Тарауих намазының ұзақтығы шаршатты ма?
Тарауих намазының ұзақтығы шаршатты ма?
2 жыл бұрын 2913 hanafi.kz

Тарауих - кез келген мұсылманның иманы толық оқуға жете бермейтін ұзақ әрі табандылықты қажет ететін намаз. Ол әсіресе, бес уақыт намазды күнделікті орындап жүрмеген жандарға қиын. Әйтсе де, Рамазан секілді мейірім мен кешірім айында сауабы мол тарауихты толық оқығанға не жетсін?! Сол себепті де тарауихтың ұзақтығынан қиналып, шаршап жүрген мұсылмандар қуат алсын деп, тарауих жөніндегі хадистер топтамасын ұсынып отырмыз:

  •  "Рамазанның түндерінде иманмен және Алланың сауабына үміт етіп намаздарын оқыған адамның алдыңғы күнәлары кешіріледі." (Бухари, Муслим)
  • "Ақиқатында, барлық намаздарды имаммен бірге ол кеткенге дейін оқыған адам түнімен намаз оқыған адамға тең." (Тирмизи, Әбу Да¬уд, Нәсәи)
  • "Егер бір пенде мешітке кірсе және оны онда ұстап тұрған нәрсе намазы болса, онда ол адам намазда болып есептеледі. Сендерден біреулерің намаз оқыған жерінен тұрып кетпейінше, періштелер оған: "Иә, Алла! Оны рақметіңе бөле, Иә, Алла! Оны кешіріп, жарылқа. Иә, Алла! Оның тәубесін қабыл ет", - деп тілейді. Және періштелердің оған жасайтын тілектері, ол адам сол отырысында біреуге азар беріп қоймайынша немесе дәретсіздікке тап болмайынша жалғаса береді" (Бухари, Муслим)

  • Саубан (р.а.) айтады: "Мен Пайғамбардан (с.а.у.) жәннатқа кіргізетін амал жайында сұрадым. Сонда ол айтты: "Көбірек сәжде ет. Өйткені Аллаға бір сәжде ететін болсаң, сол себепті Алла бір дәрежеге көтеріп, бір қатеңді өшіреді". (Муслим)

  •  "Намаздың ең жақсысы – оның барысында тік тұру (қиям) ұзақ (орындалатыны)" (Бухари, Тахауи)

  • "Қашан имам "Ғайрил-мағдуби алайһим уәладдаллин" деген кезде сендер де "әмин" деңдер, кімде-кімнің "әмин" деуі періштелердің "әмин" деуіне дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі." (Бухари)

  • "Имам (рукуғтан тіктеліп жатып) "Сәмиғаллаһу лиман хамидаһ" дегенде сендер де "Аллаһумма Раббәнә ләкәл хамд" деп, айтыңдар. Егер кім де кімнің сол айтқаны періштелердің айтқан сәтіне сәйкес келсе, оның өткен күнәлары кешіріледі" (Муслим, Тирмизи)

  • "Кімде-кім Алла Тағала кітабынан бір аятты тыңдайтын болса, оған екі сауап жазылады. Ал, кімде-кім Алла кітабынан бір аятты тиләуат ететін болса, оған (сол аят) қиямет күні бір нұр болды." (имам Ахмад)

 

ТАРАУИХ НАМАЗЫН ОҚЫМАУ КҮНƏ МА? 


 Тарауих намазы сүннет муаккада əрі оны орындау əділ халифалардың (хулафа рашидиин) əдетінде болған. Сондықтан тарауих намазын қандай да бір маңызды себепсіз тəрк ету күнə болады.    (Фатауа Дарул-Улуум Деобанд, 4/281)

0 пікір