Құрбан шалуға қатысты мәліметтер
Құрбан шалуға қатысты мәліметтер
2 жыл бұрын 4429

Құр­бан (араб ті­лін­де) – «жа­қын­дау» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы – Аллаһ Та­ға­ла­ның ри­за­шы­лы­ғы­на жа­қын­дау ниеті­мен құр­бан айт күн­де­рін­де ша­лы­на­тын ар­найы мал­дың аты.

 Құр­бан ша­лу­дың пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

а) Аллаһ Та­ға­ла­ның әмір­ле­рін орын­дау әр­дайым ри­за­шы­лы­ғы­на жа­қын­да­тып, ақы­рет­те сый-сыяпа­ты­на ке­нел­те­ді. Құр­бан ша­лу да Аллаһ Та­ға­ла­ның ар­найы әмі­рі бол­ған­дық­тан бұл әмір­ді ықы­лас­пен орын­даушы Раб­бы­сы­ның ри­за­шы­лы­ғы­на қауы­шып, ана дү­ниеде жү­зі­ жар­қын бо­лып, мол сауабы­на шо­ма­ры сөз­сіз. Пай­ғам­ба­ры­мыз ха­ди­сін­де бұл ақи­қат­ты бы­лай деп тү­сін­ді­ре­ді: «Адам ба­ла­сы құр­бан айт кү­нін­де (құр­бан ша­лып) қан ағы­зу­дан да сүйік­ті бас­қа іс­пен Аллаһ Та­ға­ла­ға жа­қын­да­ған емес. Қа­ны ағы­зыл­ған мал қия­мет кү­ні мүйіз­де­рі, тұяқ­та­ры жә­не жүн­де­рі­мен ке­ле­ді. Ағы­зыл­ған қан жер­ге там­бай жа­тып, Аллаһ Та­ға­ла­ның құ­зы­рын­да үл­кен ма­қам­ға же­те­ді. Сон­дық­тан құр­бан­да­рың­ды кө­ңіл ри­за­шы­лы­ғы­мен ша­лың­дар».[1]

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бас­қа ха­дис­те­рін­де Аллаһ ри­за­шы­лы­ғы үшін ша­лын­ған құр­бан­ның әр­бір қы­лы үшін сауап бар еке­нін бы­лай деп сүйін­ші­ле­ген: «Са­ха­ба­лар Ра­су­лі­міз­ге (с.а.у.):

– Уа, Аллаһ­тың Ел­ші­сі, құр­бан­дық де­ген не? – деп сұ­рақ қойды.

Құр­бан­дық – сен­дер­дің Иб­ра­һим (а.с.) ба­ба­ла­рың­ның сүн­не­ті, – де­ді.

Одан біз­ге қан­дай сауап бар?

Әр­бір тал қыл­шы­ғы үшін сауап ала­сың­дар.

Қой­дың жү­ні­нен ше?

Қой­дың жү­ні­нің әр­бір тал қыл­шы­ғы­на да сауап жа­зы­ла­ды».[2]

Шын­ды­ғын­да, Аллаһ Та­ға­ла біз­дің шал­ған құр­бан­да­ры­мыз­дың ағы­зыл­ған қа­ны­на не­ме­се еті­не мұқ­таж емес. Біз­дің шал­ған құр­бан­да­ры­мыз­дың еті не­ме­се қа­ны Аллаһ Та­ға­ла­ның құ­зы­ры­на жет­пейді. Бі­рақ біз­дің оның әмі­рін ләб­байк деп орын­дауы­мыз­да­ғы ықы­ла­сы­мыз бен ниеті­міз­дің Аллаһ Та­ға­ла­ға же­тіп, ри­за­шы­лы­ғы­на се­беп бо­ла­ры сөз­сіз. Бұл шын­дық­ты Құ­ран Кә­рім бы­лай деп баян­дайды: «Олар­дың (құр­бан мал­да­ры­ның) ет­те­рі де, қан­да­ры да Аллаһ Та­ға­ла­ға жет­пейді. Бі­рақ Оған сен­дер­дің та­қуа­лық­та­рың ға­на же­те­ді».[3]

ә) Құр­бан ша­лу – Иб­ра­һим пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (а.с.) жал­ға­сып ке­ле жат­қан сүн­нет. Иә, Иб­ра­һим пай­ғам­ба­ры­мыз (а.с.) Аллаһ Та­ға­ла­ға бер­ген сө­зін­де тұ­рып, бауыр еті ба­ла­сы Ис­майылды Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның жо­лын­да пи­да ете ала­тын­ды­ғын паш етіп, қиын сыннан өт­кен еді. Мі­не, құр­бан ша­лу сол бір ғиб­рат­ты оқи­ға­ның ұмы­тыл­мас кө­рі­ні­сі.

