«Іштегі кірді тек көз жасы ғана тазалай алады»: "Мәснәуи" бақшасынан
«Іштегі кірді тек көз жасы ғана тазалай алады»: "Мәснәуи" бақшасынан
4 жыл бұрын 7983
Іштегі кірді су емес, тек көз жасы ғана тазалай алады.
Кешірімнің көрінісі – көздегі тамшылар.

Аллаға деген қорқыныштан төгілген көз жасы рухты тазалайтын эликсир іспеттес. Рухани тұрғыда тазалану үшін одан артық әсер ететін дауа жоқ. Өйткені, шынайы бір жас тамшысы Алланың рақымдылығын оятатын ең мықты әсер етуші күш. Бұл жайында Әзіреті Пайғамбарымыз саллалаһу алейһи уә сәлләм былай деген:

«Аллаға деген қорқыныштан көз жасын төккен кісі – сауылған сүт желінге қайта кірмейінше тозаққа түспейді»[1].   

Әзіреті Мәуләнә Ж. Руми көздің жасын былай деп суреттеген:

«Балауыз шам жылап (отқа еріп), көз жасын төккен сайын одан әрі жарқырай түседі. Ағаштың бұтағы да жылаған бұлттың берекетімен және күннің шуағымен бүршік жарып, жайқалады. Яғни, жемістің пісіп-жетілуі үшін күннің шуағы мен су қажет».

«Дәл солар сияқты тәубенің қабыл болуы үшін бұлт пен найзағай, яғни көз жасы мен көңілдің күюі қажет».

«Егер көңіл найзағайы шағылып, көз бұлты жауын жаудырмаса, нәпсінің өкпе оты мен күнә алаулары қалай сөнеді? Тәңірлік нұрдың жарығы көңілде қалай көрініс таппақ? Рухани бұлақтар қалай тасып ағады? Жаңбыр жаумаса гүл бақшасы көкорай шалғынға қайтып сыр ақтарады? Қоғажай шегіргүл мен ақжұпар ақтамақ гүлі қайтып бір-бірімен үйлесім табады?»

«Табиғатты жөніне қоя бер, айқай салып жыласын. Мына топырақтар судан айырылса, шөлге айналады. Өзендер мен жылғалардан жырақта қалып қойған сулар да сарғайып сасиды, лайланады».

«Жәннат сияқты жап-жасыл бау-бақшалар сусыз қалса, сарғайып салады. Жапырақтары қурап төгіледі. Бейнебір аурудың ошағына айналады. (Адамдар да дәл солай... жылап дұға жасамаса, рухани қысылады).

"Бір шоқ гүл". 
("Хикмет" баспа үйі).


[1] Имам Тирмизи: Сүнән. «Зүһд». 9.

0 пікір