Дүниеде ең қымбат!!!
Дүниеде ең қымбат!!!
9 жыл бұрын 7775
Ерлан Садуақасұлы

Құдай қосқан ар ибалы жар қымбат!

Адамдықпен иман, намыс, ар қымбат!

Нәпсіқұмар дүниеқуған пендеге,

Құлқыменен ақша, байлық, мал қымбат!

Текті болып,  дара туған жігітке

Отанымен туған – туыс, ел қымбат!

Жұбайымен баласының қамы үшін,

Еңбектенгіш  қамқор болған ер қымбат!

Бабаларым сақтап қалған осынау,

Ұлан байтақ біздер өскен жер қымбат!

Аққу, қазбен, шағаламен үйрекке,

Айдын шалқар өзенімен көл қымбат!

Ел мерейі өссе, шіркін, қарқындап!

Халық үшін бәрінен де сол қымбат!

Болар қымбат дүниенің сол сәті,

Жанды алғанда Әзірейіл алқымдап!

Хақ парызын адамдықпен өтесең,

Бәрінен де осы болар ең қымбат!

3 пікір
  • Мұсылмандар да қиналады, уайымдайды, бірақ не үшін өмір сүріп жатқандарын біледі. Дүниедегі ең қымбат нәрсені орындайды.
    9 жыл бұрын
  • Мен ушин ен кымбат нарсе:Менин Иманым,Намазым,Куран Китабым,Рамазан айыАйт мерекеси,Ар намыс,АтаАнам,Бауырларым,арине оз елим Казакстаным!
    9 жыл бұрын
    • Бұл өмірде шынайы бақыттың не екенін тек мұсылмандар ғана біледі деп ойлаймын. Иманның ләззатын тек мұсылмандар ғана сезеді ғой, сол себепті Аллах Тағалаға сансыз шүкірліктер айтамын!!!!
      Қалған адамдар да осы сезімді сезсе деп тілеймін!
      9 жыл бұрын