Халифа Омар ибн Хаттабтың өсиеттері
Халифа Омар ибн Хаттабтың өсиеттері
10 жыл бұрын 8551

Дүние даңқы малмен, ақырет даңқы ізгі амалмен шығады.

***

Дүниені ойлаумен жүректі кір басады, ақыретті ойлаумен жүректі нұр басады.

***

Адамдармен жақсы мәміле жасай алу – ақылдың жартысы, дұрыс сұрақ қоя білу – білімнің жартысы, істі жақсы басқара алу – тіршілік етудің жартысы.

***

Оңаша ғибадат – сырларды қорғайды, садақа – малды қорғайды, Аллаға шынайы ықылас – амалдарды қорғайды, білімділермен кеңес – дұрыс көзқарасты қорғайды.

***

Алланың аяттарына зер салып, ұғынудан иман (таухид) туындайды, Алланың мейірімін сезінуден махаббат туындайды, Алланың жәннатын аңсаудан құлшылық туындайды, Алланың тозақты уәде етуінен қорқыныш туындайды, Алла үкім еткен ғибадаттарды орындамаудан ұялу туындайды.

***

Көп сырластарды көрдім, тілімді тыюдан артық сырлас таппадым. Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. Көп мал-мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды таппадым. Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артығын таппадым. Көп тағамның дәмін таттым, бірақ сабырдан дәмді дүние таппадым.

***

Алла Тағала өз разылығын сабыр мен ғибадатқа жасырған. Ашуын өзіне жасалған асылыққа жасырған. Қадір түнін Рамазан айының түндеріне жасырған. Қиямет күнін күндердің біріне жасырған.

***

Адамдарды құрметтемеген адам өзі де құрметтен жұрдай болады. Көп сөйлейтін адам көп қателеседі. Қатесі көп адамның ұяты аз болады. Ұяты аздың тақуалығы болмайды. Тақуалығы жоқ адамның жүрегі қараяды. Кім нені көп армандаса сонымен атағы шығады.

***

Көп сөйлейтін адам хикметтен алыстайды. Аз тамақ ішетін адам ғибадаттың ләззатын сезе алады. Өзгенің айыбын іздемейтін адамның айыбын Алла өзі жасырып қояды.

***

Тақуалығы жоқтың ақылы кемелденбейді. Әділдік болмаған жерде билік кемелденбейді. Кішіпейілдік жоқ жерде дәреже бағаланбайды. Алланың ризашылығынсыз жиһад болмайды.

 

8 пікір
  • МашАллах өте тамаша өсиеттер екен
    10 жыл бұрын
  • Өте тамаша, әсіресе: "Көп сырластарды көрдім, тілімді тыюдан артық сырлас таппадым. Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. Көп мал-мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды таппадым. Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артығын таппадым. Көп тағамның дәмін таттым, бірақ сабырдан дәмді дүние таппадым".
    10 жыл бұрын
  • МашаАллах!!! "Оңаша ғибадат – сырларды қорғайды, садақа – малды қорғайды, Аллаға шынайы ықылас – амалдарды қорғайды, білімділермен кеңес – дұрыс көзқарасты қорғайды".
    10 жыл бұрын
  • МӘӘШАЛЛАХ!жүрекке ой салар ұлы өсиеттер екен!Көп сөйлейтін адам хикметтен алыстайды. Аз тамақ ішетін адам ғибадаттың ләззатын сезе алады. Өзгенің айыбын іздемейтін адамның айыбын Алла өзі жасырып қояды.
    10 жыл бұрын
  • Алла разы болсын,Ислам кз ұжымы,Хазіреті Әлидің осындай дөп басып айтатын өсиеттері болса..................
    10 жыл бұрын
  • Өте тамаша өсиет! Алла разы болсын!
    10 жыл бұрын
  • АЛЛА разы болсын!!! Тағылым алар көп дүние бар. Керемет өсиеттер. Пайғамбырымыз /с.ғ.с/: "Егер менен кейін пайғамбар болатын болса, ол Омар /р.а/ болар еді" - деп бекер бағаламаса керек...
    10 жыл бұрын
  • керемет өсиеттер! біздерге оқуға себепкер болған осы ұжымға Алла разы болсын!
    10 жыл бұрын