16 мамыр – Пайғамбарﷺ күні
16 мамыр – Пайғамбарﷺ күні
2 жыл бұрын 858

Әлемнің көптеген елдерін жайлаған ислам жайындағы жаңсақ ұғымға тойтарыс беру мақсатында Британиядағы Ислами білім беру және зерттеу академиясы мамыр айының 16-сын Пайғамбарлар падишасы (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) күні ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Бұл жайында  OnIslam.net  ақпарат көзі хабар таратты. «Пайғамбарды не үшін жақсы көресің?» деген атпен өтетін бұл тағылымды шараға Facebook әлеуметтік желісі арқылы әлем мұсылмандарын атсалысуға шақырды.  Дәлірегі, аталмыш әлеуметтік желідегі Mission Dawah парақшасында Ислами білім беру және зерттеу академиясының исі мұсылманды осы шараға атсалысуға шақырған үндеуі жарияланды. Осылайша, Екі әлем сардарын (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) танытуды, Ол (с.а.у.) жайында қалыптасқан жаңсақ ұғымдарға тойтарыс беруді көздейді. Сөз реті келгенде айта кету керек, осы академия өткен жылы Бразилияда өткен футболдан әлем чемпионатына өздерінің белсенді тобын аттандырып, талай адамның тура жолға түсуіне себепкер болды.

0 пікір