Тамақ ішерде сүннет бойынша қалай отыру керек?
Тамақ ішерде сүннет бойынша қалай отыру керек?
5 жыл бұрын 6944
Абдусамат ҚАСЫМ

Пайғамбарымыздан бізге жеткен (с.а.у) үш түрлі отырыс үлгісі бар. Бұлар мұстахаб амалдар:

Жүрелеп отыру (Әл-Иқъа). Екі тізесін көтеріп бүгіп, арт жағын жерге тигізбей отыру (жамбасы жерге емес, өкшесіне тиетіндей отыру үлгісі). Сахих Муслимде келген бір хадисте сахаба Әнәс былай дейді: «Пайғамбарымыздың жүрелеп отырған күйі құрма жегенін көрдім»[1]. Мұның мәні, асқа отырғанда ыңғайланып, жайғасып отырмау. Жайғасып отырған кісі тамақты көп жейді. Ал ыңғайсыз отырған кісі тамақты одан гөрі аздау жейді.

Тізерлеп отыру (әл-Жәсия). Ибн Мәжәдан келген хадисте сахаба Абдулла ибн Ясир былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у) қойдың етін сыйға тарттым. Ол (с.а.у) тізерлеп отырып етті жей бастады. Бір бәдәуи Одан: «Мына отырысыңыз не?» – дегенде, Алла Елшісі: «Алла Тағала мені бірбеткей тәкәппар емес, жұмсақ құл етіп жаратты», – деп жауап берді[2].  

Оң тізесін көтеріп, сол аяғын жамбасына төсеп отыру[3].

Ал бір қолына сүйеніп отыру[4] және  жатып ішу[5], тіпті малдас құрып отырып ішу тамақты шектен тыс көп ішуге әкеп соғатындықтан ұнамсыз әрекет саналады[6].[7]. 

Сілтемелер:

1.Сахих Муслим, «Китабуль Әшриба», №2043-хадис.
2. Ибн Мәжә, «Китабуль Атғыма», №3263-хадис.
3. Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.
4. Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.
5. Мұхаммад ибн Ахмад, Ғаза-уль Әдәб: әл-Матлабу фи әдәбиль Әкли.
6. Алиуль Қари, Мирқат, «Китабуль Атғыма», №4168-хадис түсініктемесі.
7. Дегенмен, бұлай отыру күнә емес. Себебі, сахаба Абдулла ибн Аббас, Халид ибн Уәлид сынды сахабалардың жайғасып отырып ішкендігі деректерде айтылады. Әл-Асқалани, Фатхуль Бари, №5083-хадис түсіндірмесі.

0 пікір