"Константинопольдің құлауы" жайындағы хадис әлсіз ба?
"Константинопольдің құлауы" жайындағы хадис әлсіз ба?
2 жыл бұрын 2084 hanafi.kz

Жақында, ғаламтор желісінде «Назар аударыңыз! Ашарилер мен матурудилер қолданатын әлсіз хадис!» деген тақырыппен псевдосәләфилік парақшалардың бірінде жазба пайда болды (http://vk.com/manhazhassalafkz?w=wall-43465684_1663). Әлгі шағын жазбада «Константинополь алынады. Оны алған қолбасшы қандай керемет қолбасшы. Ал, оны алған әскер қандай керемет әскер!» деген хадисті талқылайды. Біз осы жазбамызда, олар айтып жатқан мәселе қаншалықты ақиқатқа жақын екендігін сөз ететін боламыз.

Алдымен хадиске тоқталсақ,

«Абдулла ибн Бишр әл-Ғунауи әкесінен естіген, ал әкесі Аллаһ елшісі Мұхаммадтан (оған Аллаһтың игiлiгi мен сәлемi болсын) естіген хадисінде: Аллаһ елшісі Мұхаммад (оған Аллаһтың игiлiгi мен сәлемi болсын): «Константинополь алынады. Оны алған қолбасшы қандай керемет қолбасшы. Ал, оны алған әскер қандай керемет әскер!» Ол айтады: "Сосын мені Маслама ибн Абду әл-Малик шақырып алып, хадис жайында сұрайды, сосын, Константинопольға шабуыл жасауға шешім қабылдайды".

 

БҰЛ ХАДИСТІ ЖЕТКІЗЕТІНДЕР:

- имам Ахмад "Муснад" (№18189)

- Хәкім "Әл-Мустадрак әлә Сахихайн" (№8300),

- Бухари "Тарих әл-Кабир" (№1760) .

- Имам Ибн Абдул-Бар "Әл-Истиаб" және т. б.

АЛЛАh ЕЛШІСІНЕН (оған Аллаһтың игiлiгi мен сәлемi болсын) БАСТАП ХАДИСТІ ЖЕТКІЗГЕН ХАБАРШЫЛАР:

(1) Сахаба Бишр Хас’ами (Ахмадта), немесе Бишр Ғанауи (Хәкімде), немесе Башир Хас’ами (Ибн Абдул-Баррда) Аллаh Елшісінен (оған Аллаһтың игiлiгi мен сәлемi болсын) хадисті жеткізген. Біреуі Хас'ами, екіншісі Ғаннауи деп атағанына қарамастан, бұл екеуі бір адам болып табылады.

(2) Бишрдің баласы табиғин Абдулла. Хадисті жеткізген дәл осы хабаршы Әлбәнида сенімсіздікті туғыздырды. Ол жайлы біз төменде талқылаймыз.

(3) Әл-Уәлид бин әл-Муғира әл-Мағафири. Әрі қарай Әхмәдқа дейін, әлде Хәкімге дейінгі хабаршыларды қарастырмасақ болады, себебі олар сенімді.

 

ХАДИСТІ ЖЕТКІЗГЕН ХАБАРШЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ (2) САХАБА БИШРДІҢ БАЛАСЫ АБДУЛЛА

Мен жазып кеткендей, хадисті жеткізген дәл осы хабаршы Әлбәнида сенімсіздікті туғыздырды, сондықтан, ол бұл хадисті сенімсіз деп айтты. Алайда, Абдулла бин Бишр сенімді хабаршы болып есептеледі одан Тирмизи мен Насаи хадистерді жеткізген, бұны Әлбәнидің өзі жоққа шығармайды. Себебі, мысалы Әлбәни "Сунан әт-Тирмизидің" ішіндегі иснады Абдулла бин Хас'ами болып табылатын хадисті сенімді деп айтқан. Міне Әлбәнидің кітабынан алынған мысал:

(7/438)صحيح وضعيف سنن الترمذي -

3438 حدثنا محمد بن عمر بن علي المقدمي حدثنا ابن أبي عدي عن شعبة عن عبد الله بن بشر الخثعمي عن أبي زرعة عن أبي هريرة قال كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا سافر فركب راحلته قال بإصبعه ومد شعبة إصبعه قال اللهم أنت الصاحب في السفر والخليفة في الأهل اللهم اصحبنا بنصحك واقلبنا بذمة اللهم ازو لنا الأرض وهون علينا السفر اللهم إني أعوذ بك من وعثاء السفر وكآبة المنقلب قال أبو عيسى كنت لا أعرف هذا إلا من حديث ابن أبي عدي حتى حدثني به سويد حدثنا سويد بن نصر حدثنا عبد الله ابن المبارك حدثنا شعبة بهذا الإسناد نحوه بمعناه قال أبو عيسى هذا حديث حسن غريب من حديث أبي هريرة لا نعرفه إلا من حديث شعبة .

