113 жыл бұрын сұлтан Әбдіхамит ІІ Палестинаны сионистерден қорғаған еді
113 жыл бұрын сұлтан Әбдіхамит ІІ Палестинаны сионистерден қорғаған еді
2 жыл бұрын 738

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт, дәлірегі, 113 жыл бұрын Османлы қағанатының сұлтаны Әбдіхамит ІІ Құдыста еврейлер университетін ашу туралы бастама көтерген сионистік қозғалыстың жетекшісі  Теодор Герцлдің осыған қатысты білдірген ұсынысын қабылдамай тастаған болатын. Сол жылы түрік әміршісі Палестина жеріне еврейлерді қоныстандыру мақсатында жер сатып алмақ болған Теодор Герцлдің бұл ұсынысын да құптағамаған еді. Есесіне түрік сұлтаны еврейлердің бұл ұсынысына қолдау білдірсе, Османлы қағанатының шетелден алған қарызын өз мойнына алатынына уәде берсе де олардың бұл ұсынысынан теріс айналған болатын. «Менің адамдарым осы жер үшін шайқасып, қанын төкті. Еврейлер ммиллиондарын қалтасына салып қойсын», - деп жауап қайтарған екен. Дәл сол Әбдіхамит билік құрған тұста, дәлірегі, 1901-1902 жылдары еврейлерге Палестинаға қоныс аударуға тыйым салынды. Еврейлер Палестинаға тек турист ретінде ғана бара алатын. Оның өзінде шекарада олардың төлқұжатын алып қоятын. Кері қайтқанда ғана төлқұжатын қоллдарына ұстататын. Османлы қағанаты әлсірегеннен кейін шекарашылар еврейлерден пара алуы жиілеп, олар заңсыз жолмен Палестинаға қоныстана бастады.

0 пікір