Отбасың мен мал-дүниең берекелі болуы үшін қандай дұға оқу керек?
Отбасың мен мал-дүниең берекелі болуы үшін қандай дұға оқу керек?
4 ай бұрын 15940

 Әнас ибн Мәлік (р.а.) айтады: «Умму Сулайм (р.а.) Расулуллаһқа (с.а.у.): «Я, Расулуллаһ! Сізге қызмет етіп жүрген Әнас (р.а.) үшін дұға етсеңіз», – деп өтініш еткенде, Расулуллаһ (с.а.у.): «Я, Алла тағала! Оның отбасы мен малын және оған берген нәрсені берекелі ете гөр!», – деп дұға етті».

 Дұғаның оқылуы: Аллаһумма! Әксир маләһу, уа уаләдаһу. Уа барик ләһу фима аътайтаһу.

Әнас ибн Мәлік (р.а.) 10 жыл бойында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызметінде болған сахаба. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әнас ибн Мәліктің (р.а.) ақысына еткен осы дұғаның себебінен Әнастың (р.а.) бауы жылына екі рет жеміс беретін. Әрі сахабалардың (р.а.) ішінде ұрпағы ең көп те Әнас (р.а.) болып, ол 100 жыл өмір сүрді. 

2 пікір