18.06.2016 32111 Ойтамшы
Сауд арабия ғалымдары жастарымызды неге шақырып жүр?!

Өткендегі шағын мақаламда сәләфилерді "байсалды" және "радикалды" етіп бөлудің қате екенін, жуас қасқырдың болмайтындығын айтқан болатынмын. Өздерін дінтанушы санап жүрген кейбір "замаскированный" сәләфиттерді қоспағанда, еліміздегі белгілі дін мамандарының да пікірі осы. Бүгін сіздерге сол сөзіме дәлел бола алатын бір ғана мысал келтіремін. Ал мұндай үкімдер өздерін байсалды санайтын сәләфиттердің барлық негізгі кітаптарында өріп жүр. Жарайды. Сөзді ұзатпай мысалға көшейін.

"Кісі отбасын намазға шақырса, бірақ олар оның сөзін тыңдамаған жағдайда, олармен бірге тұрып, араласып жүре береді ме, жоқ әлде үйді тастап кетеді ме? - деген сауалға бүгінгі өздерін "байсалды" сәләфитпіз деп жүргендердің басты идеологтарының біріне жататын, Сауд Арабиясы ғұламалар кеңесінің ғалымы Мұхаммад ибн Салих ибн Усаймин былай деп жауап береді: "Егер отбасы мүлдем намаз оқымаса, онда олар сөзсіз кәпірлер. Діннен безгендер. Ислам дінінен шыққан болып саналады. Мұндай жағдайда олармен бірге тұруға болмайды. Бірақ оларды дінге шақыру керек. Қайта-қайта, қоймай шақыру керек. Өйткені намазды тәрк қылған адам (Алла сақтасын) Құран, сүннет һәм сахабалардың сөзі негізінде кәпірге жатады", - деп жауап береді. Сондай-ақ, ол өзінің осы берген фәтуасын Құранның кейбір аяттары мен Алла елшісінің (с.а.у.) қайсыбір хадистерін және кейбір сахабалардың сөзін тура мағынасында тәпсірлей отырып негіздеуге тырысады. Ал  "намаз оқымаған кісі кәпір болмайды" деген басым көпшілік ғұламалардың берген фәтуасын түрлі жорамалдармен жоққа шығарғысы келеді. Ибн Усаймин аталмыш жауабының аяқ жағында: "Ал енді намаз оқымайтын адам кәпір болғандықтан,  оның үкімі діннен безгеннің үкіміне қосылады. Ешбір аят-хадистерде намаз оқымайтын адамның мұсылман екендігі немесе жұмаққа кіретіндігі, яки тозақ отынан құтылатындығы айтылмаған" - дей келе кәпір адамға қатысты: "Олармен үйленуге болмайды, олардың сойған малының етін жеуге болмайды, олар Меккеге және харам аумағына кіре алмайды, егер жақын туысқандарының бірі бақилық болатын болса, олардың дүние-мүлкіне мұрагер бола алмайды, тіпті намаз оқымайтын адам өлетін болса, оны жуып, кебіндемеуге және оған жаназа намазын оқуға, сондай-ақ, мұсылмандардың қабіріне жерлеуге болмайды. Ондай намаз оқымайтын адамды шөл далаға апарып шұңқыр қазып үстіндегі киімімен көме саламыз", - деп айды аспаннан бірақ шығарады. Ибн Усаймин аталмыш фәтуасын: "Уа, бауырларым! Мәселе өте қатерлі. Өкінішке орай кейбір кісілер бұл мәселеге жеңіл қарайды да намаз оқымайтындармен бір үйде тұрады. Бұлай жасауға болмайды", - деп жастарды қатаң ескертумен нүктелейді(Мұхаммад ибн Салих ибн Усаймин, Хукму Тәрикус-Салати, 3-7 беттер, "әл-Мәктәбут-таъауний лид-даъуати уал-иршад" баспасы, Рияд).

Жоғарыда да атап өткенімдей бұл жауап бүгінгі өздерін "байсалды сәләфилерміз", - деп жүргендердің басты идеологтарының бірі және Сауд арабия корольдігіндегі ғұламалар кеңесінің ғалымы Мұхаммад ибн Солих ибн Усайминнің "Хукму тәрикис-солаһ" атты кітабшасындағы өз жауабы, өз сөзі. Намаз оқымайтындарды кәпірге шығаратын фәтуаны Сауд арабиясының мүфтиі болған Абдул-Азиз Ибн Бәздан да, ғұламалар кеңесінің ғалымы Солих ибн Фаузан секілді "байсалды" сәләфилердің басқа да ғұламаларынан кездестіреміз.

