Оразаның пайдалары: Ора­за ырыс-бе­ре­ке­нің қа­ді­рін біл­ді­ре­ді
Оразаның пайдалары: Ора­за ырыс-бе­ре­ке­нің қа­ді­рін біл­ді­ре­ді
9 жыл бұрын 3886

Не­гі­зі адам ба­ла­сы өзі­не бе­ріл­ген нығ­мет пен ырыс-бе­ре­ке­нің қа­ді­рін бі­ле бер­мейді. Сый-сия­пат етіп бе­ріл­ген ырыс-бе­ре­ке­ні бейне бір те­гін дү­ние­дей тө­гіп-ша­ша­ды. Әр түр­лі тәт­ті та­ғам­дар­ды да бей­піл жей бер­ген соң, ауыз­дан дә­мі ке­тіп, бал бал бо­лу­дан қа­ла­ды. Мұн­дай күйге түс­кен кі­сі ешуа­қыт­та та­мақ­тың қа­ді­рін се­зе ал­майды. Ал адам ба­ла­сы ауыз бе­кі­тіп, кү­ні бойы аш жүргенде, та­ғам­ның Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның құ­лы­на жай­ған дас­тар­қа­нын­да­ғы үл­кен ырыс-бе­ре­ке­сі еке­нін аң­ға­ра­ды. Ол кү­ні бойы аш қа­лып, кеш­құ­рым ауыз аш­қан­да, аузы­на сал­ған қат­қан нан­ның да қан­ша­лық­ты қа­дір­лі екен­ді­гін се­зе­ді. Атам қа­зақ «Аш­тық­та іш­кен ашы­ған қы­мы­ран­ның дә­мі қы­рық жыл ауыз­дан кет­пес» деуі­нің сы­ры осын­да жа­тыр. Тоқ адам­ның дәл со­лай се­зуі әс­те мүм­кін емес. Мұн­дай қо­ғам­ның эко­но­ми­ка­сы да оңай­лық­пен құл­ды­ра­майды. Аш­тық­ты көп көр­ген­дік­тен атам қа­зақ­тың нан­ды қат­ты қа­дір­лей­тін­дік­те­рі де со­дан. Иә, аш­тық­ты сез­бе­ген, мас­тық­тан айыға ал­мас.

0 пікір