б) Адам ба­ла­сы құр­бан айтта құр­бан ша­лу ар­қы­лы Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­ның өзі­не бер­ген сан­сыз нығ­мет­те­рі­нің шү­кі­рін өтеп, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­лейді.

в) Ру­ха­ният­тан ал­шақ бол­ған мы­на ма­те­риал­дық дү­ние­нің қыс­па­ғын­да қа­лып, та­рық­қан іш­кі дү­ние­міз бен кө­кі­рек са­райы­мыз құр­бан айтта­ғы ша­лын­ған мал­дар­дың өзен­дей ақ­қан қан­да­рын әр-әр жер­ден көр­ген уа­қыт­та пси­хо­ло­гия­лық тұр­ғы­дан әсер­ле­ніп, бойын­да­ғы ауыр­лық­тан же­ңіл­деп, кө­кі­ре­гін­де­гі қайғы-қа­сі­ре­тін ұмы­тып, ада­ми та­би­ға­тын­да бо­ла­тын ыза, кек, дұш­пан­дық сияқ­ты се­зім­дер­ден ары­лып, өне бойы же­ңіл­деп, сер­гіп қа­ла­ды.

г) Жа­ра­ты­лы­сын­да өзім­шіл­дік, са­раң­дық сияқ­ты кей­бір жа­ман си­пат­тар­дың дә­не­гі бар жал­пы адам ба­ла­сы құр­бан айтта тек қа­на Аллаһ Та­ға­ла­ның ри­за­шы­лы­ғы үшін ке­дей бауыр­ла­ры­на жәр­дем бе­ру ар­қы­лы атал­мыш бо­лым­сыз си­пат­тар­дың дә­не­гі­нің тү­бін бал­та­мен шауып, оның ор­ны­на бойын­да­ғы бауыр­мал­дық, жо­март, кі­ші­пейіл сияқ­ты кә­міл­дік­тің бел­гі­сі са­на­ла­тын си­пат­тар дә­не­гі­нің өніп-өсіп, же­ті­луі үшін су се­бе­ді.

д) Дү­ние жү­зін­де жы­лы­на мил­лион­да­ған мал сойылу­да. Бі­рақ бұл сойыл­ған мал­дың ет­те­рі­нен көп­те­ген ке­дей-кеп­шік мақ­рұм қа­лу­да. Мі­не, құр­бан айтта осы ке­дей, жағ­дайы на­шар адам­дар­дың жү­зі­не күл­кі кі­ріп, шат­тық байра­ғы жел­бі­рейді. Бір адам­ның кө­ңі­лі­не шат­тық бе­ріп, жү­зі­не күл­кі кір­гі­зу қан­дай ба­қыт... Аллаһ Та­ға­ла ақы­рет­те бә­рі­міз­дің жү­зі­міз­ді жар­қын қы­лып, кө­ңі­лі­міз­ді шат­тан­дыр­сын! Әмин!

 

Құр­бан айтта құр­бан ша­лу­дың үкі­мі

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да құр­бан айтта ша­ма­сы жет­кен­дер­ге құр­бан ша­лу – уә­жіп.

Уә­жіп­ті­гі­нің дә­лел­де­рі:

Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран ­Кә­рім­де: «На­маз оқы жә­не құр­бан шал»[4] – деп, әмір етіп, құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гін біл­ді­ре­ді.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Кім­де-кім мүм­кін­ші­лі­гі бо­ла тұ­ра құр­бан шал­ма­са, біз­дің на­маз оқи­тын же­рі­міз­ге жа­қын­да­ма­сын!» – деп бұйыр­ған. Әри­не, бұн­дай қа­таң ес­кер­ту, кем де­ген­де, құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гін біл­дір­се ке­рек.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) «Құр­бан ша­лың­дар! Өйтке­ні ол Иб­ра­һим әке­ле­рің­нің сүн­не­ті», – деуі құр­бан ша­лу­дың уә­жіп­ті­гі­не те­ріс емес. Өйтке­ні «сүн­нет» жо­лы де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Яғ­ни, біз­ге уә­жіп бол­ған құр­бан ша­лу – Иб­ра­һим­нің (а.с.) жал­ға­са кел­ген жо­лы де­ген ма­ғы­на­ны мең­зейді.

