23.04.2014 2902 Ойтамшы
Тамақ

Қазіргі таңда Түрік елінде магистратурада оқып жүрген белгілі журналист Салтан Сайран бауырымыз бұдан бұлай порталымыз үшін арнайы танымдық мақалаларын жазып, Османлы жерінде көрген-білгендерін видео түрінде оқырмандарымызбен бөлісіп тұратын болады. Ол порталымызға "Тамақ" атты мағыналы мақаласын жолдапты. Онда Мәшһүр Жүсіп атамыздың:

«Адам мұны ойлап пікір қылу керек. Ұшқан құсты торға түсіретін, жүгірген аңды орға түсіретін тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі «Адаммын!» деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында болып кетті. «Ол жауы не?» – десеңіз, жұтқын тамақ! Жалғанда мазаққа, ақыретте азапқа түсіретін – тамақ. Тамақтан тартылған – бәрінен де халас болады» - деген терең пәлсапалы сөзін келтіріпті. Рас сөз, ойлы сөз.

Салтанның аталмыш мақаласы Алла қаласа порталымызда келесі апта жарық көрмек.

2 пікір
  • Ассалаумагалейкум Аға! осы мақалаға Бөлтірік шешеннің бір нақыл сөзі орынды деп ойладым

    Артық ішу тамақты,
    Ақылсыздан шыққан іс.
    Ақшасыз берсе анғарып,
    Қарыныңа өлшеп іш.
    ''Ауру болар түбінде,
    Артық ішкен асыңыз.
    Орта Құрсақ жүрсеңіз,
    Адам болар басыңыз.''
    Ашылып кетсе араның,
    Ауру түбі ас болар.
    Ақылы жетпей кейбіреу,
    Ақылдыға қас болар
    3 жыл бұрын
  • Ма ша Аллах!
    3 жыл бұрын