23.07.2014 2910 Ойтамшы
Қадір түні

Ассаламуғалейкум, ардақты ағайындар! Қадір түні баршамызға мүбәрак болғай! Қадір түнінің қадірін шынайы ұққан жандар рамазанның әрбір түнін қадір тұтар. Ең болмаса соңғы он түнін. Құрығанда жиырма жетісіне ауған түнін. Алла Тағала бүгінгі түнді шынымен де қадір түні қылғай! Бүгінгі түн ел күткендей қадір түні болмай қалса да, рақымы шексіз Иеміз мұнша үмметтің үмітін есіркеп, қадір түнінде уәде еткен Өзінің мол сауабына кенелтіп, жақсылықтарына шомдырсын! Ислам әлеміне, төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде зар илеген мұсылман бауырларымызға дұға етейік! Еліміздің тыныштығы мен ынтымағы үшін тілек тілейік!

3 пікір
  • Амин! Қайрат аға мұсылманның қаруы дұға делінген ғой рас дұға ету баршамыздың міндетіміз деп ойлаймын.
    2 жыл бұрын
  • Осы қасиетті түні қате, кемшіліктер, күнәлар кешіріледі. Хадисте келгендей Алла елшісі (с.а.с): مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ «Кімде-кім қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла Тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі»,Алла біздің қате күналарымызды кешіріп,ісімізге Алла берекет берсін.
    2 жыл бұрын
  • Амин. Алла сiздiнде тiлеген дугаларынызды кабыл етсiн. Алла разы болсын сiзге Кайрат. Ж.
    2 жыл бұрын