Садақа берудің он пайдасы: бесеуі осы дүниеде, бесеуі о дүниеде
Садақа берудің он пайдасы: бесеуі осы дүниеде, бесеуі о дүниеде
4 жыл бұрын 14768
Тұрғын Нұғман

Ғұлама, фақиһ Әбу Ләйс әс-Самарқанди (м 911-985 ж.) былай дейді:

Аз болсын, көп болсын садақа беріп жүр. Шынында садақаның он пайдасы бар: Бесеуі осы дүниеде, бесеуі о дүниеде.

Бұ дүниедегі бес пайдасын айтар болсам:

  1. Мал-дүниесі тазарады. Пайғамбарымыз да (с.а.у.) айтқандай: «Назар аударыңдар! Сөзсіз сауда-саттыққа боссөзділік, орынсыз ант ішу және жалған сөз араласады. Сондықтан оны садақамен тазартып отырыңдар», - деген.
  2.  Бойы күнәдан тазарады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Олардың мал-дүниелерінен садақа (зекет) алып тұр, ол оларды (күнәдан) тазартып, оларға береке дарытсын» - дейді. («Тәубе» сүресі, 103 аят).
  3. Бәле-жаладан, ауру-сырқаудан аман болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Сырқаттықтарыңды садақамен емдеңдер!».
  4. Кедей-кепшіктерге, пақыр-міскіндерге қуаныш сыйлайды. Мүмін-мұсылман үшін ең абзал іс – адамдарға қуаныш сыйлау.
  5. Мал-дүниесіне береке кіріп, ризық-несібесін кеңейтеді. Құранда: «Алла үшін не жұмсасаңдар, Ол оның есесін береді», - делінген. («Сәбә» сүресі, 39 аят).

О дүниедегі бес пайдасы:

  1. (Махшардағы) қатты ыстықта сая болады.
  2. Есеп-қисабы жеңіл болады.
  3. Амал таразысында жақсылық жағы ауыр басатын болады.
  4. Сырат көпірінен тез өтеді.
  5. Пейіштегі мәртебесі артады[1]. 

[1] Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 232 бет. «Даруль Манар». Каир-Мысыр, 1995 ж.

0 пікір