Ал енді жастарымызды осындай ең радикалды бағытқа тәрбиелеп жатқан сәләфилік ағымы қалай ғана елімізде "байсалды" (қауіпсіз) саналып, кітаптары, аудио, видео уағыздарды ғаламторды өріп жүр?! Уағызшылары кез-келген жерде улы уағыздарын емін-еркін айтып жүр? Неге оларға тиым салынбайды?

Халқымыздың басым көпшілігін кәпірге шығарып, балаларын ата-анасы мен туысқандарынан, қоғамнан бездіретін байсалды сәләфилердің осы секілді көптеген фәтуалары еліміздің конституциясына да, ондағы "біреудің наным-сеніміне қарай кемсітуге болмайды" - деген бабына да қайшы!

Жарайды, оларды "радикалды" және "байсалдыға" бөліп,  бірін-біріне айдап салып, біріншісін екіншісіне өткіздік делік. Нәтижесінде қазір қару алып жүргендерін болашақта қару алатындардың қатарына қосқан боламыз. "Полуфабрикат"  жиһадистердің санын өсірген боламыз. Ата-анасын кәпір санайтындарды қолмен көбейткен боламыз.  Әдет-ғұрпыңды бидғатқа санап, бүкіл ұлттық құндылықтарыңды мәнсұқтайтындардың елімізді жайлап алуына жағдай жасаған боламыз. Ел бірлігіне сына қағып, іріткі салатындарға "жасасын!" дейміз. Басқа ештеңе емес!

Дәл осылай кете берсе, ертең сәләфилер елімізде массаға айналары сөзсіз. Ал массаға айналған соң оларды заңмен де, басқамен де тыя алмайсың. Өздерін "байсалды" санайтын сәләфилердің оңтайлы сәт туғанда партия құрып, билікке ұмтылғандарын да, 30 пайыздан аса дауыс жинайтындай үлкен күшке айналғанын да кешегі Мысыр жағдайында бәріміз куә болдық.

Сәләфизм бұл дінді түсіну формуласы. Буквализм формуласы. Ақыл-есті шектеу формуласы. Аят-хадистің астарына үңілу арқылы, діннің рухына, Құдайлық мақсатқа сай, адамзаттың пайдасына, заман мен қоғамның жағдайына қарай түсіну емес, тікелей тура мағынасында түсіну формуласы. Бұл формула бойынша дінді түсінген адамға басқаша ойлау тозаққа жетелейтін, діннен шығаратын әрекет болып көрінеді. Оның үстіне сәләфилікті уағыздайтындар шәкірттеріне: "Имамдарды тыңдамаңдар. Оларды тыңдаудың өзі күнә" деген екпелерін де мықтап егіп тастайды. Мешітте сәләфилерге уағыз айтқанымызда құлақтарына құлаққап киіп отырғандарына талай куә болғанбыз.

Ал енді осындай күйдегі адамдарды ағартушылық арқылы кері қайтару мүмкін бе? Әрине сәләфизм дертіне әлі терең бойламаған және еркін ойлай алатын бірен-саран азаматтарымыздың қайтуы мүмкін. Бірақ олар көп емес. 2011 жылдан бері елімізде қарқынды түрде сәләфиліктен қайтару жұмыстары, ағартушылық шаралары үздіксіз жүргізіліп келе жатыр. Ал нәтижесі қандай? Сәләфилердің саны одан бері көбеймесе, азайған жоқ. Олардың санын 15000 деп, кеше Дін істері агенттігінің басшысы да айтып өтті. Менімше бұл сан көзге көрінген келте балақты ер кісілері ғана. Ал қыздар мен әйелдер жағы ше? Өсіп келе жатқан балалары ше? Ал санасы уланса да өздерін жасырын ұстайтындары ше?

Сөздің тоқ етері сәләфизммен күрес екі бағытта жүргізілу тиіс. Біріншісі ағартушылық, екіншісі заңмен тыйым. Ағартушлық арқылы қалған жастарды аман алып қалып, олардың бойына сәләфизм вирусына қарсы иммунитет қалыптастырған боламыз. Ал тыйым сәләфизм вирусын басқаларға жұқтырмас үшін қажет. Сәләфилер өздерін қоғамда еркін сезінбеуі үшін, аяқтарының ұшымен жүруі үшін керек. Бірақ тыйымнан басқа мұсылмандар, асыл дініміз көрші елдегідей зардап шекпеуі ләзім!

