Білесің бе?
Білесің бе?
2 жыл бұрын 1987
Ерлан Садуақасұлы

Білесің бе?

Кетерсің ау азғана өмір сүресің де!

Дүние үшін қуатты күш – жігерің,

Қу нәпсіңмен қауқарсыз күресуге!

 

Ақыр заман!

Боларын Құран Кәрім мақұлдаған!

Ақыреттік істерден аянбайды,

Кеудесінде иманы бар ақылды адам!

 

Күнәдан қаш!

Азаннан басқа әуенге құлақ қанбас!

Санамыз Алла барын ескермесе,

Қабірде Ғажап Нұрлы шырақ жанбас!

 

Бақида шын!

Көрерсің Ұлы Хақтың ақидасын!

Нәпсінің тұзағынан шығу мұңлы,

Торласа жанарыңның сақинасын!

 

Батылдығың!

Шынайы Жаратқанға жақындығың!

Иманменен тоғысады қас – қағымда,

Жүретін сара жолы ақылдының!

 

Шын ұғайық!

Мұсылманға  тек ар – иман, білім лайық!

Әз Мұстафа Пайғамбар үмметіміз,

Тура  жолдан адасып, жығылмайық!

0 пікір