Құран оқудың денсаулыққа пайдасы
Құран оқудың денсаулыққа пайдасы
8 жыл бұрын 9963
Бақытжан Өткелбаев

Таңертең аш қарынға бәсең дауыспен Құран оқу дене және рухтың саулығы жағынан өте пайдалы. Оқу кезінде бастағы жүйкенің тітіркенуі болады. Бұл миға жақсы бір массаж есебінде. Мидағы тамырлардың айналасына одан да жақсы әсер етеді. Бәсең дауыспен және ыңғайлы бір ырғақпен Құран оқу жұтқыншақтағы дыбыстық пернелерді тәрбиелейді, күшейтеді, жұтқыншақ гимнастикасы есебінде болады. Күн сайын осылайша Құран оқуға үйренгендердің дауыстары қарттық кезеңде де бұзылмайды. Рухқа берген рахаттық әсері миға жақын болған гипофиз безінің одан да жақсы жұмыс істеуіне себепші болады. Өзге бездер де осылайша керемет бір халге енеді. Сөйтіп денсаулыққа зор пайдасын тигізеді. Адамның пессимистігін кетіріп, денеге қуаттылық пен рахат береді.

Адамды жаратқан мен Құранды жіберген бір құдірет болғандықтан дененің түрлі сырларымен қатар түрлі жұмбақ сырларға толы болғаны енді белгілі бола бастады. Алла Құран әріптерін дыбыстық кейіпке түсіріп, жүрек пен миымызды материалдық және рухани жағынан таусылмас қазына түрінде әзірлеген.

Құран – адамзаттың тәрбиешісі. Құранның негізгі мақсаты адам баласының жан-тәнін кірден арылтып, рухына бақыттылық қанатын тағып жаннатқа лайық ету. Асылында Құраннан тәлім-тәрбие алған адам рухының бұл дүниесі де жәннат. Өйткені адамның психологиясы мен болмысын тәрбиелеуде ең жақсы әдісті адамды жоқтан бар еткен ғана біледі. Құран жаратушының адамзаттың бақыты үшін елші арқылы жіберілген кітабы.

Дүниежүзіне кең тараған діннің бірі – Ислам. Ислам дінінің қасиетті кітабы араб тілінде басқа діни кітаптарға мүлдем ұқсамайтын жүйеде жазылған. Алла тағала Ислам дінінің қайнар бұлағы болған Құран арқылы бұл дүниеде бақытты болу үшін өмір қағидаларын үйретіп, о дүниелік жәннатқа қол жеткізудің жолдарын көрсетеді. Пайғамбарымызға ең бірінші түскен сүре «Оқы» деген мағынаны тасуда. Егер Құранның жолымен жүретін болсақ барлық мұсылмандар бірігіп ешқандай шайтанның азғыруына көнбестен иманды таза, өркениетті, дамыған мемлекет болар едік. Құранды Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар Таурат, Забур, Інжілді пайдалана отырып, ойдан шығарып жазған деген жалған пікірлерді қазіргі соңғы ғылыми жаңалықтар жоққа шығаруда. Дүние жүзінің атақты ғалымдары Құран Алла тағаланың сөзі екендігіне көздері жетуде. Француздың атақты хирургі ғалым доктор Морис Букей: «Құранды түсіну үшін, адамға энциклопедиялық білім керек. Ислам дінді де, ғылымды да бір бірінен ешқашан ажырата қарастырмағанына мен таң қаламын. Ғалымдар кейбір нақты ғылыми жетістіктерді тереңірек түсіндіру үшін Құранның аяттарына жүгінеді». Егер де біз Құранды көбірек оқитын болсақ жүректеріміз орнығып бір жақсы сезімге бөленеміз, әр оқыған әріпке сауап аламыз. Құран оқу бір ғибадат және Құранды оқыған кезде мына дүниенің ғалами сырлары баяндала түседі. Алла тағала жаратқан мақлұқаттарына сүйіспеншілігі есебінде Құран түсіріп, ненің харам және ненің халал екендігін қалай өмір сүру керектігін біз үшін жаратылған жер қойнауындағы және жер үстіндегі ғаламатты байлықтарды ісімізге және пайдамызға қалай асыру керектігін білімді талап ете отырып, ғылымның сарасына қалай жету керектігінің жолдарына меңзейді.

 

1 пікір