29.04.2014 3514 Ойтамшы
Шеше насихаты немесе Қар

Ұмытпасам екінші сыныпта оқып жүрген оқушы кезім. Бірде мұғаліміміз: "Құдай жоқ"- деп құлағымызға әбден құйды. Үйге келген бойда әлде бір нәрсені жөндеп әуре болып жатқан әкеме: "Мұғалім апай Құдай жоқ" - деді. Сонда Құдай шынымен де  жоқ болғаны ма?" - дедім. Кеңес кезеңі болғандықтан, марқұм әкем мұғалімдікі дұрыс емес деп ашық айта алмады. Бірақ қабағын шытқан күйі маған: "Сабағыңды оқы, бәрін кейін түсінесің" - деп қысқа қайырды. Әкем сол кездің өзінде дастарханға бата жасап, әруақтарға Құран бағыштап тұратын иманды кісі еді. Бізге жатарда қысқа аяттарды жаттатқызатын. Кеңес өкіметі құлаған соң бес уақыт намазын да оқыды. Әке мен бала арасындағы жаңағы диалогты тыңдап тұрған шешем мені дереу шақырып ала қойды. Сөйтті де терезенің алдына алып келді. Далада ысқырған жел, бораған қар. "Балам! Құдай жоқ болса, мына қарды кім жауғызып, мына ғажайып табиғатты кім басқарып тұр?! Құдай бар. Екінші олай айтпа" - деді. Әкем мен шешемнің әлгі ескертулерінен соң кейінгі жылдары мұғалім қанша Құдай жоқ десе де, жүрегімде Аллаға деген еш күмәнім болмады. Кейін "Ақиқат шуағы" атты кітабымда қар туралы жазған сәтте санамда осы бір ұмытылмас сурет, қысқа да нұсқа ғибратқа толы шеше сөзі жаңғырып тұрды. Cіздерге кітаптағы сол қар жайлы жазған қызық мәліметті келтіре кетейін. 

 

Қар

Си­па­тын көр, то­сып ал да,

Жа­па­лақ­тап жауса қар.

Та­за тек­сер, көз­ді сал да,

Қан­дай оның тү­рі бар? 

Шә­кә­рім 

Кә­дім­гі қар­дың әр­бір қа­лауша­сын­да Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың ше­бер­лі­гі­нің мө­рі бар. Жай кө­зі­міз­бен қа­ра­ған­ның өзін­де әр­бір қар түйір­ші­гі­нің бір-бі­рі­не ұқ­са­май­ты­нын кө­ре­міз. 1 метр2 қар­да 350 мил­лион қар түйір­ші­гі бар деп жо­ба­ла­ну­да. Бұ­лар­дың әр­қай­сы­сы әр түр­лі сим­мет­риялы ою-өр­нек­пен бе­зен­ді­ріл­ген хрус­таль тә­різ­дес ал­ты бұ­рыш­ты пі­шін­де еке­нін бі­ле­сіз бе? Әр­бір қар түйір­ші­гі­нің бұл ке­ре­мет ға­жай­ып­та­ры соң­ғы 100 жыл­да бел­гі­лі бол­ды. Уил­сон Берт­лей 1885 жы­лы фо­то­мик­ро­фик фо­то­ап­па­ра­ты ар­қы­лы 46 жыл қар түйір­шік­те­рін тү­сі­ріп­ті, ар­ты­нан «Қар түйір­шік­те­рі» ат­ты кі­та­бын жа­за­ды. Уил­сон Берт­лей тү­сір­ген 5300 су­рет­тің іші­нен бір-бі­рі­не ұқ­сай­тын екі су­рет­тің кез­дес­пе­ге­нін таң­ға­ла ай­та­ды.

Осы ке­ре­мет есеп­пен есеп­тел­ген Жер бе­тін­де­гі бар­лық қар­дың бір-бі­рі­нен ерек­ше ал­ты бұ­рыш­ты әрі геомет­риялы пі­шін­де бо­луы – Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың тең­дес­сіз ше­бер­лі­гі мен бар­лық қар­дың пі­ші­нін бі­ле­тін те­рең ілі­мі­нің бел­гі, ны­ша­ны бол­са ке­рек. Жер бе­ті­не түсіп, ері­ген­ге дейін ға­на өмі­рі бар әр­бір қар­да өзі­нің құді­ре­ті мен ше­бер­лі­гі­нің мө­рін на­қыш­та­ған Алла қандай ұлы!

2 пікір
  • Қанша Кеңес заманында өмір сүрді дегенімізбен, ол кездегі ата-апаларымыздың жүректеріне бір Құдайға деген сенім мықтап бекіген еді ғой. Және сол сенімдерін кейінгі ұрпақ, біздердің де жүректерімізге ұялатып кетті. Оларға Алла разы болсын және жәннаттан орын берсін!
    3 жыл бұрын
  • Қайрат мырза мына біздер Кеңес кезінде өмір сүрдік, қысқасы намаз оқымадық, оқитын да мүмкіндік жоқ еді. Осы кезде намаз оқымағаныз үшін Аллаһ алдына барғанда жаза тартамыз ба, әлде жеңілдік болуы мүмкін бе...
    3 жыл бұрын