06.06.2016 17825 Ойтамшы
Жуас қасқыр бола ма? Немесе момақан сәләфизм!

Ақтөбеде орын алған террорлық акт кезінде содырлардың қолынан қаза болған азаматтарымыздың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Мәселе өте күрделі. Діни ахуал асқынып тұр.  

Сәләфизмді тек ағартушылық жолмен жою мүмкін емес. Мен бұл ойымды талай рет БАҚ беттерінде де, еліміздегі осы саладағы жауапты мекеме басшыларына да ашық айтқан болатынмын. Егер тек ағартушылық жолмен жою мүмкін болғанда небір аты әйгілі ғұламаларға толы Мысырда сәләфизм деген мүлдем болмас еді.

Сасық су ағып тұрған кранның аузын жаппастан, тек айналасына толып, тасыған суды ғана сүртіп алумен мәселе шешіледі ме? Әрине жоқ! Ендеше, бүгін біздің жасап жүрген тірлік осыған ұқсайды. Ғаламтор беттері сәләфизм мен экстермизм үгітіне толып тұр. Электронды әдебиеттері, аудио, видео уағыздары өріп жүр. Тіпті сәләфизмді насихаттайтын "кz" доменімен тіркелген сайттар әлі күнге дейін кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Ғаламтор бақылауда екені сөзсіз. Әлеуметтік желідегі пікір иелерін анықтау технология дамыған мына заманда қиын емес. Олай болса, сәләфизмді, радикализмді, экстремизді таратып отырғандарды неге анықтап, құрықтамайды? Неліктен оларға көлденең тосқауыл қойылмайды? Неліктен оларға қаржылай демеу беріп отырған кәсіпкерлер жөнге келтірілмейді? Мәселе түсінікті! Өйткені сәләфизм біздің елде заңмен тыйым салынбаған ағым. Тіпті, бізде сәләфизмді "қалыпты", "радикалды" сәләфизм деп екіге бөліп қарастырып отыр. Қалыптыларымен радикалын жөнге келтіреміз деп, "қалыптыларына" еркіндік берілді. Нәтижесінде "қалыптыларының" саны күннен күнге артып отыр. Жалпы сәләфизмді бұлай екіге бөлу қате. "Қалыпты" деген сөз "бұлардан еш қауіп-қатер жоқ" дегенге саяды. Ал барлық сәләфилік ағымдарының қай-қайсының болмасын шейхтары, негізгі діни көзқарастары, оқитын әдебиеттері бірдей. Барлығы Шәкәріміңді шатасты, Абайыңды адасты дейді. Мәулітіңді бидғат, домбыраңды харам, Наурызыңды ширк дейді. Тарихыңа түкіреді, әдет-ғұрыпыңа пысқармайды. Ал осындай ұстанымдағы сәләфизм қалай ғана "қалыпты" саналып, елімізде тайраңдап жүр? Бүгінгі радикалдары кеше қалыптылардың сабында болғанын ұмытпауымыз керек. Радикалдарын уағыз арқылы "қалыптылардың" қатарына өткіземіз дейді "қалыпты" сәләфизмді ақтап алатын базбіреулер. Радикалдың "қалыптыға" айналу мүмкіншілігі бар болса, "қалыптының" да радикалға айналуы да сондай ықтимал. Бұлардың негізгі көзқарастарында анау айтарлықтай айырмашылықтың жоқтығын жоғарыда айттық. Айырмашылық тек сәләфизм идеологиясын жаюдағы тәсілдерінде ғана. Біреуі "революция" десе, екіншісі "эволюция" дейді. Қайсысы қауіпті? Қайсысы нәтижелі?! Жуас қасқыр болмайды!

Бүгінде жауапты мекемелер жоғары жаққа жыл сайын пәленше жүз адам сәләфизмнен бас тартты деп жалған есеп беруде. Бұл тиісті орындарды "ағартушылық арқылы сәләфизмді толықтай жоюға болады" деген қате тұжырымға итермелейтін әрекет. "Менің басшылық кезімде тыныш болсын, ертең не болса, о болсын" деген өзімшіл көзбояушылықтың көрінісі.

Жалпы сәләфизммен күрес екі бағытта қатар  жүргізілуі тиіс. Біріншісі заңмен тыйым салу. Оның тетіктері бар. Тек бас қатыру керек. Екіншісі ағартушылық. Қазір бұл бағытта жақсы жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ жеткіліксіз. Өйткені жоспар жоқ. Қаржы тапшы. Сондықтан ең әуелі қаржы көзі қарастырылып, сосын ғылыми орталық, арнайы иститут құрылып, сол жерге шетелдік және жергілікті білікті мамандарды шоғырландыру ләзім. Сәләфизм мен тәкфиризм идеологисына, олардың барлық уәждеріне қарсы жалпылама емес, ғылыми тұрғыда, жоспарлы түрде, жеке-жеке дәйекті жауап беру керек. Кітап, брошюра, видео, аудио материалдар дайындалуы қажет. Тіпті мемлекет тарапынан арнайы көркем фильмдер түсірілуі тиіс. Еліміздегі медресе, университет шәкірттеріне арнайы бағдарлама түзілуі керек. Тағысын тағы...

