14.05.2014 3879 Ойтамшы
Кітаптағы ислам

Мысырда жыл сайын халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді. Оған алыс-жақын елдерден мыңдаған мен деген  ірі-ірі баспалар қатысады. Каирдың орталығында ұйымдастырылған бұл жәрмеңкенің үлкендігі соншалық, жаяу аралап шығу мүмкін емес. Осыны ескеріп тегін қызмет көрсететін арнайы минибустар қарастырылған. Кітаптардың басым көпшілігі дін тақырыбында. Ақида, тәпсір, хадис, фиқһ дейсіз бе, жоқ әлде бала тәрбиесі, отбасы мәселелері, экономика, саясат дейсіз бе, не іздесеңіз де, қандай тақырыпты сұрасаңыз да бәрі табыла кетеді. Жәрмеңкедегі кітаптарды жеке-жеке қарап, танысып шығу былай тұрсын,  алыстан көз жүгіртіп қарап шығудың өзі күн батқанша сілікпеңді шығаратын әжептеуір жұмыс. Миллиондаған кітап. Аралап жүріп маған мынандай ой келді: "Осыншама кітаптағы құнды дүниелердің ислам әлемінде әсері неге көрінбейді. Әсері болса мұсылман үмметінің қазіргі мына бейшара жағдайын немен түсіндіруге болады?" Жекелеген адамдар, кейбір топтарды айтып отырғаным жоқ. Жалпы үмметтің жағдайы. Исламның адамзатты қос дүниеде де бақытты ете алатындай Жаратушы тарапынан жіберілген ақырғы һәм кемел дін екенінде сөз жоқ. Бірақ Ислам неге тек кітаптарда қалып қойды? Біз нені ұмыттық?! Ислам теңдессіз өз мәдениеті мен жасампаз ғылымымен, көркем мінезімен, шарықтаған экономикасымен т.б адамзат зарыға күткен құндылықтарымен ортамызға қашан оралады?! Оған не кедергі?

12 пікір
  • Ия, шынымен қазіргі жағдайымыз дәл солай... Өкінішті-ақ.... Бірде бір ағайдын айтқаны есімде : " Мұсылман бауырым білгенінің 1% істесе, қандай керемет болар еді",- деп, шынымен білгенімізді істей алсақ, сол кітап парағынан шығарып, өмірімізге, күнделікті тұрмысымызға, сөзімізге, ісімізге, ең бастысы жүрегімізге еңгізе алсақ, бұл дүниені басқа қырынан да көре алатын шығармыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: "Сондай бір заман келеді, үмметім намазын да оқиды, садақа да береді, құран да оқиды, бірақ бар білгені тамағынан әрі қарай өтпейді" ,- деген, шынымен, ең өкініштісі, осы.......
    Бұған кедергі-нәпсіміз....Біз нәпсіні емес, нәпсі бізді билеп жүр. Бейне бір нәпсі бізден бұрын жаратылғандай... Дегенмен, ұмытпауымыз керек, біз, содан кейін нәпсі жаратылғанын. Тағы бір өкініштісі, қазір біз үшін сондай оңай болып кеткен, нәпсімізге, шайтанға ысыра саламыз, егер бір қателік істесек, яки Аллаһ разы болмайтын амал жасасақ, нәпсімізге және шайтанға ысыра саламыз.... Адамда ақыл бар.... Ұят, әрдайым ақылын бола тұра, нәпсіге, я шайтанға ысыру... Дегенмен, айту оңай, істеу қиын...
    Қайрат ағай, сізден Аллах разы болсын, айтады ғо, бір сағат тәфәккур,бір жылдық ғибадаттан артық деп, сіздің статьяныз әрдайым адамды ойландырады! Дұға қажет..... Дұғамыздың әлсіздігінен де болуы мүмкін... Егер біреудің ақысына кірсем, кешірім сұраймын!
    3 жыл бұрын
  • Кітап көп, білім жоқ, яғни хикмет ілімі жоқ
    3 жыл бұрын
  • еріншектік, нәпсіқұмарлық, иманның әлсіздігі...
