Адамдықтан жұрдай қылатын он нәрсе
Адамдықтан жұрдай қылатын он нәрсе
10 жыл бұрын 5597

Әй, бала, мейірімді бол! Жаратушы ие жанашырлығы мен мейірімділігі үшін Мұсаға пайғамбарлық берді. Әй, бала! Сен де жанашырлық пен мейірімділікті ұстан, сонда мәртебең биік болады. Жер бетіндегі барша мақұлықтарға мейіріммен қара!

Имам Ғазали

 

Өзіңнен ақыл сұрап келген кісіге «Мейірімді бол!» дегеннен артық не бар?!

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.)

 

Алланың құлдарына, мейірім, жанашырлықпен қара. Мейірім мен мейірбандығыңды бүкіл тіршілік иелеріне жай. «Мына шөпте жан бар дейсің бе, пайдасы жоқ қой» деме. Керісінше, сенің ақылыңнан тыс олардың пайдасы өте көп, әрі әр жаратылған нәрсенің қайыры бар. Әрбіріне Жаратушының мейірімімен қара.

Мұхиддин ибн Араби

 

Мына он нәрсе адамдықты айнытады: кекшілдік, ашу, тәкаппарлық, азғындық, ұрыс, сараңдық, әділетсіздік, адамдарды құрметтемеу, нашар мінез, мейірімсіздік.

Баязид Бистами

0 пікір