تحقيق الألباني :

صحيح ، صحيح أبي داود(2339)

Әлбәни Константинополь жайлы хадисте қай дәлелге сүйеніп және неге ол (2) Абдулла бин Бишрды сенімсіз деп жазған. Әлбәни Константинополь жайлы хадистегі (2) Абдулла бин Бишрды, бұл біз айтып отырған одан Тирмизи мен Насаи хадистерді жеткізіп отырған Абдулла бин Башр емес деп үкім шығарған.

Ол кісі Ибн Хаджар Аскаланидің сөзіне сүйенген, ал Ибн Хаджар (2) Абдулла бин Бишр біздің хадисте айтылып кеткендей сол арқылы Тирмизи мен Насаи жеткзіп отырған, біз айтып отырған (2) Абдулла бин Бишр емес деп өз ойын білдірген.

Ибн Хаджар (2) Абдулла бин Бишр туралы былай деп жазған: (2) Абдулла бин Бишр Константинополь хадисіндегі әр жерлерде, әр турлі аталған ( бір жерінде оны Ғанауи деп, ал екінші жерінде Хасами деген). Алайда, Тирмизи мен Насаи хадистерді жеткзіп отырған Абдулла бин Бишрдің атында ондай айырмашылық жоқ. Ол Ибн Хаджардың шығарған үкімі болатын. Соған қоса, Ибн Хаждар бұл басқа Абдулла бин Бишр болған кездің өзінде де Ибн Хиббан хадисті сенімді деп үкім шығарғанын атайды.

Әлбәни қалай болсада бұл хадисті әлсіз деп үкім шығаруды мақсаттады. Себебі Константинопольды жаулаған адамның ой-өрісі Әлбәнидікіне сәйкес болмағандықтан ол осындай үкім шығарады:

Біріншіден, бұл Тирмизи мен Насаи жеткізіп отырған, бірақ өзі жоққа шығармаған хадистегі Абдулла ибн Бишр емес дейді.

Екіншіден , ол Ибн Хиббан хадистерді жеткізген хабаршылар сенімді деген сөзіне мән бермейді. Себебі, Ибн Хиббан белгісіз хабаршыларды да сенімді деп үкім қабылдайды деген сөздермен өз сөздерін ақтап отыр.

ЕНДІ ОСЫ ХАДИСТІ ӘЛСІЗГЕ ШЫҒАРУШЫ УАХАБИЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАУАП:

Біріншіден, біздің хадистегі Абдулла бин Бишр және Тирмизи мен Насаи хадистерін жеткізіп отырған Абдулла бин Бишр екеуі екі түрлі адамдар дегенге нақты ешбір дәлел жоқ. Бұл тек Ибн Хаджардың ойы.

Екіншіден, бұл солай болған жағдайда да Ибн Хиббан оны сенімді деп айтты және де осыны жоққа шығарған имамдар болмады.

Үшіншіден, біздің хадисте айтылған (2) Абдулла бин Бишрды сенімді хабаршы деп тек қана Ибн Хиббан айтпаған.

ХАБАРШЫ (2) АБДУЛЛА БИН БИШР КОНСТАНТИНОПОЛЬ ЖАЙЛЫ ХАДИСТЕГІ СЕНІМДІ ХАБАРШЫ ЕКЕНДІГІ ДӘЛЕЛ:

- Хафиз әл-Хайсами «Маджаму аз-Зауаид, 6/323» кітабында: «Бұл хабарды Ахмад, Баззар, Табарани жеткізді және оның хабаршылары сенімді»;

- Хәкім (321 - 405) – «Бұл хадис сенімді (сахих)»;

- Ибн Әбдул-Бар (368 - 463) «Хабаршылары сенімді (хасан)» "Әл-Истиаб" (1/250);

- Заһаби (673-748) Талхис кітабында хадисті «сенімді» деген;

- имам ас-Суюти (849 - 911) «Джамиу с-сағир», 7227» кітабында «хабар сенімді» (сахих).