 Құр­бан ша­лу кім­дер­ге уә­жіп?

Құр­бан ша­лу бел­гі­лі бір адам­ға уә­жіп бо­лу үшін тө­мен­де­гі шар­ттар ке­рек.

  1. Мұ­сыл­ман бо­лу
  2. Құр­бан айт уақы­тын­да жо­лаушы бол­мау
  3. Не­гіз­гі қа­жет­тер­ден тыс ни­сап мөл­ше­рін­де­гі қар­жы­ға ие бо­лу. Ни­сап мөл­ше­рі – 85 грамм ал­тын яки құ­ны­на тең ке­ле­тін ақ­ша. Зе­кет ғи­ба­да­ты сияқ­ты құр­бан­ның уә­жіп бо­луы үшін ни­сап мөл­ше­рі­не жет­кен мал­ға бір жыл то­лу шарт емес.

Құр­бан шал­ған уа­қыт­та мін­дет­ті түр­де ниет ету ке­рек. Өйтке­ні, мал­ды ғи­ба­дат үшін сояты­ны сияқ­ты, тек қа­на етін пайда­ла­ну үшін де союға бо­ла­ды.

 Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты

Құр­бан ша­лу­дың уақы­ты құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні айт на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, ай­тың үшін­ші кү­ні ақ­шам­ға аз уа­қыт қал­ған­ға дейін жал­ға­са­ды. Үзір се­беп­тер­ге байла­ныс­ты құр­бан айт на­ма­зы­на ба­ра ал­май қал­ған адам­ның, на­маз оқып бо­ла­тын­дай уа­қыт өт­кен­нен кейін құр­ба­нын ша­ла бе­руіне бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) құр­бан ша­лу­дың уақы­ты­на байла­ныс­ты бір­не­ше ха­дис риуаят етіл­ген. Бә­рә иб­ну А'зиб­тің риуаяты бойын­ша:

«Аллаһ­тың Ел­ші­сі (с.а.у.): «Біз­дің бұл күн­де ал­ғаш­қы жа­сай­тын ісі­міз на­маз оқу, со­сын қай­тып ке­ліп, құр­ба­ны­мыз­ды ша­лу. Кім осы­лай іс­те­се біз­дің сүн­не­ті­міз­ге ер­ге­ні. Ал кім­де-кім бұ­дан бұ­рын құр­ба­нын ша­ла­тын бол­са, бұл құр­ба­ны­ның от­ба­сы­на бе­ріл­ген ет­тен айыр­ма­шы­лы­ғы жоқ. Бұ­ның құр­бан бо­луы мүм­кін емес». Бас­қа бір ха­дис­те: «Кім­де-кім на­маз­дан бұ­рын құр­ба­нын шал­са, қайта­дан шал­сын», – деп, на­маз­дан бұ­рын ша­лын­ған мал­дың құр­бан­дық­қа есеп­тел­мейті­нін ес­кер­те­ді.

 Құр­бан­дық­қа ша­лу­ға бо­ла­тын мал­дар

Тек қа­на қой, еш­кі, сиыр жә­не түйе мал­да­рын ға­на құр­бан­дық­қа ша­лу­ға бо­ла­ды. Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын қой жә­не еш­кі кем де­ген­де бір жа­сар, сиыр екі жа­сар, түйе бес жа­сар бо­луы ке­рек. Ал­ты-же­ті ай­лық ке­пе қо­зы бір жа­сар қой сияқ­ты се­міз, ет­ті бол­са, құр­бан­дық­қа ша­лу­ға жа­райды. Қой мен еш­кі­нің ер­ке­гін, сиыр­дың ұр­ға­шы­сын ша­лу аб­зал.

Елік, ар­қар сияқ­ты аң­дар мен тауық, қо­раз, қаз, үй­рек сияқ­ты құс­тар құр­бан ре­тін­де сойыл­майды.

