Қиыншылықтар кезінде мұсылмандарға арналған 10 кеңес
Қиыншылықтар кезінде мұсылмандарға арналған 10 кеңес
6 жыл бұрын 4498 islam.com.ua pubex.pro
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Бүгінгі мұсылмандардың жағдайы табиғи түрде үмітсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Жүздеген мың соғыс, аштық, геноцид, қысымшылықтан қаза тапқандар қаншама, алайда біз ақиқатты және оның таралуын сақтау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Құран Кәрім мен сүннет бізге қиыншылық кезеңінде мұсылман үмметіне қалай көмектесуге кеңес береді.

1. Аллаға үміт арт. Алла күткен нәрсені бақылап, адамның күтпеген жерінен көмек береді. Әрі ешқандай «ұлы» күш оны жеңе алмайды.

2. Алла Тағаланы еске ал. Ибн Аббас былай дейді: «Алланы еске алыңдар, сонда өздеріңнен бұрын Оны таба аласыздар. Егер барлық адамдар сендерге зиян келтіруі үшін жиналса да, олар сендерге Алла тағайындаған нәрселерге ғана зиянын тигізеді».

3. Дұға оқыңыз. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Дұға - мүміннің қаруы», - деген. Палестинадағы, Сириядағы, Мьянмадағы қысымнан зардап шеккен мұсылмандар үшін дұға етіңіз. Алладан олардың азаптарының жеңілдетуін сұраңыз. Отбасының барлық мүшелері дұға оқитын болсын.

4.Мүліктен үлес берілсін. Садақаны қысымшылыққа ұшыраған сол мұсылмандардың атынан беріңіз. Ең болмағанда бір нан немесе бір бөтелке сүт болсын. Күнделікті өмірде артықшылықтан аулақ болыңыз, тамақпен, киім-кешекпен мұқтаж жандар үшін пайдаңызды тигізіңіз.

5. Қосымша ғибадатқа назар аударыңыз. Қасиетті хадисте Алла қосымша ғибадатқа назар аударатын адам туралы былай дейді: «... және ол Мен туралы сұраса, мен оған беремін».

6. Ораза ұстаңыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Алла үшеудің арасынан «ораза ұстағанның дұғасын» қабыл алатындығын түсіндірген.

7. Ақпараттық кеңістікте белсенді болыңыз. Әлемде болып жатқан оқиғалар туралы басқаларды хабардар ету. Адамдарға мұсылмандардың мәселелері туралы білдіріп, үмметтің бір бөлігі болу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай деген: «Үмметтің істеріне көңіл бөлмеген адам, одан (ол үмметтен) емес».

Ислам туралы жалған сөздерді жоққа шығарыңыз, өйткені «әрбір мұсылман исламға бағдарланған, бағынады», сондықтан өз дініңізге зұлымдықты кіргізбейтін қуатты қорған, берік есік болыңыз!

8. Пайғамбарлардың дұғалары арқылы Алладан көмек сұраңыз: «Хасбу-на Ллаху уа ни’амаль уакиль» (Алла біз үшін жеткілікті, ол - ең жақсы сақтаушы), «Лә иләһа иллә Анта, сүбхана-кә инни кунту мин аз-залимин» «Алла Тағала, Сенен басқа тәңір жоқ, Сен-құдіреттісің! Шындығында, мен залымдардың бірі болдым».

9. Дәуіт пен Жалуттың тарих сабақтарын есте сақтаңыз:«Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлылармен бірге» деді. Олар Жалұт және жауынгерлерімен қарсыласқан сәтте: «Раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!»,- деді (Құран, Бақара, 2:249-250).

10. Уайымдамаңыз! Раббыңның мейірімі зор, ал оның сыйлығы одан да шексіз. Қарсыластар мен соғыстардың құрбаны болған бауырластарыңызды көрсеңіз де, уайымдамаңыз. Абдулла ибн Масғудтың хадистерінде Алланың Елшісі (с.а.у.) былай деп айтқанын жеткізді:

  «Шындығында, шейіт болғандардың жандары Тақтың астындағы шамдары бар жасыл құстардың ішінде болады. Олар жәннаттың қалаған жерінде қоректенеді, содан кейін осы шамдарға оралады. Бір күні олардың Раббы оларға қарап: «Сендер бір нәрсе қалайсыңдар ма?», - деп сұрайды. Шейіт болғандар: «Біз тағы қандай тілек айта аламыз? Өйткені, біз жұмақтың қалаған жерінде ішіп-жеудеміз», - деп жауап қатады. Алла олардан үш рет сұрайды және жәннаттықтардың әрқайсысы: «Жаратушы Иеміз, біз сол дүниеге қайта оралып, сенің жолыңда тағы бір рет өлтірілуіміз үшін жанымызды тәнге қайтаруды қалаймыз», - дейді. Ол жәннаттықтардың ешқандай қажеттіліктері жоқ екенін көргенде, оларды қалдырады». 

0 пікір