2030 жылға қарай халал өнімдер мен қызмет көрсету нарығы 10 трлн долларға жетеді
2030 жылға қарай халал өнімдер мен қызмет көрсету нарығы 10 трлн долларға жетеді
9 жыл бұрын 3447

2030 жылға қарай әлем бойынша халал өнімдерді сатудан әрі қызмет көрсетуден түсетін табыстың мөлшері 9 есеге артып, 10 трлн долларға жетеді. Iinanews басылымының хабарына қарағанда бүгінгі таңда осы нарықтағы өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының өсу көрсеткіші жылына 500 млрд долларды құрайды. Халал брендіне тек тағам өнімдері ғана емес, сонымен қатар, шариғат талаптарына сай қызмет көрсететін банк секторы, косметикалық өнімдер, дәрі-дәрмек, яғни фармацевтикалық өнеркәсіп өнімдері, туризм сервисі, логистика жатады. Бүгінгі таңда халал өнімдер мен сервистер нарығындағы табыстың мөлшері 2 трлн долларға бағаланып отыр. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 6 трлнға жетеді. Халал нарығының қарқынды дамуына ең алдымен мұсылмандар қарасының көбеюі және осыған сәйкес ұсыныс пен сұраныстың артуы түрткі болып отыр. Әсіресе, халық тығыз шоғырланған Еуродақ елдерінде, Қытайда, Жапонияда және Үндістанда халал нарығы кеңінен қанат жайып келеді. Ал халал тағамдар айналымы 1,1 трлн доллардан асады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 2 трлн доллардан асатын болады. 

0 пікір
Мұрағат