    3 жыл бұрын
  • Оныңыз рас. Мәселен өзімді алайыншы. Күні бойы жұмыс деп жүгіремін. Арасында үзіп-жарып намаз оқмын. Онсыз күнкөріс қиын. Кешкісін балалардың тамағын беріп бола сала, қайтадан компьютерге отырып, жұмыс істеймін. Түнімен отырып істеймін де, таңғы намазға тұра аламй қалам кейде. Сосын амал жоқ, қаза етіп оқимын. Сосын Аллаһтан жалбырынып кешірім сұраймын. Көріп тұрсың ғой. мен жұмыс істемесе балаларды кім жетілдіреді? Кешіре гөр деймін. Күнде сол. жұмыста мүмкіндік болса оқимын да, мүмкіндік болмай қалатын кездер болады. Сол кезде қаза қалдырам. бірақ ниетім түзу, Аллаһтың ризалығынан үмітім бар. Дегенмен қазіргі құлшылығыма еш көңілім толмайды. Жұмыс, тіршілік, үйдің күйбеңі дегендей.
    3 жыл бұрын
  • Аллаһым, кешірімді Жасаған Ием, кешіре гөр біздей бейбақ құлдарыңды!
    3 жыл бұрын
  • Жоғарыда айтылған жайттың жауабын өзімше түйген едім. Алла қаласа келесі жазбаларымның бірінде айтармын. Сіздер де пікір білдіріңіздер. Кейде қарапайым ойдың өзі үлкен ақиқатқа жүкті болады.
    3 жыл бұрын
    • Ассалямуалейкум!
      Менде оқи сала ойлаған едім ,"бұл мәселенің жауабын Қайрат ағамыз оқырманнан әлдеқайда жақсырақ білер" - деп.
      Әйтсе де ойландыратын сөздер екен.
      Естіген, оқыған көзқарастардың арасынан өзім дұрысау деп ойлап, сол түйгеніммен бөлісе кетсем деген ниет пайда болды.
      Мұсылмандардың алтын ғасырынан айырылып, қазіргі деңгейге түсіп қалуына не себеп дегенге көп уағызшылар, оның себебі мұсылмандардың (әсіресе мұсылман патшаларының, ғалымдарының) ақыретті ұмытып дүние қуып, имандарының әлсіреуі деп түсіндіреді.
      Бұл жайында бір шейхтің "О, иман келтіргендер! Иман келтіріңдер" деген тақырыпта айтылған әсерлі уағызы еске түсіп отыр. Осы уағыз барысында шейх исламның шоқ жұлдыздары жайлы айта келе, Халид ибн Уәлид р.а. мұсылмандарға қолбасшы болған Ярмұқ соғысында мұсылмандар саны 41 000, римдіктер саны шамамен 140 000 болған деседі. Сол кезде өмірінде ондай әскерді көрмеген жас мұсылман әскері "римдіктер неткен көп, мұсылмандар неткен аз!" деген сөзін естіген Халид ибн Уәлид р.а. оған "олай деме! Мұсылмандар неткен көп, римдіктер неткен аз де! Өйткені Аллаһ Субхана уа Таъаля ұмытқан (тастаған, қалдырған) адам неткен әлсіз!" деген екен.
      Осы шайқаста римдіктерді ойсырата жеңгенсоң Әбу Бәкір р.а. айтуымен көптеген әскер үйлеріне тарқап, Халид ибн Уәлид р.а. 2000 - ақ әскермен қалып, парсыларға қарсы соғысу үшін Әбу Бәкір р.а. көмек сұратады. Сонда Әбу Бәкір р.а. көмек ретінде қанша адам жіберді деп ойлайсыздар!? Жалғыз Каъка ибн Әмрді жіберген екен. Сонда сахабалар "О Әбу Бәкір, сен не істеп жатырсың, 11 000 адамның орнына жалғыз адамды жіберіп жатқаның не?" деп таңданғанда, Әбу Бәкір р.а. "Иә! Өйткені Каъка ибн Әмр жүрген әскер қатарын ешқашан Аллаһ Субхана уа Таъаля тастамайды" деген екен.
