Қиындыққа кезіккенде алға жылжудың 9 тәсілі
Қиындыққа кезіккенде алға жылжудың 9 тәсілі
5 жыл бұрын 4379 islamua.net
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Кейбір кезеңде уақыт өткен сайын өзімізді жайсыз, құздан құлағандай күйде сезінетіміз анық. Өмірге қарайтын объектив кенеттен өзгереді. Өзімізді әлсіз әрі жабырқаңқы сезінеміз. Ауру  соншалықты күшті болуы мүмкін, ол бізді Жаратушы Алладан алыстатады.

Сіз дұға етуді жалғастырасыз, бірақ рух пен концентрация қайғылы және өмірлік энергияның жетіспеушілігіне  байланысты нөлге тең болады.

Қиындыққа кезіккенде қалай алға жылжу керек?

Бұл мақала депрессияға ұшыраған әрі одан шығу  жолдарын іздеп жүрген барлық адамдарға арналған.

 1. Бұл уақытша екендігін есте ұстаңыз.

Көңіл-күйдің түскен немесе депрессияның ең үлкен тұзағы - бұл сізге  ешқашан аяқталмайтындай көрінеді. Мазасыз ойлар, ауырсыну және көңілсіздік, жабырқау тірлік кейде мәңгілік сияқты сезіледі. Алайда барлық осы жағымсыз нәрселердің шайтаннан екендігін түсініңіз, сондықтан ешқашан  үмітсізденбеңіз.

Қазір сезінген қиындық пен ауырсынудың уақытша екендігіне сеніңіз, сонда Алла сізге осы ауыртпалықтан шығуға сөзсіз жол көрсетеді. Мұны бір қағазға жазыңыз немесе қатты дауыстап айтыңыз, сонда оң көзқарастың қаншалықты қабілетті екенін көресіз. Бұған тіпті мүлдем сенбесеңіз де, әрқашан өзіңізді депрессияға ұшыраған кезде қайталаңыз. Жағымды ой мен өмірге деген оң көзқарас осы қараңғы күндерде Алланың жәрдемімен сіздің  күшті болуыңызға көмектеседі.

2.  Бұл жағдайға ауа райы сияқты қараңыз.

Егер көшеде жүрсеңіз, сол сәтте дауылдың тұра бастағанын білсеңіз, не істейсіз? Шынында, жаңбыр мен желдің астында қалып, жай ғана тұрып, жаңбырдың денсаулығыңыз бен мүліктеріңізді бұзуына жол бересіз бе? Өзіңізді жазалайды әрі біреу келіп  құтқарады деп ойлайсыз ба? Менің ойымша, сіз, керісінше, өзіңізді барынша қорғауға тырысасыз, жаңбырдан келетін зиянды төмендетуге тырысып, барлық қажетті шараларды қолданасыз. Өзіңіздің  осындай нашар көңіл күйіңізді ауа райы сияқты емдеңіз. Сіздің көңіл күйіңізді өзгерте отырып, ол сізге мотивациялық үзіліс береді.

Кез келген жағдай ауа райы сияқты өткінші, бір сәтте  өтетінін түсінесіз. Сіз жаңбыр немесе қардың астында қалғанда, өзіңізді қорғау үшін тиімді қадамдар жасайсыз. Көшеде ауа райы нашар болған кезде барлық тіршілігіңізді тоқтатпайтындығыз белгілі, сондықтан жаман көңіл күйдің  ықпалына түсіп, үмітсіздікке салынып, құздан құламаңыз, өміріңізді құртпаңыз.

 3.Төменгі көңіл-күй мен депрессияны шатастырмаңыз.

Өзіңізді «депрессияға ұшырадым» деп байбалам салу арқылы жайсыз көңіл күйіңізді одан ары түсірмеңіз. Бұл жағдай таңқаларлық әрі өте ауыр болуы мүмкін, бірақ өзіңіздің сезіміңіз бен диагноздарыңыздың тең емес екен  есіңізде сақтаңыз. Сіз - Ұлы Жаратушының ең тамаша, саналы, керемет жаратылыстарының ең жақсысыз. "Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден қорек берді. Міне осы Алла, Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы" (Құран, 40: 64).

4. Өзіңізде бар нәрсеге көңіл аударыңыз.

  Көңілге салынған  жайсыздық пен шайтанның бастамалары сізді алдауы мүмкін, сонда  өз өміріңізде жақсылықтар аз деп ойлайсыз. Алайда, шын мәнінде, сізде өзіңіз қадірін білмей жатқан көптеген нығметтер мен жақсылықтар бар. Сол үшін  өзіңіздің қолыңызда бар нәрселерге назар аударыңыз, соларға қуана біліңіз.

Сіз айналаңызға қарап, берген  барлық нығметтері үшін Аллаға   ризашылық білдіре отырып,  барлығын  /тіпті бұл сөйлемді оқу қабілетін игергеніңізден бастап/ жазыңыз. Содан кейін күлімсіреп, Аллаға шүкіршілік етуге тырысыңыз.

5. Дайындалыңыз.

Мұсылманға сынақтардың сөзсіз болатынын түсінеміз: "Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!" (Құран, 2:155).

Ұлы Жаратушы бұл жайында бізге ескерткенін білгендіктен, біздерді шыңдай түсетін сынақтарға дайын болуымыз керек. Өзіңізді неге жайсыз, жабырқаңқы, ауыр сезінетіндігіңізді анықтаңыз. Мүмкіншілігіңізге қарай төменгі көңіл күйді реттеудің тиімді шараларын, бағыттарын қарастырыңыз. Өлімнен басқаға жол табылатындай, бұдан шығу, қорғану жолдарын іздеңіз. Мұсылман ретінде  өзіңіздің талпынысыңызда берік, табанды болыңыз. Депрессияға бұл қорғанды алуына жол бермеңіз. Сіздің әрбір күніңізге жоспарыңыз болу керек, тіпті көңіл күйіңіз болмаған сәтте де. Бұл дәріні керек кезінде қажеттілігіне орай қолданатын дәрі салатын қорапқа ұқсайды.  

