03.08.2014 5001 Ойтамшы
МОСКВИЧ 412

Астанадан Алматыға көлікпен жылжып барамын. Ұзақ жол. Қазақтың ұшы-қиыры жоқ сайын даласы. Мүлдем елді мекенсіз жерлер тіптен тымырсық. Ата бабамыздың ұрпағына мұра етіп қалдырған осынау байтақ жерді қорғау, келер ұрпаққа аман-есен аманат ету бүгінгі әрбір қазақтың мойнындағы асыл борышы һәм уайымы болуға тиіс.  Бізге ең әуелі тыныштық керек, ұрпағымызды көбейту қажет. Сосын ол ұрпақты білімді де иманды, ұлтжанды, намысты етіп тәрбиелеу ләзім. Сонда ғана ертеңімізге алаңдамауға болады. Әйтпесе... Талай ойдың жетегінде отырмын. Санам ана ойдан мына ойды қуып отыр. Кенет зуылдап озып жатқан шетелдік небір джиптердің арасынан баяу жүрісімен ілбіп бара жатқан "москвичке" көзім түсті. Москвич 412. Бұл жануардың көзден ғайып болғанына қай заман? Ішіндегі жүргізуші қандай сезімде отыр екен. Бәлкім өзіне жұртта қалған осындай көлік бұйырғаны үшін тағдырына налып отыр. Бәлкім жоқ.

Кеңес кезеңі. Ауылымызда алғаш рет осы москвич көлігі пайда болды.  Көрші-қолаңның бәрі құттықтаған болып көлікті көруге келіп жатыр. Шаңды бұрқыратып ауылға кірудің өзі қандай ғанибет, нендей сурет?! Ішінде отырған адам құдды ұшақ айдап келгендей бақытты сезімде болушы еді. Машинадан түсе сала, төрт дөңгелегін теуіп қойып, кілтін айналдыра ысқырған бойда үйіне кіретін. Әңгімесінің бір ұшын айналдырып әкеліп көлігіне тірейтін. Бір сөзбен айтқанда бақыттан басы айналатын. Ал қазір ше? Ресейлік көлігін университеттің алдына емес, алысқа қойып, жаяу келетін ұстаздары жайлы айтып беріп еді өткенде бір танысым. Не үшін? Ұялады, намыстанады. Сонда деймін-ау, не өзгерді? Кеше иесін мақтанышқа бөлеген бұл көлік, бүгін неге оны бақытсыз етіп отыр? Адам сол адам, машина сол машина. Ендеше өзгерген адам санасы ғана. Демек барлық проблема санамызда. Айналамызда болып жатқан дүниелерге деген  көзқарасың аса маңызды. Не ойлайсың, қалай ойлайсың, қай қырынан бағалайсың,  сол сені бақытты яки бақытсыз ететін негізгі фактор. Санасын, ойын басқара алған адам қара нан жесе де бақытты. Ал олай болмағандары су жаңа дөңкиген қымбат джип мінсе де, зәулім сарайларда тұрса да бақытсыз. Олай болса, бақытты болу өз қолымызда ағайын!

