Стамбулдан Меккеге. Османлылардың темір жол желісі (Фото)
Стамбулдан Меккеге. Османлылардың темір жол желісі (Фото)
5 жыл бұрын 3618

Әуе жолдары пайда болғанға дейін және автомобильдер ойлап табылғанға шейін, қасиетті жерлерге саяхаттау қажылар үшін өте ауыр процесс болды. Сол жылдардағы "Хижаз" теміржолының іске қосылуы бұл жағдайды өзгертуі керек еді.

Әзірлеушілердің идеясы бойынша, қажылардың Стамбұлдан Меккеге айтарлықтай оңай және тез жүруі үшін, жол Османлы империясының теміржол желісімен байланысты болуы керек тұғын. Ол кездегі мамандардың жоспары бойынша, отарбамен жүрілген жол бар жоғы бес күндей уақытты ғана алуы керек-тін.

Аталмыш жолдың құрылысы мұсылман үмбетінің әлі шекаралармен бөлінбей тұрған кездерде басталды. Ол кездерде қажылар ешбір рұқсат қағазсыз және ешқандай визасыз еркін жүре алатын.  

Сондай-ақ, «Хижаз темір жол желісі» османдықтардың Араб түбегіндегі әскери ықпалын күшейту үшін де қажет болғандығын атап өткен жөн. Қасиетті жерлерге сыртқы қауіп төнген жағдайда, Хижаз темір жолымен әскерилер қысқа мерзімде Мекке мен Мединені қорғауға өз күштерін жібере алар еді.

Төмендегі карталар Дамаск-Мекке бағытындағы темір жол желісін көрсетеді:

ottoman_map

railway_map

Бұл картада болса Османлы темір жолдарының ауқымды желісіне қосылған Хижаз темір жол магистралі көрсетілген:

османская железнодорожная сеть

 

Сұлтан Абдул Хамид II-нің бұйрығымен темір жол құрылысы 1900 жылы басталып, 1908 жылдың қыркүйегінде жұмысшылар Медине қаласына жетеді.

Төменде Медине қаласындағы теміржол вокзалының ашылуы кезіндегі түсірілген фотосурет:

Суреттің сол жағында – «Анбария» мешіті. Оң жақта – Медине қаласының теміржол вокзалы. Бүгінде бұл – музей   

madinah_opening

Теміржол ресми түрде 1913 жылы пайдалануға берілді. Дамаск сапардың басы болды. Оны қажылық жасаушылар, мемлекеттік қызметкерлер, саудагерлер және қалың жұртшылық белсенді түрде қолданды.

SONY DSC

 

Қажылар вагонның артқы жағында шай қайнатып отыр 

hajjis_tea
 

Сол кездегі вагонның ішкі кабинасы

кабина поезда хиджаз

«Хижаз» пойызындағы жолаушылар 

на доске

Темір жол станциялары Дамаск, Амман, Хайфа және Палестина сияқты ірі қалаларда да салынды:

Амман
Аммандағы «Хиджаз» станциясы (Иордания)

 

Дамаск
Дамаскідегі Хижаз теміржол вокзалы (Сирия)

 

Haifa
Хайфадағы (Палестина) «Хижаз» станциясы

Өкінішке орай, бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты «Хижаз» теміржол желісінің құрылысы соңына шейін аяқталмай, темір жол желісі Меккеге жете алмады.    

Араб көтерілісі кезінде арабтар ағылшындармен одақтасып, Османлы әскерлерінің қосымша күш жіберуіне жол бермеу үшін теміржол желісінің кейбір бөлігін қиратқан. Бұл жағдай «Лоуренс Аравийский» фильмінде анық көрсетіледі.

Арабское восстание
Суретте араб көтерілісшілері Файсал ибн Хусейннің басшылығымен темір жолды бомбалауға аттанып бара жатқандағы бейнесі (кейінірек Файсал ибн Хусейнді британдықтар Ирактың патшасы ретінде тағайындайды). 

 Бүгінде темір жол желісі мен кейбір паровоз қалдықтарын араб шөлдерінде кездестіруге болады:

хиджаз железнодорожные остатки

 

 

Хиджаз железнодорожный поезд

обломки поезда 

взорванный поезд

Ақыры Осман империясы құлап тынды, ал темір жол желісі толықтай жұмысын тоқтатты. Қажылардың өмірін жеңілдету үшін ойластырылған осындай керемет жоспардың күл-талқаны шыққаны өкінішті-ақ. Кім біледі, мүмкін бір күні «Хижаз» теміржолы желісі бүкіл мұсылман үмбетін осы аймақпен байланыстырушы дәнекер ретінде қайта қалпына келтірілетін де шығар.

 Дереккөз: alfarabinur.kz 
Орысшадан аударған: islam.kz  

0 пікір