25.07.2014 4813 Ойтамшы
ТЕР МЕН АРАҚ

Шынын айтайын бөтен жерде елді, жерді сағынып жүрмін. Бір жарым ай мен үшін бір жарым жылдай болды десем артық айтпаспын. Өз елім өлең төсегім. Бұрын мысыр елінде аттай сегіз жыл қалай шыдап оқығанмын? Жәрайды, айтпағым бұл емес. Аптасына бес күн усуул-фиқһ саласының білгірі профессор Юнус Апайдынмен бірге ханафи мәзһабының бұрын мүлде жарық көрмеген кейбір арапша қолжазба кітаптарын оқимыз, талдаймыз, талқылаймыз. Бірде дәрістен соң Осман атты әріптесіммен бірге сыртқа шықтық. Күн ерекше ыстық. Қуырып барады. Аялдамада тұрмыз. Қырсық шалғанда автобус құрғыр да тым кешікті. Жүзімнен қара тер моншақтап ағып жатыр. Мұны көрген Осман арапшалап: "ариқта арақан"- деді. Онысы "қатты терледің ғой"- дегені. Автобуста кетіп бара жатып маған мынандай ой келді: "Арабша адам денесінен шығатын терге "арақ" - дейді. Ал қазақта ішімдікке "арақ" - делінеді. Екеуінің арасында тығыз байланыс болуға тиіс. Осы сәтте Алла елшісінің (с.а.у.) мына бір хадисі есіме түсті: "Мына дүниеде ішімдік ішкен адамға ана дүниеде тозақтықтардың денесінен шығатын ірің мен терін ішкіземін деген Алла Тағаланың уәдесі бар". Осы хадисте де терге "арақ" делінген.

Демек, қазекем ұрпағына арақ ішудің ақыреттегі жазасын үнемі ескертіп отырған. Тіпті ішімдіктен жиренту үшін оған "арақ" деген. Яғни тозақтықтардың іріңі мен тері.

Жұмаларыңыз мүбәрак болғай!

9 пікір