Рабиғ ибн Хәйсәмның айтқаны
Рабиғ ибн Хәйсәмның айтқаны
6 жыл бұрын 4690

Рабиғ ибн Хəйсəм есімді бір сəлəф ғалым өткен тарихта. Өзі Пайғамбар заманында өмір сүрсе де көзбе-көз жолығу нəсіп болмаған. Бірақ кейіннен көптеген сахабалармен жүздесіп, хадистер риуаят еткен жан. Сол кісі өзінің шəкірттерінен:

- Дерттің, дауаның жəне емнің не екенін білесіңдер ме? - деп сұрайды.

- Жоқ. Білмейміз, - дейді шəкірттері.

- Дерт, ол - күнəлар. Дауасы (дəрісі) - истиғфар айту (күнəсіна Алладан кешірім тілеу). Емі болса, тəубе етіп, енді гəрі ол күнəға бармауы! - деген екен (разиялЛаһу анһ)".

A. Qasim.

0 пікір