Ораза және сыршыл сезім
Ораза және сыршыл сезім
9 жыл бұрын 3074

Асқазан фабрикасының қызметкері көп-ақ. Әрбір қызметкердің өзіне тән құрал-жабдығы бар. Егер адам нәпсісі бір ай бойы күндізгі уақытта асқазанды тынықтырмаса асқазандағы қызметкерлердің жеке өзіндік құлшылықтарын атқаруына мүмкіндік бермеген болып табылады. Онда адамның басқа ағзалары да солардың ыңғайына көшіп, өзіндік негізгі міндеті құлшылықтарын ұмытады. Нәпсі оларды өз дегеніне көндіріп, айтқанымен жүргізген, оларға өз билігін үстем еткен болып есептеледі. Алайда олар да өз әлетінше Алла Тағалаға құлшылық етуге міндетті. Сол себепті көптеген әулиелер кемелдік шыңына жету үшін тақуалық жолды ұстанып, аз ішіп, аз жеуге қатаң көңіл бөлген. Ал, Рамазан айында асқазанның барлық қызметкерлері тек нәпсінің қалауын орындау үшін жаратылмағандықтарын ұғынады. Тек сол асқазан фабрикасына тән қызметкерлер емес екендігін сезінеді. Адамның басқа ағзалары да сол сәт Рамазанның періштедей пәктік қасиетінен ләззат алып, назарын бір сәт рухани тыныстауға, рухани жан-дүниенің байлығына назар аударады. Сол себепті мұсылмандар Рамазан айында өз дәрежелеріне қарай түрліше нұр шұғылаға кенеліп, түрліше рухани ләззат пен айран-асыр қуанышты бастан кешеді. Ол қасиетті айда ауыз бекіту арқылы жүрек пен рух, ақыл мен сана тазарып, адамның ең бір сыршыл сезімдері де асқақтап керемет тылсым күйге тап болады. Асқазан ашығып шиқылдаған сайын олар рухани кемелденіп биіктей түседі.

"Құлшылық құпиясы" кітабынан

0 пікір