Егер өсу қарқыны бәсеңсімесе, 2070 жылға қарай әлемдегі мұсылмандар саны христиандармен теңеседі. Бүгінгі таңда мұсылмандар қарасы адамзат санына шаққанда шамамен 32 пайызды құрайды екен. Бұл жайында «Интерфакс» ақпарат агенттігі америкалық  Pew Research Center ұйымы жүргізген зерттеу мәліметіне сілтеме жасай отырып, 

хабар таратты. Аталған жылдан кейін мұсылмандар қарасы біртіндеп христиандарды басып оза бастайды. Мәселен, 2010 жылы адамзаттың 35 пайызы мұсылман болады, ал бұл уақытта христиандар қарасы 34 пайызды құрайды. Бұл екі көрсеткіш те Африка тұрғындары есебінен артады. Өйткені, бұл құрлықта туу көрсеткіші жоғары, яғни, демографиялық дүмпу толастар емес. Аталған құрлықта екі діннің де өкілдері өмір сүреді. Зерттеушелердің есебі бойынша будда нанымындағылардың өсу қарқыны баяулайтын болады. Зерттеушілер әлем тұрғындарының 95 пайызын қамтыған, 175 елдің 2,5 мың санақ мәліметтерін, статистикалық деректерін және мәліметтер базасын салыстырып, сараптап шыққан. Сондай-ақ, ғалымдар зерттеу барысында туу  коэффициенті, діни сенімін ауыстыру секілді тағы басқа көптеген факторларды да саралаған.

0 пікір