6. Қайғы-мұңнан  бас тартыңыз.

Ауру, жарақаттан мүмкін құтылуға, қашуға болады, алайда бұл үшін қайғыға салыну міндетті емес. Депрессияны емдеуге әрекет жасай отырып, дерттің сізді "құл етуінен" бас тартыңыз. Пайдалы тамақтарды жеп, үзіліс жасаңыз, жақсы ұйықтап, көңіл күйіңізді бұзатын жағымсыз адамдарға жол бермеңіз.

Өзіңіздің ауыртпалығыңыздың астында қалмайтындығыңызды және Алланың жәрдемімен сіз қалаған өмірге жету үшін  барлық игі  мүмкіндікті жасаңыз. Содан кейін сөзіңізде тұру үшін белсенді қадамдар жасаңыз. Оң көзқарас ұстаңыз әрі күлімсіреуді ұмытпаңыз!

7. Күшті болыңыз

Депрессия мен жаман көңіл-күйдің сіздің өміріңізді  басқаруына  жол бермеңіз. «Дауыл» кезінде тыныштық сақтау үшін ұйымдасқан, тәртіпті өмір сүріңіз.

Қалпына келтіру кезінде қарқыныңызды реттей аласыз, бірақ теріс  ойлар мен жағымсыз сезімге жол  бермеңіз. Жаңбыр жауған кезде жолдар тайғақ болса, онда жолдар құрғақ, ауа райы жақсы болған күндегідей жылдам жүгіре алмайсыз ғой. Тіпті жағдай соншалықты мәнді болмаса да, өз-өзіңіздің «ең жақсы нұсқаңыз» болып қалуға тырысыңыз.

Күнделікті жоспарларыңызды барынша тиімді әрі тұрақты түрде орындаңыз. Егер жабырқаңқы көңіл күйіңіздің әсерінен есте сақтау қабілетіңіз әрі күш-қуатыңыз төмендесе, онда осы ресурстардың аз шығындарын қажет ететін нәрсені жасаңыз, мысалы, кір жуу, пәтерді тазалау немесе бақшадағы  жұмыс т.б.

Намазыңызды қадағалаңыз, шайтанның  сіздің дұғаңыздың жеткіліксіз екендігін сыбырлайтын азғыруын елемеңіз. Егер сіз күнделікті Құранның бірнеше бетін оқи алмасаңыз, кем дегенде бір бетін немесе тіпті бір жолын болса да оқыңыз.

Алла сізді алаңдататын нәрсені біледі, тіпті осы қиын сәттерде, ауырған кезде де оған ғибадат етесіз, ол сізді Жаратушыға одан сайын жақындата түседі.

8. Іс-әрекетке назар аударыңыз.

Сізге мұның бәрін не үшін жасайсыз деген ой келді ме? Сіз өзіңіздің тағдырыңыз үшін ғана жауап бересіз деген ойға келтіріп, сізді алдауға тырысатын шайтанның тағы бір соққысы.

Мұсылман ретінде біз жақсылыққа үміт артамыз, Ұлы Жаратушыға сүйене отырып, өзіміздің игі істерімізді жалғастырамыз. Сондықтан өзіңізге мақсат қойып, оған қол жеткізуге тырысыңыз. Жақсы сезім жақсы  әрекеттердің көрсеткіші емес. Тек өз жұмысыңызды орындаңыз  әрі нәтижені Аллаға қалдырыңыз, ол сізді  ешқашан ұмытпайды.

9. Өзіңізді жағымды сезіну үшін, оң, жағымды  әрекет етіңіз.

Сіз кейінірек  өзіңізді қалай сезінгіңіз, қалай болғыңыз келсе, қазір  сондай  жолмен әрекет етіңіз. Өмірге оң көзқараспен қараңыз. Өзіңізді оптимистік тұрғыдан қарастырыңыз. Сіздің өміріңізде қандай оқиғалар болмасын, оларды қайырлы деп санап, олардан оң, жағымды нәрсені іздеңіз. Бұл, әрине, тәжірибені талап етеді.

Кез келген нәрсе туралы шағымдана бермеңіз. Сіз жағымсыз жайттар жайында ойласаңыз да, оны дауыстап айтпасаңыз, ақырында, ол жөнінде ары қарай ойламайтын боласыз.  Егер айтып қойсаңыз, бірден жағымды нәрсе жайында айтыңыз. Теріс ойлау мен нашар мінез-құлықтың қатал шеңберін бұзыңыз.

Сіз жалғыз емессіз. Өмірде бәріміз боран мен құрғақшылыққа кезігеміз және олардан аман қалып, өмір жолымен  ары қарай  жүруіміз керек. Депрессия, өмірдегі басқа сынақтар сияқты, белгілі бір уақыт кезеңінде арқаға арқалайтын ыңғайсыз қапқа ұқсайды. Сізге бұл сөмкені беруші өзіңіздің қабілеттеріңізді біледі және жүрегіңіз көтере алмайтындай әлдеқайда көп нәрсе бермейді. Сондықтан Алладан көмек сұраңыз, әрекет етіңіз әрі қуатты болыңыз.  Алла Тағала Құранда былай дейді: "Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді"(Құран, 13:11).

Сіз ақиқатында, өзіңізді  өзгерту үшін белгілі бір игі қадамдар жасаған кезде, Алладан көп ұзамай қандай мүмкіндіктер мен сыйлықтар алатыныңызды көретін боласыз.

0 пікір