 Бі­рі­гіп құр­бан ша­лу

Қой не­ме­се еш­кі­ні тек қа­на бір адам құр­бан ре­тін­де ша­ла ала­ды. Ал сиыр не­ме­се түйені яғ­ни, ірі қа­ра­ны бір кі­сі­нің жал­ғыз өзі үшін ша­луына бо­ла­тын сияқ­ты же­ті кі­сі­ге ар­нап, ор­тақ ша­лу­ла­ры­на бо­ла­ды. Құр­бан­ды ор­тақ­та­сып шал­ған уа­қыт­та әр­бір адам құр­бан ша­лу ниеті­мен ор­тақ­та­суы ке­рек. Бір кі­сі құр­бан үшін, ал екін­ші бір кі­сі тек қа­на етін алу ниеті­мен ор­тақ­тас­са, ша­лын­ған мал бар­лық ор­тақ­тар үшін құр­бан бо­лып есеп­тел­мейді.

 Құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал­дар

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал ту­ра­сын­да: «Со­қыр­лы­ғы анық бел­гі­лі со­қыр, ауруы бел­гі­лі ауру­шаң, (жү­ре ал­май­тын­дай дә­ре­же­де) ақ­сақ­ты­ғы бел­гі­лі бол­ған ақ­сақ жә­не жі­лі­гі кө­рі­не­тін­дей өте арық мал­дар құр­бан­дық­қа жа­ра­майды»,[5] – де­ген.

Ха­на­фи мәз­һа­бы­ның ға­лым­да­ры ха­дис­те ай­тыл­ған құр­бан­дық­қа жа­ра­май­тын мал­дар­да­ғы кем­ші­лік­тер­ге қиас (са­лыс­ты­ру) жо­лы­мен бас­қа да кем­ші­лік­тер­ді қос­қан. Ол кем­ші­лік­тер мы­на­лар:

  • Бір кө­зі со­қыр
  • Сойыла­тын жер­ге же­те ал­май­тын дә­ре­же­де әл­сіз
  • Құ­ла­ғы не­ме­се құйры­ғы ту­ма­дан жоқ не­ме­се ба­сым бө­лі­гі ке­сіл­ген
  • Тіс­те­рі­нің кө­бі тү­сіп қал­ған
  • Ем­шек­те­рі­нің ба­сы жұ­лы­нып қал­ған
  • Бір мүйізі не­ме­се екеуі де тү­бі­нен сын­ған

Құр­бан ша­луы уә­жіп бол­ған кі­сі­нің құр­бан­дық ма­лын­да атал­мыш кем­ші­лік­тер­дің біреуі са­тып ал­ған­нан кейін пайда бол­са не­ме­се ал­ған ма­лы өліп қал­са, қайта­дан құр­бан­дық­қа жа­рай­тын мал са­тып алып ша­луы ке­рек. Ал өзі­не құр­бан ша­лу уә­жіп бол­ма­са да, сауап үшін ша­лу­ды ниет ет­кен ке­дей адам­ның са­тып ал­ған құр­ба­нын­да бір кем­ші­лік пайда бол­са, сол мал­ды ша­ла бе­ре­ді. Тіп­ті құр­бан ша­луы уә­жіп бол­ма­ған ке­дей адам, бойын­да кем­ші­лі­гі бар мал­ды са­тып алып, құр­бан ре­тін­де ша­луына бо­ла­ды. Өйтке­ні, ке­дей адам­ның шал­ған құр­бан­ды­ғы – нә­піл құр­бан. Нә­піл ғи­ба­дат­та ке­ші­рім бар.

 Құр­бан ша­лу­да өкіл­дік

Құр­бан­дық ма­лын мүм­кін­ші­лі­гі бол­са, мойны­на уә­жіп бол­ған адам­ның өзі шал­ға­ны аб­зал жә­не сауабы мол. Бі­рақ бас­қа бі­реуге өкіл­дік бе­руіне де бо­ла­ды. Құр­бан ша­луы уә­жіп кі­сі бас­қа бір адам­ды те­ле­фон ар­қы­лы не­мес хат сияқ­ты жол­дар­мен өзі­нің ор­ны­на бас­қа адам­ды өкіл ре­тін­де құр­бан ша­луы үшін та­ғайын­дай ала­ды. Өкіл­ге «ме­нің ор­ны­ма құр­бан алып, шал» деп ай­тыл­ған уа­қыт­та, өкіл сол адам­ның аты­на құр­бан алып ша­ла­ды. Хз. Әли­дің Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ор­ны­на өкіл ре­тін­де құр­бан шал­ға­ны жө­нін­де риуаят бар.

