18.12.2014 10397 Ойтамшы
Есек ақырса...

Баяғы өткен заманда бір даукеш те, бәлеқор адам қала әкіміне мешіт имамының халықты шатастырып, адастырып жатқанын айтып, шағым түсіріпті. "Мешіт имамы қандай ісімен, нендей сөзімен халықты адастырып жатыр?"- депті имамды жақсы танитын әкім таң қалған күйде. Әлгі бәлеқор адам: "Ойбай әкім мырза, айтпаңыз, имам мешіт жамағатын жиып алып, "Есек ақырса, кісінің дәреті бұзылады" - деп ешбір кітапта жоқ Құранға қайшы фәтуа берді. Сенбесеңіз сол жердегі жамағаттан сұраңыз" - депті саспастан. Әкім мәселенің анық-қанығын білу үшін әлгі мешіт имамын құзырына шақыртып алып: "Мына адам сені халықты шатастырып жүр, "Есек ақырса кісінің дәреті бұзылады" - деп фәтуа берді дейді. Осы айтқаның рас па?" - дейді. Имам: Олай дегенім рас, әрі ол дұрыс фәтуа! Бірақ мына кісі мешіттегі дәрісіме кешігіп келді. Сосын сөзімді аяғына дейін тыңдамай ерте кетіп қалды. Сөзімнің басын да, аяғын да толық тыңдамай тек ортасын ғана шалыс естігендіктен қателесіп отыр. Мен  дәретке  қатысты бір мәселені халыққа түсіндірген едім. Мәселенің бас-аяғы былай: "Бір кісі есегіне дәрет алатын суын артып,шөл далаға сапарға шықса, сосын жол ортасында әлгі есегі дәрет суымен бірге қашып кеткен жағдайда, су болмағандықтан намазын тәйаммүм алып оқиды. Егер намазға тұрған кезде, есегінің ақырғанын естісе, онда әлгі кісінің дәреті бұзылады. Өйткені есегінің ақырғаны, қайтып айналып келгендігінің белгісі. Ендеше, су табылғанда, тәйаммүммен алынған дәрет жарамсыз" - деген едім. Мына адам жамағат ортасында үнемі осылай бәле іздеп жүреді. Менің сөзімнің ортасын ғана қиып алып, сізге қисық жеткізіп отыр" - дейді. Имам сөзінің дұрыс екеніне көзі жеткен әкім әлгі бәлеқор адамның өзіне жаза қолданыпты.

Бұл хикаяны не үшін айтып отырмын? Қазіргі қоғамда да осындай шалағайлар жеткілікті. Менің өткен апта осы айдарда жарық көрген "Исматулла" атты қысқаша жазбамды базыбіреулер аяғына дейін оқымастан, бірден өре түрегеліп, фейсбук ауылында: "Қайрат Жолдыбайұлы зікіршілердің сотты болған көшбасшысы Исматулла Мақсұмды мақтап жазыпты" - деген сыңайда пікір білдіріп, бүлікті тастап жіберіпті. Ол ол ма? Бүгін Алматыдан бір жолдасым келген еді. Бұдан да сорақысын сол жолдасым айтып берді. Айтуынша теріс ағымдағы бір танысы: "Қайрат Жолдыбайұлы өз сайтында зікірші Исматулланы мақтап жазыпты. Ол деген сөз мемлекетке қарсы шығу емес пе? - деп салыпты. Ал керек болса! Жолдасымның айтуына қарағанда бұл гу-гу әңгіме әлгі ағым  өкілдерінің арасында "хит" болып тұр екен. Күлесің бе, жылайсың ба?

Менің қысқа ғана жазбамды аяғына дейін толық оқығанда, әңгімеме арқау болған Исматулла атты танысымның Исматулла Мақсымға ешқандай қатысының жоқ екендігін оп-оңай түсінер еді ғой. Жоқ әлде, Қазақстанда "Исматулла" деген ат жалғыз ба? Неге екені белгісіз, теріс ағымның кейбір өкілдері менің әр жазғанымнан бәле іздеп, теріс түсінуге бейім тұрады. Тіпті мемлекетке қарсы бүлікшіл адам жасауға асығады да жүреді. Оларға айтарым: "Есек ақырса, кісінің дәреті бұзылмайды!"

