2014 жылы Сирияда 76 мың адам қаза тапты
2014 жылы Сирияда 76 мың адам қаза тапты
2 жыл бұрын 516

Өткен жылы азаматтық соғыстан арты белгілі бір саяси мүдделерге байланысты әскери қақтығысқа ұласқан Сириядағы аласапыраннан шамамен 76 мың адам қаза тапқан. Бұл дерек  Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының есебі мен баяндамасында келтірілген. Аталмыш ұйымның өкілдерінің мәліметіне қарағанда, бұл статистикаға хабар-ошарсыз кетіп, із-түссіз жоғалғандар кірмеген. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Сириядағы азаматтық соғыстан 73 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын. 2011 жылы басталған қарулы қақтығыстан ұзын саны 200 мыңнан аса адам қаза тапқан.  

 

0 пікір