22.08.2014 5979 Ойтамшы
Иттің баласы...

Алматы мен Астана көшелерінде түрлі-түсті "сүйкімді" ит жетектегендер көбейіп барады. Бірде көршімді лифтіде итімен көріп қалдым. Итін балаша аймалап, аялап шөлпілдетіп сүйіп тұр. Батыстағы ит асырау "модасы" бізде де кеңінен белең ала бастаған екен-ау дедім.

Бір ғана Германияда 8 200 000 мысық, 6 000 000-нан аса ит тіркелген екен. Олардың әрқайсысының жеке бастарының арнайы құжаттары мен паспорттары бар. Олар толықтай заңмен қорғалған. Германияда тек қана иттердің өзіне жылына 6 миллиард евро жұмсалады екен. Бұған қоса қалалардан жүз мыңдаған тонна ит-мысықтың боқ-сідігін шығару үшін қала әкімдігінен миллиондаған қаржы бөлінетіні тағы бар. Сосын қай азық-түлік дүкеніне кірсеңіз, бір бұрышы міндетті түрде ит, мысықтың арнайы тамағына арналған. Тамақ дегенде біздегі сүйек-саяқ, жуынды емес. Небір дәрумендерге толы арнайы қымбат астар. Кейбір елдерде иелері сапарға шыққанда ит-мысықтарына үш мезгіл тамағын беріп, бағып-қағатын ақылы қонақ үйлер де қарастырылған. Соңғы технологиямен жабдықталған әрі небір дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген арнайы зооклиникалар да жеткілікті. Тіпті оларды сан-алуан иіс сабынмен жуындырып, аялап құрғататын, тырнақтарын әсемдейтін, жүндерін сәнге салып түзейтін зоосалондар да жұмыс істейді. Несін айтасыз, иттеріне мұра тастап кетіп жатқан адамдарды да оқып біліп жатырмыз. Атап айтсақ, АҚШ-тың Флорида штатында Трабл есімді бір кемпір итіне 372 миллион доллар мұра қалдырған.

Адам баласының ит-мысыққа мұнша көңіл бөліп, өз махаббатына бөлеуінің, қыруар шығын шығарып, оларды өз отбасының бір мүшесіне айналдыруының астарында не жатыр? Меніңше рухани тоқырау жатыр.

Әсілінде адам баласы қоғам болып өмір сүруге бейім жаратылған. Ал батыстың руханияттан жұрдай дінсіз капитализмі адамды тек өзінің қара басын ойлайтын эгоизмге, материализмге тәрбиелеп отыр. Бұл өз кезегінде адамды жалғыздыққа әкеліп тірейді. Мұнда әркім өз-өзімен. Тек өзі үшін жұмыс істеп, өзі үшін өмір сүреді. Мысалы, мейрамханаға әкесі мен баласы бірге бара қалса, әрқайсысы өзі үшін төлейді. Бала-шағасы бола тұра көмусіз қалған қарт кісілерді көп кездестіруге болады мұнда. Міне, бұл рухани тоқырау. Міне осындай жалғыздықтан жалыққан адам  ит-мысықты ермек қылады. Басқадан қайыр жоқ.

Адам жан дүниесіне Алла тарапынан мейірім, рақым сезімдері берілген. Ал бұл сезімдер айналасына, баласы мен немересіне жұмсалмағандықтан,  өз орнын ит-мысыққа беріп отыр. Арман Бердалин ақынның мына бір шумағы дәл осы ойымызға дөп тиеді:

"Қазіргі әжең жетпіске жеткен жасы бар,
Қиылған қасы, боялған селдір шашы бар.
Майдың орнына маргарин алып дүкеннен,
Шайдың орнына шарапты ішіп шашылар.
Немере емес мысығын басып бауырына,
Шөбере емес күшігін күтіп асырар."

11 пікір
  • Дұрыс! Адамзат қоғам боп өмур сүруге бейім жаратылған. Осы кезде көз алдыма Африкадағы көздері жəутеңдеген аш қара домалақ бауырларым есіме түсіп кетті...
    2 жыл бұрын
  • Өте қызық пікір, әрине солай екенінде күмән жоқ. Мына түрлерімен европалықтар жақын арада ит-мысығына өзінің аты-жөнін, ата-тегін беріп, ұлтын да реттемесіне кім кепіл? Әй, қайран менің Ислам дінім, егер СЕН оларға жеткен болсаң, осындай күйге тап болар ма еді?
    2 жыл бұрын
  • Иә, қызық мәселе екен. Олар бар жұмсағын сол ит-мысықтың аузына тосып, оларды күтіп баптап жүреді ғой. Олардың осы әрекеті сол жануарларға аса бір жайлылық бола қоймайды ау деп ойлаймын. Себебі олардың табиғаты ондай күтімді, ондай баптауды қажет етпейді меніммше. Шынында адамның сана деңгейінің төмендеуі болса керек бұл. Адам жаратылыстың төресі болғаны себепті мұндай деңгейге түспес болар...
    2 жыл бұрын
  • Ит өмір деседе болады.
    2 жыл бұрын
  • Өте ауыр мәселе! Бұның арты не болатыны айтпаса түсінікті.
    2 жыл бұрын
  • Буртурлі окылады екен такырып атымен автордын аты
    2 жыл бұрын
  • мәселе орынды көтерілген
    2 жыл бұрын
  • Дуырс айтылган.
    2 жыл бұрын
  • паралич души..
    2 жыл бұрын
  • Шаншарда Уәлибек ағамыз бір монологінде Германиядағы оқиғасын айтады ғой: "Атасы мен иті, әжесі мен мысығы және мен - бесеуміз тамақ іштік. Байқамай иттің тамағын жеп қойдым, тәтті екен. Иті аяқ астынан өліп, бәріміз жерледік" деп)))
    2 жыл бұрын
  • Европа емес, бізде де солай бола ма деп қорқам. Алла сақтасын!
    2 жыл бұрын