- ал-Хайсами (735 - 807) «Хабаршылары сенімді (сиқат)»

Өздеріңіз көргендей, ғасырлар бойы белгілі мухаддистер бұл хадистерді сенімді деген және хабаршылыры да сенімді деген пікірмен барлығы бірауыздан келіскен. Және де, бұл хадистерді псевдосәләфилер аренаға шыққанға дейін ешкім әлсізге шығармаған. Сондай-ақ, әлгі уахабшылардың « осы хадисті жақсы (хасан) немесе сенімді (сахих) деп атаған кейбір имамдарға келер болсақ, олардың сөзі дәлел болмайды» деп осыншама мухадистердің пікірін «қоқысқа тастауы», өз пікірін дәлелдеу үшін ақиқатты бұрмалау екені айтпай-ақ та түсінікті. Сонымен бірге, олардың «джарх уа тағдил» саласында ойып тұрып орын алар беделді ғалымдар екені бізге мәлім.

Одан әрі, Ибн Хаджар Асқалани әшғари ақидасын ұстанушы ғалым екені белгілі. Қызығы, бұл жамағат көсемдері, қазіргі таңда әшғари-матуриди ақидасын «бидғат ақида» деп сипаттап, «бидғат иелерінен» ештеңе қабылдауға болмайды, тіпті саған мутауатир хадис әкелсе де қабылдама» деп ұрандатып жатқанда, әшғари ғалымының сөзін дәлел етіп ұстануы, негізі олардың өз ұстанымдарына қайшы болмақ.

Сондай-ақ, мына сілтемеде, шейх Әлбани туралы ғалымдардың пікірі келтірілген(http://www.azan.kz/islam/blog/id/2358.html)

Әлгі жазбаларының соңында уахабшылар «пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың, табиғиндер мен ұлы имамдарымыздың ешбірі матуруди болмаған» деген сөз келтірген. Бұл сөз негізінде,надан соқыр адамнан ғана естуге тұрарлық, алайда ілім талап етуші, шариғаттан хабары бар адамның аузынан шығатын сөз емес. Және бұл сөздер, псевдосәләфилердің түсінігі қаншалықты таяз екенін анықтап береді. Қарапайым мысал, пайғамбарымыз да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), бір де бір сахабада Әбу Ханифа мәзхабын ұстанып, ханафи болмаған немесе 4 мәзхаб біріне итағат етпеген. Алайда, ислам үмметі бұл мәзхабтарды әһлу сунна жолы деп біліп, өзіне тән алған. Сондай-ақ, бұл мәзхабтарды жоққа шығарушы адамдарды адасуда айыптаған. Неге? Себебі, бұл жолдардың Құран мен Сүннет шеңберіне сай екенін, шариғат мәселелерін жүйелеп, бірізді етіп түсіндіруші ислами бұлақтар екенін мұсылмандар білді. Ал енді келіп, ақида мәселелерін зерттеп, оны Құран мен сүннетке сай жүйелеп, әһлу сунна сенімін жалған фирқалардың күмәндарынан қорғаған имамдардың артынан бұлайша сөз сөйлеу ақиқат іздеген адам тарапынан күтілетін нәрселер емес. (Мына сілтемеде, имам Матуриди жайлы айтқан ғалымдардың пікірі http://hanafi.kz/maqala/34-bu-mansur-l-maturidi-zhne-ol-zhayly-aytylan-alymdardy-pkr.html)

Сонымен қатар, бұл пабликте жақында жарық көрген мына жазба да (http://vk.com/manhazhassalafkz?w=wall-43465684_1652), сопылар ханафи мәзхабы атынан «өлгендер естиді» деп айтады, осылайша әһлу суннаға қарсы болды деген пікір келтірген. Бұл мәселе үлкен, әрі кеңірек талқылауды қажет ететін тақырып болғандықтан, біздің қысқаша айтарымыз, олар бұл сөздерімен өз шейхтары Шейхул-Ислам ибн Тайимия мен Ибн Қаюм әл-Джаузиді, сондай-ақ Ибн Кәсир сынды үлкен ғұламаларды теріске шығарып жатқанын білсін!

Құрметті бауырлар!

Бұл жамағат өкілдерінің ақиқат таразысын өлшеуде жасап жатқан қитұрқы әрекеттерін көре отырып айтқымыз келетіні, олардан қандай да бір құжатты қабылдау алдында, ол мәселені тексеріп көруді және қайтара мәрте тексеруді, тағы тексеруін сұраймыз. Және бұл жолда ынталы болуға шақырамыз. Себебі, олардың ақиқатты бұрмалау да не жасыру да, сондай-ақ жала жабу да тартынбауы, осы амалды қажет етеді.

Сөз соңында,

Бүкіл Әлемдердің Раббысы Аллаһқа сансыз мақтаулар болсын!

Дерекөз: hanafi.kz

0 пікір