Абайдың кейбір өсиет сөздері
Абайдың кейбір өсиет сөздері
7 жыл бұрын 11006

 

  • Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
  • Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?
  • Егер де ісім өнсін десең, ретін тап.
  • Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады. Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды.
  • Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын – ағалар, артқы толқын – інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
  • Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық. Бақпен асқан патшадан, миымен асқан қара артық.
  • Тоқ тіленші – адам сайтаны, харекетсіз – сопы монтаны.
  • Жаман дос – көлеңке, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың.
  • Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
  •  Қайратсыз ашу – тұл, қайғысыз ақыл – тұл. Тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл.
  • Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің. Бағың өскен соң өзің ғана тілейсің.

 

0 пікір