Ала жіпті аттама (кісі ақысы жайында)
Ала жіпті аттама (кісі ақысы жайында)
Құдайберді Бағашар

Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпағының сүйегіне таңба түсірмеуді ойлап, артынан ерген қарасын адалдыққа, ізгілікке баулып, «біреудің ала жібін аттама», «жетімді жылатпа», «біреудің ақысын жеме», «аманатқа қиянат жасама» деп құлағына құйып, «ардың ісіне» жауапкершілікпен қарауға бұйырған. Тұманы қалың жаһандану дәуірінде «Алтын әзәзіл – аздырар, адал еңбек – бойыңды жаздырар» деген қағида ұмыт қалып, адамның табан ақы, маңдай терінің өтелмеуі, құқықтардың тапталуы, жемқорлықтың жібі үзілмеуі, қолдан келсе қоныштан басудың белең алуы кім-кімді болмасын толғандырары анық. 

Ендеше, қолдарыңыздағы кітап елдің нанын емес, жұрттың қамын жеуге, Аллаһ алдындағы аманатымызды адал атқаруға үндейтін бірден-бір еңбек.

9 жыл бұрын 11172
1 пікір