Бәріне есеп бересің
Бәріне есеп бересің
2 жыл бұрын 2012
Ерлан Садуақасұлы

Алла Тағала кімді тура жолдан тайдырса, ол ешқашанда тура жол таба алмайды! Ал егер кімді тура жолға салса, ол ешқашанда адаспайды. (Хадис)

Адамды адам ететін де надан ететін де өзі ұстанған жолы! (Даналық кітабынан)

Адам - Патша, адам – құл!
Иманды ұқпас - надан, бұл!

Пенде есін жыймаса,
Оңалмайды – ау, заман бір!  

 

*** Бақидағы бақытым ***

Көру бақыт болар ма?
Ақиқатты көрмесең!
Пендеге бақ қонар ма?
Хақ жолына ермесе!
Жалған дүние алыстап,
Ұзаса да сенен тым.
Бірақ ажал сенімен,
Бір күндері өлерсің?!
Өлерсің де сұп-суық
Қабіріне келерсің,
Сонда бәлкім Тәңірдің,
Хақтығына сенерсің?!
Нәнкүр Мүнкәр періште,
Оралғанда жаныңа!
Жалғандағы ісіңнің,
Бәріне есеп бересің!
Рухын есеп алаңын,
Қарсы алады еріксіз!
Күнәһарлар азаптан,
Күй кешеді көріксіз!
Хақ бірлігін Тәңірдің
Ескермесем әттең-ай,
Қара бастың мәңгіге,
Азап құшып кеткені-ай!!!
Бір Аллаға аян рас!
Білмегендер оянбас?
Қияметтік хәл күйді,
Білген пенде аянбас!!!
Аянбайды расында
Ақиқатқа ұмтылып!
Жүрек Хаққа ашылса,
Иман кірер Нұр – тұнық!!!
Дінсіз жүрер ерігіп,
Ол ертеңін ойлай ма?
Мүмінде бар зор үміт,
Мәңгі бақыт сол жайда!!!
Құрсағынан ананың,
Пәк боп тудым жатырдан!
Қалай таза боламын?
Нәпсі уына батырған?
Иманы нық пендені
Періштемен Хақ сүйер
Құрметтеумен жер беті,
Бар тіршілік бас иер!!!
Тазалықтың пердесі,
Иман кәміл болғанда,
Хақтың мүмін пендесі,
Патша болар жалғанда!!!           

1 пікір