21 пікір
  • BQ
    Оте жаксы айтылган пiкiр екен. Бирак, осыны еститин кулак, коретин коз, жузеге асыра алатын мамандар, уйымдастыра алатын басшылар кажет.
    2 жыл бұрын
  • BQ
    Кайрат ага, Сауд Арабиясында уахаббизм (салафия) багытындагы Ислам етек жайган жане мемлекеттеги билик пен диннин багыты осы багытты. Алайда, тусинбейтиним, бул елдер оздеринин баска мусылмандар туратын елдерге кауип тондирип жатканын тусинбейди ма жок алде барлыгы саясат па? Сонгысы болса, онда мусылман умбети ушин улкен кауип тондирип жаткан сиякты жане ол Жаратушынын алдында улкен куна сиякты маган? Ал, егер баска мусылмандар сиякты корип, оздеринин козкарастарын, дуние танымдарын озгелерге тыкпалап жатса, онда казиргилери де оздеринин ата-бабалары сиякты, Расулуллах с.а.у. айтпакшы, "жахилия" заманындагы коз-карастан али ажырамаган екен. Егер солай болып жатса, Жаратушы Адам бойына салган минез, омир суру дагдысы, дуниеге деген козкарас, калыптаскан сол когамдагы салт-дастур, адет гурып динге караганда, ана курлым коп роль ойнап, басшылыкка алынып жатыр деседе болатын сиякты.
    2 жыл бұрын
  • Барлық әлеуметтік желілерге, желі қарамайтындар үшін газет-журналдарда осы мақала кеңінен таралу керек. Әрбіріміз бұл жазбаны таратуды қолға алуымыз керек.
    Мен фейсбук желісін көп оқимын содан ұққаным көп адам осы теріс ағымға өтіп кеткен сияқты. Олардың маскировкасы мықты, бірақ арасында маскалары шешіліп жатыр. Әсіресе Ақтөбе оқиғасынан соң. Кешігіп қалмасақ жарар еді.
    2 жыл бұрын
    • BQ
      Дурыс айтасыз. Алдеде болса ел арасында ненин не екенине ман берип жургендер аз. Жастар болсада, улкендер болсада намаз окыганда колдарын осы багыттагы жамагаттын кол коюуы сиякты, ал окуы ханафи багыты сиякты. Осындай кисилердин бетин бери каратпаса, жагдай курдели.
      2 жыл бұрын
  • Құдай сақтасын қаншама туған туыстарымыз əлі намазды бастаған жоқ,бірақ бастауға ниеттері басым сонда олардың бəрін кəпір деп арамыздан алшақтатсақ бізге жаратқанның өзі риза болмас.Қайреке тұжырымды ойыңызға рахмет .əрбір иманды жандарымыз осындай мақалалардан кейін сабақ алады деп ойлаймын кəзіргі жастарымыздың көздері ашық ойлары тұнық қой
    2 жыл бұрын
  • Дұрыс айтасыз Қайрат аға! Бұларды заңмен тыймаса мəселе ушығайын деп тұр... кеше ғана ауылымнан осы бір нəрсені естідім: 1990жылғы болуы керек салафилік бағытты ұстанатын жігіт бар еді, жақында ол қанатын кең жайып намазды тастап қайта оқып жүрген бауырларымызды жинап өз жағына тартуда екен. əр нəрсеге ере беретін 2-3жігіт соның айтқанынан шықпайтын болыпты дейді... бұларды тек заң тоқтатпаса мəселе қиын. АЛЛАһ сақтасын!
    2 жыл бұрын
  • Осы мақаланы уатцап желісі арқылы таратып ем, бір группаласым мынадай пікір жазып жіберіпті: Нұрсәуле, бұл тақырыпқа пікір жазғаннан ғөрі, үндемегенің дұрыс-аууу)
    Өте ауыр тақырып қой)
    Қызық, Мұxаммедке ( салаЛаxу уа алайxи уа ссалямға) пайғамбарлық түскен мемлекеттің бүкіл ғалымдары ( тіпті мифтиін) адасқан деп фатуа жасауға қалай қорықпайды екен, Қайрат ағаң)
    Расында, ғалымдарға тіл тигізу аса ауыр, әрі олар пайғамбардың( с.а.с) мирасқорлары)