 Жұмаларыңыз мүбәрак болғай!

 

 

16 пікір
  • Машалла! Алла сізден разы болсын Қайрат аға! өзіңіздің осындай терең мағыналы қысқа да нұсқа ойларыңызды сарыға күтеміз, күніне бір мәрте сіздің бағаныңызды қарап отырамын. Өзіңіздей ағаларымыз аман болсын! Алла сізге халқыңызға қызмет ету үшін күш қуат берсін!
    2 жыл бұрын
  • Керемет! аға аман болыңыз. Алла жар болсын!
    2 жыл бұрын
  • Әумин жұма мұбарак болсын.Жалпы тырнақ астынан кір іздегенше,бағаныда жазылғанды бастан аяқ толық оқыған адамға бәрі түсінікті етіп жазылғанғой.
    2 жыл бұрын
  • МашАллаһ.. жөн сөз
    2 жыл бұрын
  • Сізге Алладан күшті сабыр тілеймін.
    2 жыл бұрын
  • ма шаа Алла!!! ))))
    2 жыл бұрын
  • Е, осындай болатынын ішім сезіп еді. Әйтеуір, кеше ғана, 5-6 жыл бұрын дін түгілі, оның исі мұрнына бармайтын тала-а-ай жігіттер бұл күні өзіңе кәдімгідей әңгіме айтады. Жарайды, жөн шығар, намаз оқы, т.б. деп. Бірақ, ісі мен айтқан сөзі әртүрлі адамның соңынан кім ереді? Амал ету керек, ширк, фитна т.б. осындай сөздерді негіз етіп алып алған ағымдағы жігіттер кішкене ойланып, сөздің төркініне, бұл кісі бұл сөзімен не деді деп үңілудің орнына, зып етіп анау былай деді, мынау анандай деді, деп нағыз Аллаһ Тағала тыйым салған өсекшінің кері емей немене бұл? Жігіттер біреуге кір жақпай, Исламның келбетіне кір келтірмей, керісінше әдемі, көркем мұсылман болайық, ағайын! Қайрат аға, Аллаһ Тағала қызметіңізге разы болсын!
    Ал, кейбір "жат ағымдағы" жігіттерге мына мекен-жайдағы Ерсін Әміренің қысқаша ролигін көріңіздер, аяғына дейін!!! Әйтпесе, ә дегеннен жыны бар адам сияқты, ширк, фитнә, ақидасы дұрыс емес т.б. деп жаттанды сөздерді айтатын ағайындардың құлағына алтын сырға! http://muslim.kz/kk/media/954-ersin-amire-%5Bvideo%5D-jat-agymnyn-sipaty.html
    2 жыл бұрын
  • Kayrat aga atamiz qazaq "It uredi keruen koshedi " demey me !! Olardin kazir kuati tausilgason adamnin artinan zhala+gaybat zhiberu gana kalgan...
    Allahim ol bauirlarimizga taubege keluin nasip et! Elimizdi buliksh lerdin buliginen sakta....
    2 жыл бұрын
  • алла оларды тура жолга салсын
    2 жыл бұрын
  • Бұл негізі имамдарға да сын. Өкінішке орай "... Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар" (16:43) (21:7) деген аяттың тек жартысын алып өздерін "білім иелеріміз" деп жүрген молдалар да бар. Осыған не дейсіздер?
    2 жыл бұрын
  • Біздің қазақтың қанға сіңген қасиеті ғой.
    2 жыл бұрын
  • Аркасы бар адам деген не магынаны билдиреди?
    2 жыл бұрын
    • Арқасы бар адам,менын ойымша ашуланса өзін ұстай алмайтын қызбасы бар адам деп ойлаймын! менын ойым осы ақиқатын былетын адам болса толықтырсын!!
      2 жыл бұрын
  • Сөзіңізге келісемін. Мені де бір әпкем анама "қызың намаз оқығалы бері біртүрлі әңгімелер айтатын болыпты, ондай нәрселер айта бермесін да",-дегендері жаныма аяздай батты. Айтқандарым біртүрлі әңгіме емес, Алланың сөздері мен Пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистері екенін түсінсе екен.
    2 жыл бұрын
  • Әмин,жұрт не демейді...Қайреке жүрегіңізге сеніңіз
    11 ай бұрын