03.06.2014 4416 Ойтамшы
Жоспар және Шайтан

Кісінің жоспарсыз, мақсатсыз, жүйесіз өмір сүруі оның бұзылуына, күнәға белшеден батуына жеткілікті фактор. Себебі "Енді не істесем екен"-деп іші пысып, ерігіп отырған адамға шәкең бірден неше түрлі ой салады. Ой салғанда да әдемілеп, безендіріп салады. Ол адамды түрлі ауыр күнәға бірден тартпайды. Шайтанның азғыруына түскен адам бейнебір иірімге түскен шөп-шаламдай ақырындап жұтылады да кетеді. Мысалы, әуелі ғаламтордан жаман суреттерді, кейіннен фильмдерді көрсетеді, одан кейін ғаламторда танысу, қыдыру, ақыр аяғы ауыр күнәға жеткізеді. Ол кінәдан шығу үшін тағы бір күнәні істетеді. Күнәға жақындаған сайын адамның одан қайтуы қиындай түседі.

Ендеше, "Біліп қойыңдар шайтан сендердің ашық дұшпандарың"- деген Құран ескертуі әрдайым жадымызда болғай! Әркүніміз жоспарлы болсын! Мақсатсыз адам жоспарсыз болады. Жоспарсыз кісі жарты жолда кез-келген жаққа бұрылып кете беретін бәтуасыз келеді. Жоспары жоқ мақсатсыз адам өзінен есеп алмайды. Айналасындағы  жетістікке жеткендерді көре алмайтын күңшілдікке ұрынады. Тағысын тағы...

4 пікір
  • Аллах разы болсын, Қайрат аға. Шындығында бұл қазіргі қоғамымызға түскен үлкен дерттердің бірі болып бара жатыр. Мақсатсыздық пен еш жүйесіз өмір сүру, мына адамның кеудесіндегі жұмыр еттің қарайып, өлуіне алып келеді. иншаАллах Сізден осындай керемет насихаттарды күтеміз!
    3 жыл бұрын
  • өте орынды айтылған.. бірақ жоспар тәртіп пен рет бар жерде орындалады.
    3 жыл бұрын
  • Жоспарсыз, мақсатсыз бастаған ісіңнің де берекетті болары шамалы, Шіркін адамдар өзіне берілген уақыт деген ұлы нығыметтің қадіріне жетіп, оны ұтымды пайдаланудың жолдарын қарастырса, әр күнін жоспарласа, алдына айқын мақсат қойса, қазіргідей адам бейнесіндегі шәйтандар көп болмас па еді!Алла тағала бәріміздің уақытымызға берке беріп қайрлы іс жасауымызды нәсіп етсін Иншалла! Ағамызға Алла разы болсын!
    3 жыл бұрын
  • Дәл айтылған екен. Ағамыз, ғаламтордағы пайдалы парақшалар тізімін жазса екен
    2 жыл бұрын