    Сөз соңында, олар ақида мәселесінде пайғамбардың, имамдардың ( Абу xанифаның) сенімінде) Ашари и Матуридилердің емес). Намаз оқымайтын адам -кафир дегенге ғалымдардың ортасында разногласия бар)" деп... Бұларға ақиқатты айтсаң да бір кемшілік табады... АЛЛАһ баршамызға сабыр берсін!
    2 жыл бұрын
  • Barliktarina salem. Kairat aganin makalasin unemi okip juremin. Sonda arabtardin ozi sondai bolsa janeden dinge bet burip kele jatkan mina biz syakti shet kandastar tusinu kyin boldi. Negizi oz basim kazakhstannin uagizdarin kop tindaimin oitkeni oz ana tilimde bolgandiktan. Baska eldikin tusinbeimin. Allah tagala bizdi duris joldan bolgizsin dep tileik..
    2 жыл бұрын
    • Ерғанат саған да салем, тукте киыны жок бауырым, Куранмен Хадистерде айтылған ғой ешбір араб араб еместен,араб еместин арабтан артықшылығы жоқ,-деп.Алланың алдында ең ардақтыларың такуаларың,яғни Алладан коркатындарын,-делінген.Мухаммед(С.А.С) тек арабка емес оның ишинде тек адамдарға емес, жындарға да жол көрсетуші кылып жиберилген.Куранда айтылады:Мухаммед биз сени алемдерге рахмет етип кана жібердік,-деп, сондықтан Алла беріп тұрғанда озимиздин елимиздин имамдарын тыңдай бер,Кайрат ағаны коп тыңда, орысша билсен жаксы тусинсен Москвадағы мешит имамы Шамиль Аляутдинов мырза бауырымызды коп тында, сайты umma.ru, сонда адаспайсын иншаАлла, сен сияқты жана Исламдық тарбиеге бет бурган бауырларыма айтар кенесим осындай.Алла баримизге тура жолда болуымызды насип етсин.
      2 жыл бұрын
    • Ереке тыңдаңызшы "Сонда Арабтардың өзі сондай болса, мына біз сияқты енді дінге бет бұрып келе жатқан шет қандастар қалай болмақ" деген сөзіңіз Ислам дініне қазақтардан гөрі арабтар жақын дегенге келіп тұр. Араптар ғана оригинал дінді ұстайды, қалғандары арабтардан кейін деп ойлайды екенсіз. ОЙЫҢЫЗ ӨТЕ САУАТСЫЗ. КЕМ БАҒАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ЕКЕН. Құранда Алла Маған ең жақындарың түрлерің әдемі, бойларың ұзын сұлуларың деген жоқ тақуаларың деген жоқпа. Мекке қаласында тұрып 20 км жерде қағбаға тауап етпеген арабтарда жүрғой. Сол арабтар Қазақтардан артық болғаныма? Өзңізді кейбір жабайы арабтардан кем қоя беріңіз бірақ жалпы ҚАЗАҚ ұлтынан "біз сияқты дінге жаңадан келген" деп жалпылай жазбайақ қойыңыз. Мықты болса, дінді бізден тәуір ұстаса, халифат құрғылар келсе діні мен тілі бір 22 араб мемлекеті неге бір тұтас болып біріге салмайды. Олар қан мен кикілжіңге құмар, бір тұтастықты ұстай алмайтын халық. Арабтарды сырттан жауластырып отыр деген құр далбаса. Тарихына үңілсең Али, Хусейінді тағы басқа ислам дінінің ардақтыларын өлтіріп түрлі топтарға саяси партияға бөлектеніп кеткен жоқпа. Осындай халықты неге Қазақтардан артық көріп отырсыз. Дінді керемет ұстаса неге Сириядағы діні мен тілі бір бауырларына жәрдемдеспейді. Саудиядан гөрі оларға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Түркия қатты жәрдемдесіп отыр.
      2 жыл бұрын
  • Шынымен осы жазбаңыз бүкіл БАҚ беттеріне, əлеуметтік желілерге КӨПТЕП таратылса екен Қайрат аға.
    2 жыл бұрын
  • Barliktarina Alistan salem. Janede kenes bergenderinizgede kop rahmet. Kazakhtin imamdarin tyndap jursek bolatin shigar men ushin. Ya turki tektes khaliktari mykhti ejelden dindi jaksi ustangan oni barimiz jaksi bilemiz. Bizde sizder syakti 70 jil kommunistik phylosophyasinda boldik. 90 jili gana demokratya kelgende gana auilga 1-2 meshit salinip degen syakti. Sondiktan Oi bolisip pikir jazip kenes bergenderinizge rakhmet.
    2 жыл бұрын
    • BQ