Тәжікстан, Өзбекстан секілді біз де түбінде заңға жүгінеміз. Тек ол кезде кеш болып жүрмесе...

25 пікір
  • Жуас қасқыр болмайды! Момақан сәләфизмді де көріп жүргеніміз жоқ!
    2 жыл бұрын
  • Өте дұрыс айтасыз аға! Қазір өздерін Ханафимiз дейтін, бірақ, Салафилiктi құптап, оны жасырын насихаттайтын адамдар да бой көтеріп жүр. Бiр ауылдас жiгiтке насихат айтып, қолына "Дiн мен Дiлдiн" бiрнешеуiн ұстатып жибердiм. Түсіндім деп кеткен жiгiт бiр айдан соң кездескенде баяғы әуенiне басып жургенiн көріп таңқалдым. Сiз айтқандай еркiн насихаттарына арбалып кетiп жатқандар көп...
    2 жыл бұрын
  • Неге ханафи мазхабындағылар сәлафизмге өтіп кетуі оңай, ал салафиліктердің ханафиге өтуі қиын... Соншалықты әлсіз болғанымыз ба?
    2 жыл бұрын
  • Жөн Сөз!
    2 жыл бұрын
  • Ханафилер өтпейді. Ханафиліктің не екенін дұрыс білмейтіндер кетеді
    2 жыл бұрын
    • Аға,менің некеге қатысты жеке басымның проблемасы мен үшін оңай болмай тұр.Сізге айтсам деп едім,сізбен қалай хабарласуға болады немесе хат арқылы қай адресіңізге жазсам болады?Аға,бұл-мен үшін маңызды әрі тығыз шаруа еді...
      2 жыл бұрын
    • Ассалаумағалейкүм Қайрат Жолдыбайұлы аға! Мен сізді Алла разылығы үшін қатты жақсы көрем. Ең бірінші Алла тағала хидаят беріп, екінші сіздің арқаңызда иманға келдім десем артық айтпаймын. Сіздің барлық видео, уағыздарыңызды көру, кітаптарыңызды оқу Аллаға деген, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) деген махаббатыма, иманыма жол ашты. Мінезіме өте жақсы əсер етті. Ойымда жүрген сан-сауалдың түйіні ақырындап шешілді. Осы сайтта жазған барлық жазбаларыңызды оқыдым, оқи бергім келеді. Сізді танып білгеніме, сізді жақсы көргеніме Аллаға сансыз мақтаулар айтам. Біздің елімізде Сіздің болғаныңызға Алла Тағалама сансыз шүкірлер болсын. Отбасыңызға есен-амандық, бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағалам сізге екі дүниеде де разы болғай! Оразаңыз қабыл болсын аға!
      2 жыл бұрын
  • Салафиттер кай аталарынды олтирди ??? Тусине алар емеспин ! Неге соншалыкты жаусындар оларга ? Одан баска жумыс жоктай! Актобедегилердин салафизмге катысы жок екенине соз берем!!! И вообще динге катысы жок !!!
    2 жыл бұрын
  • Жағдай қыйын болып тұр ғой,барша мұсылмандарға бір жағадан бас, бір жеңнен кол шығарып ата бабаларымыздың ұстанған дінімен жүріп ,еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосуымыз керек.....Үстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
    2 жыл бұрын
  • Терроризммен күреске миллиардтаған қаржы бөліп еді ғой, соны дұрыс пайдаланса. Әйтпесе діни конференциядан көп нәрсе өтіп жатқан жоқ сияқты
    2 жыл бұрын
  • BQ
    Салафизмди тандайтындардын кобиси, оскен уйинде, ортасында, ата-ана, бауыр, Туган туысканда дин мен салт-дастур, жалпы дин туралы мулдем тусиник ортада оскендер шыгады. Ягни, былайша айтканда, негизги фундамент жок, вакуум болган жерде жаксы осип-онеди. Кайрат ага, ойынызды бул жонинде О салафизмди мен бул салафи, адаскандар т.б. туралы уагыздарынызда айткансыз. Бул фитнамен, мемлекет, когам болып куреспесек, жагдай шынымен де оте курдели. Сосын, халыктын арасындагы дини билимнин жагдайы сан турли. Биреу, ИнШаАлла, Хакты дурыс танып амал етсе, ал екинши бири намаз Оки Тура, аруак-аулие деп жур. Ал ушиншилерге диннин "д" арипи де бармаган. Осы екинши жане ушинши топтагылар салафиянын нагыз "клиенттери" болып кету кауипи куштирек.