      Ал қазірше, қазір мұсылмандар саны миллиардтан асса да саны көп сапасы жоқ. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи усәллам айтқандай шөп-шалам болып қалған. Яғни, Аллаһ өзімен бірге болған жалғыз адамның дәрежесі, қазіргі Аллаһын жоғалтып алған саны миллиардтан асқан бейбақтардан артық деген сөз емеспе!?
      Өз құлағыммен естіген бір жәйтты айта кетейін. Осыдан біраз уақыт бұрын, өзім жақсы танитын, діни жоғары білімі бар бір бауырымызбен сөйлесіп қалып, жөн сұрастық. Дін саласында жұмыс атқаратын. Жұмысыңыз қалай деп сұрасам, ой несін сұрайсың, бәленбай жыл жұмыс істеп жүрген мені жұмыстан алып, орныма жаңадан оқу бітірген бір жас баланы қойып қойды - деді. Мен сұрадым, неге олар өздерінің ауылдарына барып қызмет жасамайды екен? деп. Сөйтсем жаңағы баурым, "ой баурым, шеткі ауылдарға ешкімнің де барғысы келмейді, Алматы деген май шелпекқой, Алматының мешіттерінде дворник болып жұмыс атқарасың десе де таласып кетеді олар" - деді. "Алматы дегенің май шелпекқой" дегенді естіп, басымнан төмен су құйғандай болып қалдым. Субханалла, майшелпек керек болса неге саудамен айналыспайсың? Дін дегенің үлкен аманат емеспе? Әрине көпке топырақ шашпаймын, естіп жатамыз тақуа имамдар туралы, Аллаһ олардан разы болсын, бірақ, өкінігке орай бұндай жағдайлар көптеп кездесіп жатады.
      Төрт жылдық діни жоғары білімі бар, рызық-несібенің Аллаһ тарапынан екенін насихаттап жүрген бауырларымыз осылай деп жүрсе, қарапайым біз сияқты халықтан не күтуге болады!? Міне біздің деңгейіміз Аллахтың алдындағы!
      Шейх айтқандай "бұл заманның ақырында Әбу Бәкір, Омар р.а. келіп мұсылмандарға көмек бермейді, Хадиджа р.а. анамыз келіп үмметке бар байлығын құрбан етпейді, Халид ибн Уәлид келіп қаналған, қорлық көріп жатқан үмметті құтқармайды! Біздің әрқайсымыз сол ұлы тұлғаларға еліктеп, әрекет жасасауымыз керек! Біз тек сапылдап сөйлеушілер қатарынан емес, әрекет ететіндерден болуымыз керек."

      3 жыл бұрын
  • Салеметсыздер! Қайрат Жолдыбайұлы сіздің Куклы в хиджабах деген https://www.youtube.com/watch?v=LDWjA8umt8E видеода берген сұхбатыңызда хиджабка қарсы екеныныз шынба? Және мемлекет тарапынан сыздерге уағыз айтуда шектеу қоя ма? Ислам ұлттық дәстүрден де жоғары емес пе? Неге исламды дәстүрге қарай икемдейді?
    3 жыл бұрын
  • Негізгі проблема амал жасамау. Бос білімнен пайда жоқ. Кейде "уағызды ешкім тыңдамайды" деп айтады, ол түсінікті нәрсе. Егер сөзің керемет болып, ісің оңып тұрмаса, сені ешкім тыңдамайды.
    Ең жақсы уағыз амал.
    3 жыл бұрын
  • Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды. (62:5)
    3 жыл бұрын
  • Ассалямагалейкум Қайрат аға!Осы мақала бойынша түйген жауабыңызды қашан жазасыз???Алла сізге разы болсын!

    2 жыл бұрын
  • Өмірге қарау емес, өмірді көру керек!!!Бәлкім бізде жалтақтық басым шығар...дінді игеруде үлкен ізденіс пен қажырлық керек.Дінге ғылым ретінде қарауымыз керек деп ойлаймын
    2 жыл бұрын