Соңғы Аудиолар
1 пікір
  • Терме де терме терме бар - Алпыс Жақиянов
    Сөзі: Хамит Балшабеков

    Терме де терме терме бар
    Термелі сөздің тегінде
    Тереңге тартар зерде бар
    Тамыры толмас тіршілік
    Тағдыры бөлек жерде бар
    Тау тұлғалы жақсылар
    Тұлғасы биік елде бар
    Татулық пен тәттілік
    Тел қозыдай теңде бар
    Тарқамайтын қасірет
    Таусылмайтын шерде бар
    Тауқіметі тірліктің
    Тарыққан сорлы пенде бар
    Тасадан соғар сұм қанжар
    Тар тігілген жеңде бар
    Табаның тайып сүрінсең
    Табаннан кірер шөңге бар
    Түсінде тары көретін
    Тауық көңіл пенде бар
    Тартымды ниет тапқыр ой
    Түсі жылы өңде бар
    Тірліктің алуан сырына
    Түсінігің жетпесе
    Түңілетін жөнде бар

    Термеде терме терме бар
    Тұрпаты сұлу аққу қаз
    Тұнып жатқан көлде бар
    Тұтамға жетпес торалғы
    Тұтасып жатқан шөлде бар
    Тұлпарға біткен зор екпін
    Тұрағын таппас желде бар
    Таразы басын тартатын
    Теңі жоқ салмақ жерде бар
    Теңселіп өскен құба тал
    Теріскейлі белде бар
    Томаға тартқан қыранның
    Тояттар жері өрде бар
    Тас қопарған долылық
    Тасқындап аққан селде бар
    Талықсып кеткен жаныңды
    Толқытар сөзім менде бар
    Тәңірім берген домбырам
    Тағылған екі ішекпен
    Тартылған тоғыз перне бар
    Тұғырлы болды байрағым
    Туған ел үшін сайрадым
    Төрткүл жатқан тарапқа
    Тілменен шықсын айбарың
    Тектінің қазақ ұрпағы ең
    Тіліңнің қамын ойладың
    Тарам-тарам жолдарда
    Тұяғың тасқа таймадың
    Тәңірден келген сыбағаң
    Тәуелсіздікті тойладың

    Термеде терме терме бар
    Термелі сөздің тегінде
    Тереңге тартар ақыл бар
    Тетігін тауып жүректің
    Тебірентер нақыл бар
    Тексіздігін бетке айтсаң
    Теріс қарар жақын бар
    Төркіні ойлы сөз болса
    Туғанын қойып жатың бар
    Төріңе қарай жақындар
    Теңге алтынға тең келмес
    Темірден соққан бақырлар
    Түлен түртсе табиғат
    Түнерген оттай шатырлар
    Толықсып тұрса түнегей
    Тұла бойың сақылдар
    Туғанында жетелі
    Топты жарған батылдар
    Туғанында жетесіз
    Толғандада пақырлар
    Түймелі сауыт ішінде
    Тұрпатын сақтар батырлар
    Топасқа түссе бір ісің
    Тоқтыдай сілкіп тақымдар
    Тұрақсыз өскен тұл жаяу
    Туысынан ат ұрлар
    Тар кезеңде татқан су
    Таңдайыңа татыр бал
    Телегей толқын көл болмас
    Тоқтаусыз тұрған тақырлар
    Тебіреніп кетсе бұл Хамит
    Тәттісін жырдың татыңдар
    Төрт құбыласы тең тұрған
    Тірлікте қандай жасын бар
    Тоқсан ауыз сөз айтып
    Тобықтай түйін түйетін
    Тарландар шіркін ақындар.
    Термелі сөздің тегіне,
    Тиісті баға беруге,
    Тиісті баға беруге,
    Тыңдаушым сенің хақың бар!
    9 жыл бұрын