    2 жыл бұрын
  • Жетеріне жеткізіп жазыпсыз. Енді осыны тыңдайтын үкімет болса.
    2 жыл бұрын
  • Дұрыс айтады. Қасқырдың ет жейтіні, жемейтіні болмайды ғой. Сол сияқты сәләфизмді "қалыпты", "радикалды" деп бөлу өте қате пікір.
    2 жыл бұрын
  • ҚАЙРАТТЫ ТОЛЫҚ ҚОЛДАЙМЫН. ЯССАУИ БАБАМЫЗДЫ СОПЫ ДЕП, АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМДІ ДІННЕН АЛЫС АҚЫНДАР ДЕП ЖҮРГЕНДЕР АРАМЫЗДА КӨБЕЙІП БАРАДЫ. ТІПТІ, НАМАЗДА ИМАНҒА ҰЙЫП, ТАСПИХ ПЕН ДҰҒАДА ОРЫНДАРЫНАН ТҰРЫП КЕТЕТІНДЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: ИМАМДЫ АЛЛА МЕН ЕКІ ОРТАҒА ДЕЛДАЛ ҚЫЛМА! ӨЗІҢ ДҰҒА ЕТ! ӨЗІҢ СҰРА! БИДҒАТ ЖАСАМА ДЕУІНЕН АҢҒАРЫЛАДЫ. "АУРУЫН ЖАСЫРҒАН ӨЛЕДІ" ДЕМЕКШІ, СОҢҒЫ УАҚЫТТАРЫ ШОЛАҚ БАЛАҚТАР ТЫМ КӨБЕЙІП КЕТТІ. КҮН САЙЫН КӨБЕЙІП БАРАДЫ. АЛЛА АРТЫНЫҢ ҚАЙЫРЫН БЕРСІН!
    2 жыл бұрын
  • Осы адамдар не ушин Омир Сурип жур? Биреуди олтируди , баска дiнге кiрiП оз озiН далелдегеннен корi Гылыми жаналык ашсын , бiлiМ алсын , оз омiрлерiН жондемейма .Казахстанды алемге танытсын. Таза ислам Дини турганда баска агымдарды колдап не болды. 5-6 тiЛ уйренсин. Аткаратын жумыстар коп кой . Оз озмизди жогалтатындай не кун туды екен ? Коркынышты .
    2 жыл бұрын
  • Кайрат ага абай болынызшы , откир макалаларды коп жазасыз. Алла аркашан сизди колдасын.
    2 жыл бұрын
  • 6-сыныптан отбасымен намаз оқитын құрбым бар еді. діни білімі де жақсы болатын. қазір жасы 23-те тұрмыс құрған.. студент кезімнен бастап ол қыз үнемі Арман Қуанышбаев ағамыздың уағыздарын жақсы көріп тыңдайтынын бізге насихат ететін... былтыр тұрмыс құрып еді.. биыл діни басқарма тыйған кісілердің уағызын тыңдап солармен амал ететінін айтты... мен Арман ұстаз ше,? сен оны жақсы көріп тыңдаушы едің ғой десем, оның бəрі қалды ғой.. біз көп нəрсені білмейді екенбіз деп өзінің бағытын насихаттап кетті. сөйтсем жары сол сəлекеңдердің бағытында екен.. амал жоқ жақын құрбымнан дін мəселесі жөнінде айырылғанымды біліп, қатты қиналдым.... АЛЛАһым баршамызды тура жолдан тайдырмасыншы деп əрдайым дұға етемін.....
    2 жыл бұрын
  • Алла разы болсын. Я қазір қолға алмаса кейін кеш болуы мүмкін. Ертең Сирияның жағдайы бізге келмесіне кім кепіл? Алла Тағала елімізге тыныштық, халқымызға ашық аспан мамыражай тіршілікті нәсіп етсін. Алла Тағала халқымызды адасқан ағымдардан сақтасын.
    2 жыл бұрын
  • Сәләфизмді насихаттайтын "кz" доменімен тіркелген сайттарды неге мемлекет тоқтатпайды? кандай кедергілер бар? немесе еліміздің Зайырлы болуынан шарасыз калғандықтанба?
    2 жыл бұрын
  • Алла сізге разы болсын Аға!!!!Денсаулығыңыз мықты болсын!!!!
    2 жыл бұрын
  • Қайрат аға осы Сайрам ауданында салафизм ағымын ұстанатындар көбеюде.... мен сол үшін қатты алаңдаймын... Діни басқарма алдын алмаса Ақтөбедегідей қиындап кетеме деп қорқамын....
    2 жыл бұрын
    • BQ
      Осы багыттагы агымнын Казакстандагы "кураторлары" озбек, тажик ултынын окилдери. Егер байкап карасаныз осы багытты устанатындар дин туралы хабары жок немесе белгили бир мудделер ушин (акша, лауазым т.б.) максаттарды коздейди.
      2 жыл бұрын