Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге өзінің кедей күйінде жан тапсыруын Алладан сұрады?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) неге өзінің кедей күйінде жан тапсыруын Алладан сұрады?
3 жыл бұрын 8496

Әзіреті сахаба Әнәс ибн Мәлік былай деп әңгімелейді:

اللَّهمَّ أَحيِني مِسكينًا، وأَمِتْني مِسكينًا، واحشُرني في زُمرةِ المساكينِ يومَ القيامَةِ، فقالَت عائِشةُ: لِمَ يا رسولَ اللهِ؟ قال: إنَّهم يَدخُلون الجنَّةَ قبلَ أغنيائِهم بأربعين خريفًا، يا عَائشةُ، لا ترُدِّي المِسكينَ ولو بشِقِّ تَمرةٍ، يا عائشةُ، أحِبِّي المساكينَ، وقَرِّبيهم؛ فإنَّ اللهَ يقرِّبُكِ يومَ القيامَةِ.

«Алла елшісі (с.а.у. бір күні):

«Аллаһым мені кедей күйінше өмір сүрдір. Кедей күйімше жанымды ал. Және де қайта тірілер күні махшарда кедейлердің тобында тұрғыз» - (деп Аллаға жалбарынады). Сонда жұбайы Айша (радияллаһу анһа):

- Неге, уа Расулалла? – дейді. 

- Өйткені, олар (кедейлер) пейішке байлардан қырық жыл бұрын кіреді, - деп жауап береді Алла елшісі (с.а.у.).

Сосын әрі қарай сөзін жалғастырып: 

- Уа, Айша! Кедей-міскіннің бетін қайтарма, жарты құрма болса да бер! Уа, Айша! Кедей-міскіндерді жақсы көр және оларды өзіңе жақын тарт. Сонда, қиямет күні Алла Тағала сені де өзіне жақын тартатын болады», - деп өсиет етеді ғалейһис саләту уә сәлләм[1].


[1] Имам Тирмизи: «Сүнән». №2352 хадис. Сахих Хадис.

0 пікір