Сырым мен Үргеніш шешені
Сырым мен Үргеніш шешені
5 жыл бұрын 4239

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыры»,-деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты. 

Үргеніш шешені:
- Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не?- деп сұрайды.

Сырым батыр:
- Сөз анасы – құлақ. Су анасы – бұлақ. Жол анасы – тұяқ! - деп жауап
береді.

Үргеніш шешені:
- Дау мұраты не? Сауда мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты не?-
дейді.

Сырым батыр:
- Дау мұраты – біту. Сауда мұраты – ұту. Қыз мұраты – кету. Жол
мұраты – жету!- дейді.

Үргеніш шешені:
- Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не?- деп
сұрайды.

- Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қайдан көрдіңіз?-
деп жауап береді Сырым.

Үргеніш шешені:
- Сізді екі аяқты, бір адам баласы жеңді ме? – дейді.

Сырым батыр:
- Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды
күнде жеңеді,- деген екен.

0 пікір