Білесің бе, Әлібектің Төлесін?!
Білесің бе, Әлібектің Төлесін?!
2 жыл бұрын 1047
Алма Түсіпбекова

Өзгелерден биік тұрған өр есім,

Рухыменен жанды нұрға бөлесін.

...Дүйім елден оза шапқан дарабоз

Білесің бе, Әлібектің Төлесін?!

 

Құдай сені жаратқан соң Төле ғып,

Басты парыз айтуыңыз төрелік.

Сөзіңізде салиқалы шешім де,

Өзіңізде өр мінезді өрелік.

 

Ажыратып асылды,      

Бар қазаққа бола білдің бас үлгі.

...Қайтер екен сәл өзгертіп атаса,

Төле емес, Төбе би деп атыңды?

 

Өткен өмір, қасіреттен қажыған,

Әр сәтінен  мұңға толы саз ұғам.

...Ұлы жүздің ұлық тұтар биі едің,

Бар қазақтың мақтанышы  әз-ұлан.

 

Атасынан туған дара, ұл асып,

Әділеттің өзің едің құласы.

...Өткен күннің өзегінде қандай күй,

Дана тарих не дер екен, сұрашы.

 

Шерге толы шежіремен сырлассам,

Даналығың, даралығың – бір дастан.

...Ақылымен оза шапқан жүйрікке,

Басын иіп тұрды да көк аспан.

 

Толғай сөйлеп, ойға баттың тұңғиық,

Ел алдында мәртебеңіз тым биік.

(Зар заман-ай, мың құбылған күніге,

Жүрегіңе жіберердей мұң құйып).

0 пікір