Пайда әкелмейтін 8 нәрсе
Пайда әкелмейтін 8 нәрсе
18 күн бұрын 5355 www.fondihlas.ru/
Аударған Меруерт Бақдәулетқызы

Өмір қайтып оралмайтын қас-қағым мезет, әрбір секунд өткен сайын біздің өміріміздің бір қайталанбас бөлшегі уақытпен бірге кетіп жатыр. Уақыттың ағымы да біздің пайдамызға шешілмейді. Ол тек біздің өмірімізді қысқартып, өткен сәтте пайдаланбаған мүмкіндіктерді қалдырады.

Алла Елшісінің (с.а.у) өміршең хадисінде: «Адам баласы қадірін білмейтін екі түрлі нығмет бар. Олар-денсаулық пен бос уақыт» деген. 

Қарбалас тіршіліктің толқынында кей кезеңдерде біз нені жоғалтып жатқанымызды және нені жоғалтатынымызды түсінбейміз.

1. Егер біз өмірде білімді тиісті жеріне қолданбасақ, білім жоғалады. «Біреу білім іздеп, үйден шықса, періштелер оған деген құрметпен оның жасаған істеріне разылық белгісі ретінде білім жолына түскен адамға қанатын жаяды». Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Амалдардың қабыл болуы әрі сауапты болуы ниетке байланысты. Кімде кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады», - деген«Шынында, даналық асыл құрметті арттырады және құлды патшаның деңгейіне көтереді». 

2. Іс-амал ықылассыз ниетпен жасалғанда мәнін, сауабын жоғалтады. «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты және әркім тек  өзінің ниет еткенін алады. Кімнің ниеті Алла мен оның Елшісіне арнап хижра еткен болса, ол адам Аллаға және оның Елшісіне қауышады, ал хижраны дүниелік  игіліктер немесе әйел алу үшін жасаса, ол адамның ниеті осының айналасында ғана болады».

3. Табысты, әл-ауқатты, ақшаны егер Алланың разылығына бөлейтін игілікті жерлерге жұмсамасақ, оның берекесі кетеді. Біз қаражатты, мәртебені, беделді осы өмір мен ақыретке пайда әкелмейтін нәрсеге жұмсаймыз. Бірде Пайғамбарымыздың сахабалары ауыр жұмыс істеп жатқан адамды көріп таң қалады. Олар: «Ол Құдай жолында көп еңбек еткен болса ғой!» - деп өзара сөз қылады. Сахабалардың сөзін естіген Алла Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Егер ол өзінің кішкентай балаларын  бағу үшін еңбек етіп жатса, оның еңбегі-Алла үшін. Егер ол адам қартайған ата-аналарын бағу үшін еңбек етсе, оның еңбегі-Алла үшін болмақ. Егер ол текке отырмай алып, өз қалауын бақылауға алса, онда оның еңбегі - Алла үшін. Алайда керісінше, ол өзін таныту әрі танымал болу үшін жасаса, онда ол шайтан үшін жұмыс істейді».

4. Жүрек Ұлы Жаратушыға деген махаббат пен сүйіспеншілікке толы болмаса, ол тыныштығынан ажыраған сәулесіз қараңғылық сияқты маңызы жоқ жылусыз жүрекке айналады. Жүрек төрт түрлі болады: екіжүзділік пен сенім қатар ұялаған  жүрек, егер өлім оның иесін осы екіжүзділіктен тапса, оның құрығаны, ал егер пенде сенімге, иманға көп орын берсе, ол құтқарылады; келесі жүрек төңкерілген жүрек, бұл-көп құдайға сенуші адамның жүрегі; келесі мөрленген жүрек, бұл-екіжүзді адамның жүрегі; тағы бір сипаттағы нұрланған жүрек, жарқырайтын ашық жүрек, бұл-мүміннің жүрегі, осы жүрек шамға ұқсайды: егер Алла оған мүмкіндік берсе, ол ризашылық білдіреді, егер сынаса, ол сабыр етеді».

5. Ұлы Жаратушыға ғибадатқа пайдаланбасақ,  біздің денеміздің пайдасы жоқ. «Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол сау (жақсы) болса, бүкіл дене сау (жақсы) болады. Егер ол ауырса (бұзылса), бүкіл дене ауырады (бұзылады). Ол – жүрек!» (Бұхари, Мүслим).

6. Махаббат егер Алланың разылығы үшін болмаса, бақыт пен береке әкелмейді. «Ізгі амалдардың ішіндегі ең  жақсысы-Алла үшін жақсы көру және Алла үшін жек көру». Демек, Алла ризалығы үшін ізгі істеріне қарай біреуді жақсы көру  және Алла ризалығы үшін жаман істеріне қарай  жек көру.

7. Ізгілікке, пайдалы амалға қолданбасақ, уақытымыз жоғалады, уақыттан зиян шегеміз. «Тіршілікте басқа нәрселер ауыстырмайынша, бес нәрсенің қадірін біл: өлім келмей тұрып, өмірдің қадірін біл, сырқаттанбай тұрып, денсаулықтың қадірін, кедейленбей тұрып, дәулеттің,  бос болмай тұрып, уақыттың қадірін ұғын, кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін біл!».

8. Егер жүрегімізді оятпасақ, ашпасақ, кірден тазаламасақ, Алланы еске алудың нығметін жоғалтамыз. «Сізден біреуіңіз күн сайын мың түрлі игілікті іс жасай аласыз ба?» Оның сұхбаттасушыларының бірі: «Қалай адам мың игі амалды күнделікті  істей алады?»,- деп сұрады (содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Ол мұны істей алады) Аллаға арнап тәулігіне жүз рет мақтау айтады, содан кейін оған мың ізгі амал жазылады (немесе одан мыңдаған қателіктер (ауыртпалық) жойылады». 

0 пікір