 Құр­бан ма­лы қа­лай ша­лы­на­ды?

Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын мал­ды қи­на­мау үшін, өт­кір пы­шақ қол­да­ну ке­рек. Мал­ды сою үшін жер­ге жат­қыз­ған­нан кейін пы­шақ­ты көз ал­дын­да жа­лақ­та­тып, қайрау – мәк­рүһ. Ал, қи­на­май сою – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз бір ха­ди­сін­де бы­лай дейді: «Мал­ды бауыз­да­ған уа­қыт­та жақ­сы­лап бауыз­даң­дар. Кім­де-кім мал сойса, пы­ша­ғын жақ­сы­лап қайра­сын жә­не те­зі­рек бауыз­дап мал­ды ра­ха­ты­на қауыш­тыр­сын».[6]

Құр­бан ре­тін­де ша­лы­на­тын мал құ­бы­ла­ға қа­ра­та жат­қы­зы­лып, дұ­ға ре­тін­де мы­на аят оқы­ла­ды:

{إنَّ صَلاتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِي لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ لا شَرِيكَ لَهُ}

«Ин­на са­ла­ти уа ну­су­ки уа махиаиа уа мә­мә­ти лилләһи Раб­бил 'ала­ми­на лә шә­ри­ка ләһ».[7] «Кү­мән­сіз ме­нің на­ма­зым жә­не бас­қа ғи­ба­дат­та­рым, өмі­рім де, өлі­мім де бү­кіл әлем­дер­дің Раб­бы Аллаһ үшін. Оның еш се­рі­гі жоқ».Одан кейін:

{ألله ُ أكْبَرُ, ألله ُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ, ألله ُأكْبَرُ وَلِلَََّهِ الْحَمْدُ}

 «Аллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар лә ила­һа ил­лал­ла­һу, уАллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар уа лил­ла­һил-хамд» – деп, тәк­бір ай­тып, «Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар» – деп бауыз­да­ла­ды. Тек қа­на құр­бан­ның иесі­нің ға­на «Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар» – деуі жет­кі­лік­ті емес. Құр­бан­ды бауыз­да­ған адам да «Бис­мил­ла­һи, Аллаһу әк­бар» – деуі ке­рек. Әдейі ұмыт­пас­тан «Бис­мил­лаһ» деп айтпа­са, құр­бан­ның етін жеуге бол­майды. Өйтке­ні, Аллаһ­тың аты айты­лып, бауыз­дал­ма­ған мал­дың етін жеу – ха­рам. Құр­бан­ның иесі құр­бан­ды бауыз­дайын деп жат­қан қа­сап­тың қо­лы­ның үс­ті­не қо­лын қойып, бір­ге бауыз­да­са, екеуі­нің де «Бис­мил­лаһ» деп айту­ла­ры ке­рек.

Сойыла­тын мал құр­бан ниеті­мен бауыз­да­лу ке­рек. Мал­дың жа­ны шық­қан­нан кейін ба­рып қа­на те­рі­сі сы­пы­ры­ла­ды. Жа­ны шық­пай жа­тып ба­сын ке­сіп алып тас­тау не­ме­се те­рі­сін сы­пы­ру–мәк­рүһ.

 Құр­бан­дық­қа ша­лын­ған мал­дың еті мен те­рі­сі

Бай бол­сын, ке­дей бол­сын құр­бан айтта шал­ған құр­бан­ды­ғы­ның етін жеуіне бо­ла­ды. Құр­бан­дық­қа ша­лын­ған мал­дың етін үш бө­лік­ке бө­ліп та­ра­ту – мұс­та­хап. Бір бө­лі­гі – ту­ған-туыс, көр­ші­ле­рі­не бай бол­са да сыйға тар­ты­ла­ды, екін­ші бө­лі­гі – ке­дей жә­не мұқ­таж адам­дар­ға, үшін­ші бө­лі­гі – өзі­нің от­ба­сы­на, ба­ла-ша­ға­сы­на бе­рі­ле­ді. Бі­рақ ша­лын­ған мал­ды тү­гел­дей ке­дей-мұқ­таж­дар­ға та­ра­ту­ға бо­ла­ты­ны сияқ­ты, тү­гел­дей өзі­нің от­ба­сы­на қал­ды­ра ала­ды.

Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран Кә­рім­де құр­бан­ның еті ту­ра­сын­да бы­лай дейді: «Құр­бан­ның еті­нен өз­де­рің жең­дер әрі міс­кін­дер мен ке­дей­лер­ге же­гі­зің­дер».[8]

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) шал­ған құр­ба­ны­ның етін қа­лай та­рат­қан­ды­ғы ту­ра­сын­да Иб­ну Аб­бас бы­лай деп риуаят ет­ті: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) шал­ған құр­бан­ды­ғы­ның үш­тен бі­рін – от­ба­сы­на, үш­тен бі­рін ке­дей көр­ші­ле­рі­не, қал­ған үш­тен бі­рін са­да­қа ре­тін­де та­ра­та­тын».

Уә­жіп бол­сын, нә­піл бол­сын құр­бан­дық­қа ша­лын­ған мал­дың етін, те­рі­сін, си­рақ-ба­сын жә­не сү­тін са­ту – мәк­рүһ. Құр­бан ма­лы­ның атал­мыш бөл­шек­те­рі са­тыл­ған жағ­дайда құ­ны ке­дей­лер­ге са­да­қа ре­тін­де бе­рі­ле­ді. Құр­бан­ға ша­лын­ған мал­дың еш­қан­дай бөл­ше­гі­нен қа­сап­тың ақы­сы ре­тін­де тө­леуге бол­майды.

Хз. Әли­дің бы­лай де­ге­ні риуаят етіл­ді: «Аллаһ­тың Ел­ші­сі (с.а.у.) түйе­лер құр­бан­дық­қа ша­лын­ған уа­қыт­та ба­сын­да тұ­руым­ды жә­не те­рі­ле­рі мен жүн­де­рін та­ра­туым­ды әмір ет­ті. Олар­дың еш­бір нәр­се­сін қа­сап ақы­сы ре­тін­де бе­ру­ге ма­ған тыйым сал­ды. «Қа­сап ақы­сын біз өзі­міз бе­ре­міз», – де­ді.[9]

Құр­бан­дық­қа ша­лын­ған мал­дың те­рі­сін ке­дей­лер­ге, қайы­рым­ды­лық қор­ла­ры­на бе­ру­ге бо­ла­ды.

 

Құр­бан­дық­қа ар­найы мал алып сой­май, ор­ны­на сол құр­бан­ның құ­нын ақ­ша­лай са­да­қа ре­тін­де ке­дей­лер­ге бе­ру­ге бо­ла ма?

Құр­бан­дық­та қан ағы­зу не­гіз бол­ған­дық­тан мал сойып, қан ағыз­ба­са, құр­бан­дық мін­де­ті мойны­нан түс­пейді.

 

Көз жұм­ған кі­сі үшін құр­бан ша­лу­ға бо­ла ма?

Өл­ген кі­сі өзі­нің аты­на құр­бан ша­лу­ды тап­сы­рып кет­пе­се де, сауа­бын өлі­ге ба­ғыш­тау ниеті­мен құр­бан айт күн­де­рін­де құр­бан ша­лу­ға бо­ла­ды. Шал­ған құр­ба­ны­ның еті­нен жеуіне рұқ­сат. Бі­рақ өлі­нің тап­сы­рып кет­кен өсие­тін орын­дау ниеті­мен шал­ған құр­ба­ны­ның еті­нен жеуге бол­майды. Етін то­лық са­да­қа ре­тін­де та­ра­ту ке­рек.

 ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ
М. Исаұлы
Қ. Жолдыбайұлы


[1] Тирмизи, Адахи,1.
[2] Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.
[3] Саффат, 37/107.
[4] Кәусар, 108/3.
[5] Тирмизи, Адахи,5.
[6] Муслим, Сайд,57.
[7] Анғам, 6/162.
[8] Хаж, 22/28.
[9] Муслим, Хаж,348.

0 пікір