Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
2 жыл бұрын 4780 kk.wikipedia.org, http://kazadebiet.kz

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай...» - Абай Құнанбайұлының 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 9 шумақтан тұрады. Бұл Абайдың пейзаж лирикасының ішіндегі таңдаулы шығарманың бірі, көшпелі қазақ аулының әлеуметтік жіктелісін, тұрмыс айырмашылығына нық көрсеткен мазмұны терең, көркемдігі жоғары, идеясы биік туынды. Мал сүмесімен күн көріп отырған елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезі салған жерден аңғартылады. Көп нәрсенің түп қазығы өріске, жер жағдайына байланған, өмір сүру, тірлік кешужан бағу - бәрі де осыған келіп тіреледі. Ақын күн суыпауа райы бұзылып, күз созылып, қысқа аяқ басқан шаруашылыққа қолайсыз бір шақтағы қалт-құлт еткен ауыл өмірінің қоңторғай суретін реалистік дәлдікпен, нақты адамдар тұлғасы арқылы, тірі, жанды, әрекетті күйінде,буын бұрқыратып алдың атартады. Табиғат суреті мен адамдар қимылы жымдаса бейнеленген.
Өлеңде Абайдың әлеуметтік көзқарасы айқын, бай мен кедей тап өкілдері өз атымен аталып, әрқай- сысының тіршілік қалпы, мінезі нақты іс-әрекеті- мен, қимыл-қозғалысы мен көрінеді. Ертеңгі күннің қамынжеп, үнемжасап, қыстауғақонбай, кұзеуде ықтырмада отырған бай, мал бағып далада жүрген кедей, жылынуға отынтаба алмай, бүрсең қағып, тоңған иді жылытып, тон илеп, шекпен тігіп оты- рған байғұс әйел - осы жалпы сурет бірте-бірте тіпті айқындалып, жаңа бояулармен толығып, көшпелі қазақ ауылының тұтас бейнесіне айналады. Ұлы ақын, ұлы суретші Абай назарында бәрі бар: маздап жанған от болмағандықтан, қақтана ҚАРАШЕВ алмай азынаған кемпір-шал, көзінің жасы аққан кедей баласы, ептеп кәрі қой сойған, айналасына киіз тұтқан жылы үйдегі байдың баласы, кедейге берген орта қап қара қый - осының күллісі ескілікті өмір салттың қанық бояулы белшектері. Көшпелі ауылдың таптықайырмасына шықайтқан, біржақта байлық, біржақта жоқшылық барлығын өмірдің өз суретімен дәл керсетіп берген үлкен реалист ақынның шын ықыласы қорланғандар, тапталғандар жағында, бүйрегі кедейге бұрып, жүрегі сыздап түр. Ақын кедейге байдың дәулетін берсе қолынан, бермесе жолынан тартыпал, қират, бұз, жой демейді, байды да, кедейді де ымыраға, бірлікке, келісімгешақырады. Өлең 11 буындықара өлең үлгісімен жазылған. Алғаш 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында 2-шумақтың 3-және 4-жолдары «Мүздаған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатындар бүрсең қағып» делінсе, басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ негізіңде «Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында 3-шумақтың 1-жолы «Жас ба лаға отын жоқ тұрған маздап» болып берілсе, 1909, 1954 жылғы басылымдарда «Жас балаға от та жоқ тұрған маздап», 1933, 1939, 1945, 1957 жылғы жинақтарда «Жас балаға үйде от жоқ тұрған маздап» деп алынған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1933, 1939, 1945 жылғы басылымдарда З-шумақтың 4-жолы «Бір жағынан қысқанда жел де азынап» болса, 1945, 1957 жылғы жинақтарда 1909 жылғы басылымбойынша бұл жол «Бір жағынан қысқанда о да азынап» делінген. 1939, 1945 жылғы басылымдарда өлеңнің жазылған кезеңі - 1889 ж. деп көрсетілген. Туынды қарақалпақ, орыс, ұйғырт т.б. тілдерге аударылған.

 

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай -
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азынап.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп-жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.

Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

0 пікір