17 пікір
  • Арине бакытты болу оз колымызда.
    2 жыл бұрын
  • Әкемдерге жаздай көмектесіп ауылдан кеше келдім. Ата-анамның қасында уайым-қайғысыз, еркелеп, мұңсыз бір демалып қайттым. Аллама сансыз шүкір! 2 ай бойы тыныштыққа, ауылдың қарапайым тіршілігіне бойым үйреніп қалған ба, қаланың тынымсыз өміріне өзімді әрең "қостым".. Сіз айтпақшы, "москвич"-тен "жип"-ке қарай ауыстым. Жазбаңызды оқып отырып, расында, ата-анамның қол қанатындағы өткен уақытымда, сол Кеңес кезіндегі Москвич мінген "бақытты" адамдардай болып, ал, үйден алыстап қалаға келіп, жип мінген кейбір бақытсыз жандар қатарына қосылғандаймын. Құдайым бақыттан айырмасын. Иманнан айырмасын. Бақыт мекен мен мезгіл таңдамаса керек. Бақытымыз мәңгілік болсын!
    2 жыл бұрын
  • Ең басты бақыт ол иман байлығы. Иманы бар адамның көңілі тоқ, азға қанағатшыл, Жаратушы Жаббар Иеміздің көрсеткен әрбір күніне шүкіршілікпен қарайды. Өйткені байлық ол Алланың сынағы, кедейшілік ол да Алланың сынағы. Бай адам Аллаға шүкіршілік етіп, байлықты Алладан берілген аманат деп қабылдап шүкір етсе табысқа жетеді, сол сияқты кедей адам да Алланың берген кедейлігіне қанағат етіп, шүкір етсе ол да Алланың алдында табысқа жетеді иншаллаһ! Сондықтан басты байлық иман байлығы, көңіл байлығы.
    2 жыл бұрын
  • Иа осынын барин адамдар ой елегiнен откiзiп тусинсе гой! Кобiне адамдар бакытын материалдык кундылыкпен олшейдi! Иманымызды терендетпей бакытка жете алмаймыз! Халкымызга иманнын байлыгын берсин тiлеймин!
    2 жыл бұрын
  • MashAllah! ote durus aitiniz Ustaz! Rasinda ar pendege bakitin tabu oz kolinda!
    2 жыл бұрын
  • «Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды.
    Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
    Бақыт деген - сенің бала күндерің
    Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
    Бақытын да, басқасын да білмеуің
    Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
    Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
    Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.
    Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
    Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
    Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
    Сол арманның шыққан жері құмардан.
    Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
    Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
    Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
    Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
    Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
    Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
    Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
    Мені білсең, бақытыңды білгенің.
    Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
    Балам, саған бақыт іздеп жүргенім! © Мақатаев
    2 жыл бұрын
  • En algaw mawina wigargan kompanialar mawinalarin satip bolgannan kein tokirauga uwiragan. Nege? Sebebi halikta mawina bar, zhurip tur, ewkim zhana mawina satip almaidi. Sonda kompania baswilari mawinanin "komplektaciasin" ozgertip, konditcioner kosip, terezesin ozgertip, tutkasin ozgertip t.b. mawinasi bar adamdardi zhana, "zhaksirak" mawina aluga itermeleidi. Buginde su zhana telefon algannan keingi bakitiniz, ertesine tura sol telefonnin sal ozgewe turi wikkanwa gana soziladi. Biil algan zhasil koilektin kelesi zhili kizilin alu kerek. Bul akwa zhasaudin amali.
    2 жыл бұрын
  • keremet misal
    2 жыл бұрын
  • Байлық-көңілдің тоқ, жүректің тыныштығында. Бақыт-иманымыз! Бақытымызды бағалайық!!!
    2 жыл бұрын
  • Адам санасының өзгеруі тек "көліктерге" ғана емес, өзара қарым-қатынастарына да әсер еткені байқалады. Жазып отырған Кеңес кезеңін өзім көрмесем де, әкемнің айтуына қарағанда, адамдары әлдеқайда мейірімді болған дейді...
    2 жыл бұрын
  • Alla razi bolsin
    2 жыл бұрын
  • Керемет мақала,дәл айтылған.Ең маңызды қарым-қатынас емес пе?Адамның өмірге көзқарасы...
    2 жыл бұрын
  • Өмірге,адамдарға деген шынайы, дұрыс қарым-қатынас...
    2 жыл бұрын
  • Керемет мысал, Алла разы болсын!
    2 жыл бұрын
  • mashallah hiskasha angimenizge hatti razi boldih,arine adam oz bahitin izdenu ol tek allahtin halauinda bolsa biz sol bahitimizdi allahtan tilenuimizben hatar,allahtin Bergen nendei bir,hyinshilikti,jane asa Bergen bailihtarina biz,solarga barinede tek sabirlikpen harauimiz kerek ekendigimizdi biliuimiz hajet eken,sonda gana biz oz bahitimizdi taba alamiz.
    2 жыл бұрын
  • Керемет мақала
    2 жыл бұрын