Ұмытшақтыққа қарсы оқылатын дұға
Ұмытшақтыққа қарсы оқылатын дұға
6 жыл бұрын 9911

Әзіреті Әлиден риуаят етілген, ұмытшақтыққа қарсы оқылатын дұғаны Пайғамбарымыз (с.а.у.) "Алла" есімімен бастап, былай жалғастыратын:

"Я, Алла! Я, Рахман! Жәлалың мен жамалыңның (ұлылық пен сұлулық) нұрының құрметі үшін Сенен кітабыңды маған үйреткенің сияқты есімде сақтауды және Өзің разы болатындай етіп оқуымды нәсіп ете көр!"

"Я, Алла! Я, Рахман! Сенен кітабыңмен көзімді нұрландыруыңды, онымен тілімді дамытуыңды, онымен жан дүниемнен қайғы-мұңды алып тастауыңды, көңілімді көтеруіңді және тұла бойымды тазалауыңды сұраймын. Өйткені ақиқатты табуда тек Сен ғана көмектесе аласың. Күш-қуат пен әрекет тек Алланың қалауымен ғана болады". 

0 пікір