      Ерканат бауырым, Марат Кайратулы бауырым, Алла Разы болсын оте керемет, менин жеткизе алмай журген ойымды жазыпты. Сонгы жазбанызда кайтадан дин, Ислам Казакстандагы тек кана 90 жылдары келген сиякты етип жазыпсыз. ИнШаАлла, казак жерине Ислам сонау 9-10 гасырларда кателеспесем келип жеткен. Одан кейин осы жердин барин билеген хан-султандар елди, жерди Шаригатпен баскарган. Сондыктанда, кейбир бауырлар сиякты Казакстанга Таухид Тауелсиздик жылдары келди дегени дурыс емес. Кенес Одагы кезинде де иштей болсада Алласын умытпаган кисилер, жасырын ораза устап, намаз окыган кисилер болган. Кейде, осындай неше турли багыттагы исламнын атын жамылып, айтеуир, бир Алла биледи ойларында не бар екен, таласып-тартысып, бир-бирин каралап жургендерден, сол Советтин уакытында жасырын болсада, камыс, жугеринин арасында тыгылып кирип намаз окып журген азаматтардын кулшылыгы бугингилерге караганда алде кайда артык па деп каламын. Кайрат ага, Марат бауырым Алла Разы болсын Сиздерге, казактын тыныштыгын, ауыз бирлигин ойлап журген Сиздерге. Мумкин болса, осы кейбир айдаладагы биреудин тансыгын ансап журген бауырларга, озимиздин артык болмасак кем жаратылмаган миллет, халык екенимизди тусиндирип койсаныздар, нур устине нур болар еди.
      2 жыл бұрын
  • BQ
    Биз ешкимнен артык болмасак кем емеспиз. Бизди Казак етип жараткан бир Алла. Сансыз мадактар болсын! Егер, сол халыктар сондай такуа, диндар, Пайгамбар с.а.у. корсетип кеткендей омир суретин болса, неге Ютюбта акша шашып, куанышта кару атып, биреулер ушин Арман болып журген су Жана кымбат коликтердин талканын шыгарып журген арекеттери ешбир такуа, мусылманнын исине отыз кайнаса сорпасы косылмайды. Небир Африка елдеринде Куранга зар болып, сурелерди, аяттарды тактайга колмен жазып алып соны жаттап журген жуздеген, мындаган хафиздардын жагдайын жасап, мектеп-медресе салып бермейди ма? Соз сонында Пайгамбардын с.а.у. Билялды коргап турып, сендерде жахилянын белгилери али болсада сакталыпты деген сози ойымнан кетпейди. Арабтарда ондай белгилер бар, олар бизге улги емес.
    2 жыл бұрын
  • Sizderge Allah razi bolsin kop kenes bergenderinizge. Kairat aganin osi makalasinan oz basim biraz tusinbei jurgen islamnin keibir maselelerdi tusindim. Kairat aga syakti kazakhtin din gulamalari kobeye bersin dep tileik agayin.
    2 жыл бұрын
  • Бұл мәселе жиі айтылуы тиіс. Жаяудың шаңы шықпас.
    2 жыл бұрын
  • Жәннаттың кілті – "Лә иләһә ил Алла, Мұхаммадур-расул Алла"; намаз – құлшылықтың төресі; ата-анаға, туған-туысқа қиянат жасау – жәннаттан мақұрым қалу.
    2 жыл бұрын
  • Ағамыз атап кетті қыздар мен әйелдер жағы деп. Киім киістері Ханафи, сөздері қазақи, ақидасы "сәләфи" қаншама қыз- келіншектерді білемін. Өздерін жасырын ұстайтыны соншалық, көпшілік орында бірін бірі танымайтын адамдар болып жүреді. Ұстаздарының үйлеріне сабаққа жасырын барғандары соншалық, өздерін "Дәрул Әркамның" үйіне келгендей сезінеді. Айта берсең, құпиялары көп. Олардың біразы Алматы қаласының ірі мешітінде қыздарға ұстаздық етіп, сабақ беріп жүр. Ал басым көпшілігі ешқандай діни білімін растайтын құжатсыз, ауылдық жерлердің мешітінде өз идеологиясын тықпалауда. Аттарын атап, түстерін түстемей- ақ қояйын. Мен күрестім. Өзімнің құрбыларымды олар құрған тұзақтан Алланың қалауымен аман алып қалдық. Жалғыздың шаңы шықпас деген рас, олармен күресті шындап қолға алудың уақыты жеткен сыңайлы. Әйтпесе, қазақи қалып, ділімізден ақыр соңы дінімізден айрылып тынармыз....
    2 жыл бұрын
  • Неге сиз сиякты мамандарды коймайды басшылык кызметке ен болмаганда солармен курес агентигине антитеррор агентигинин жигиттери элементарный заттарды билмейди Ерсин Амире жаксы куресип жур десек ол ким дейди тагы биреу шыкканба Дилмурат сиякты деп кояды енди ары карай салафилермен курес туралы айту артык шыгар
    2 жыл бұрын
  • https://www.nur.kz/1212125-nazarbaev-proverim-shkoly-kotorye-t.html
    2 жыл бұрын